Имам ғазали жүректің сырлары


Олар бір- біріне өте мейірімді



Pdf көрінісі
бет42/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Олар бір-
біріне өте мейірімді
»
115
 
деп мақтаған. 
115
 
«Фатх» сүресі, 29. 
Олар мұсылмандарға және барлық жандыларға қайырымды. Тіпті мұсылман 
болмаған зиммилерге
116
 
де қайырымды. 
116
 
Мұсылман өлкесінде келісіммен өмір сүрген мұсылман емес жарандар. 
Әзірет Омар (р.а.) бір күні қартаң зиммидің әркімнің есігін қаққылап қайыр сұрап 
жүргенін көреді. Әзірет Омар оған жүрегі ауырып: 
– Кешір бауырым, біз саған ынсапты мәміле жасай алмаппыз. Жас, күш-қуатты 
кезіңде саған салық салып, тапқаныңнан үлес алушы едік. Енді осылай қартайғаныңда 
сондай ауыр жағдайға тастап қойыппыз, – деді. Содан соң Бәйтул Малдан
117
 
(мемлекет 
қазынасы) ол кісіге жәрдем берілуін бұйырды. 
117
 
Мұсылман өлкесінің мемлекеттік қазынасы. 
Әзірет Алиден төменгідей оқиға риуаят етілген: «Бір күні ертемен Омардың (р.а.) 
түйе мініп алып Абтах деген жерге жол тартып бара жатқанын көріп: 
– Уа, мүминдердің басшысы! Қайда бара жатырсың? – деп сұрадым. 
– Зекетке келген түйелерден біреу жоғалып кетіпті. Соны іздеп бара жатырмын, – 
деді ол. 
Оның жауабын естіп өзімше таңғалдым. 
– Уа, мүминдердің басшысы, сен өзіңнен кейін келетін халифаларды қиыншылыққа 
салдың ғой, – дедім. 
– Ей, Әбу Хасан, – деді ол сонда, – Мені айыптама. Мұхаммедті (с.а.с.) пайғамбар 
қылып жіберген Аллаға ант етейін, Евфрат (Тигр) дариясының бойынан бір қозы 
жоғалса, қиямет күні оның есебі Омардан сұралады ғой деп қорқам. Өйткені 
мұсылмандарды жаман жағдайға қалдырған және мүминдерді қорқытқан залым 
басшыларға бас июге болмайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Үмбетімнің алдыңғылары көп намаз оқып, ораза 
ұстағаны 
үшін 
емес, 
жүректерінің 
тазалығы, 
жомарттылығы 
және 
барша мұсылмандарға мейірімділігі үшін пейішке кіреді
», 
– деп айтқан. 
«
Қайырымдыларға Қайырымды Алла рақым қылады. Жер жүзіндегілерге 
қайырымды мәміле жасасаңдар, көктегілер де сендерге қайырымды мәміле 
жасайды
»
118

118
 
Әбу Дәуіт 4941; Тирмизи, 1924. 
«
Басқаларға қайырымды болмағандарға рақым қылынбайды. Басқаларды 
кешірмегендер кешірілмейді
». 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін риуаят етеді: 
«Сенің мойныңда мұсылмандардың төрт ақысы бар: 
1) Жақсыларына жәрдем бер. 
2) Күнәһарларының кешірілуін тіле. 
3) Ауруларын зиярат қыл. 
4) Тәубе жасағандарды сүй». 
Риуаяттарға қарағанда, әзірет Мұса Жаратқаннан: 


53 
– Уа, Жаратқан Ием! Қандай себептен кейін мені өзгеше пенде қатарына қабыл 
алдың? – деп сұрады. Алла Тағала оған: 
– Жаратқан нәрселеріме қайырымды болғаның үшін, – деп жауап берді. 
Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарда (р.а.) балалардың артынан жүріп, олар ұстаған 
құстарды сатып алып ұшырып жіберді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Мүминдер бір-бірін жақсы көріп, бір-біріне 
мейірімділік жасауда, бір-біріне көмектескенде бір дене сияқты. (Кісінің) бір жері 
ауырса ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің дертіне 
серіктес болады емес пе
».
119
 
119
 
Дайлами, Муснадул Фирдаус. 
Хикая 
Қайсыбір қатты ашаршылық жүрген қатал жылы Исраилұлдарынан бір тақуа кісі 
жолда бара жатып құм төмпешігін көреді де, ішінен: «Сол төбелер ұн болып
Исраилұлдарының қарны тойса ғой» деп ойланады. Сонда Алла Тағала 
Исраилұлдарының сол сәттегі пайғамбарына: 
– Пәленшеге «Сол құм төбелері ұн болып, елдің қарнын тойдырғаныңдай сансыз 
сауап таптың», – деп айтып қой, – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) да өз уақытында: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет