«Шура» сүресі, 25.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Күнәлардан тәубе келтірген кісі еш күнә жасамағандай болады »
44
,
– деп айтқан.
44
Ибн Мажа, 4250.
Бір хикаяда былай деп айтылады: бір кісі жасаған күнәларының бәрін бір дәптерге
жазып жүрді. Бір күні тағы бір жасаған күнәсін жазу үшін дәптерін ашты. Бірақ дәптерде
(күнәлары емес) төменгі аят жазылған екен:
«
Ол кімде-кім өкініш білдіріп, тәубеге келсе әрі иман келтіріп, (өзін һәм қауымды түзетуге бағытталған) игі істер істесе, оның жөні бөлек. Алла ондай жандардың жамандықтарын жақсылыққа (күнәларын сауапқа) айналдырады »
45
.
45
«Фурқан» сүресі, 70.
«
Иман келтіргендердің жүректері Алланың ұлы жолдауының (Құранның) һәм өздеріне түскен басқа да ақиқаттардың алдында тағзым етіп діріл қағатын һәм жұмсаратын (сөйтіп, Аллаға қалтқысыз мойынсұнатын) уақыт келмеді ме? »
46
46
«Хадид» сүресі, 16.
Сендерден бұрынғы кітап берілгендерге ұқсамаңдар. Уақыттың көп өтуімен олардың
жүрегі қатып қалған және олардың көбі күнәһарлар. Яғни ширкті иманға, зинаны
кешірімге, күнәні бейкүнәлікке және Аллаға мойынсұнуға алмастырып қояды.
Әзірет Омар Мәдинаның көшелерін аралап жүріп қойнына шарап қыстырып бара
жатқан жігітті жолықтырып қалады. Омар (р.а.): «Қойныңа не салып алғансың?» – деп
сұрайды. Жігіт шындықты айтқаннан ұялып, ішінен: «Уа, Жаратқан Алла! Мені әзірет
Омардың алдында ұятқа қалдыра көрме. Айыбымды жасыра көр. Бұдан кейін ешқашан
шарап ішпеймін», – деп жалбарынады. Содан соң Омарға қарап тұрып: «Мүминдердің
басшысы, бұл жай ғана уксус қой», – деп жауап береді. Әзірет Омар: «Қане, көрсетші»,
– деп сұрағанда, жігіт қойнындағыны оған береді. Тексеріп көрсе, шынымен уксус
болып шықты.
Мына пенденің басқа пендеден қорқып жасаған тәубесіне қараңдаршы. Шын
жүректен жасалған тәубенің құрметіне Алла Тағала шарапты уксусқа айналдырып
қойды.
Егерде күнә іс жасаған біреу жасаған күнәсіне өкініп, шын жүректен тәубе келтіретін
болса, Алла Тағала оның барлық күнәларын сауапқа айналдырып қояды.
Әбу Һурайра (р.а.) баяндайды: «Бір күні құптан намазын Пайғамбарымызбен бірге
оқығаннан кейін сыртқа шықтым. Жолда бара жатсам алдымнан бір әйел шығып:
– Әбу Һурайра, мен бір күнә жасап қойдым, тәубе жасасам қабыл бола ма? – деді.
– Қандай күнә жасадың? – дедім мен.
– Зина жасап, кейін сол зинадан туылған баламды өлтірдім.
– Сен құрыпсың. Анауың аз болғандай тағы бір жанның өмірін қиған екенсің. Енді
тәубе жасасаң да болмас деп, Алланың алдында ант ішемін, – дедім.
Мұны естіп әйел естен танып қалды. Ол туралы ойланып бара жатып өзімше:
«Арамызда Алла Елшісі (с.а.с.) тұрғанда, мен үкім шығара салыппын ғой», – деп дереу
қайтып барып, оқиғаны Пайғамбарымызға (с.а.с.) айтып бердім. Алла Елшісі былай
деді: «Өзің де күнәһар болдың, әйелді де құрдымға ұшыраттың. «