Сур үрленеді, сонда Алланың Өзі (сақтап қалуды) қалаған тіршілік иелерінен басқа күллі аспан әлеміндегі және жердегі бар тіршілік сұлық түскен бойда жан тапсырады. Содан кейін ол тағы бір рет үрленеді, сол-ақ екен, өлілердің барлығы қабірлерінен түрегеліп, (бір жағынан, аң-таң болысып, бір жағынан, енді не болар екен деп уайымға салынып) тікелерінен тік тұрған күйде жан-жақтарына жалтақтап, қараумен болады »
286
.
286
«Зумәр» сүресі, 68.
Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «
Маған пайғамбарлықберілгенде сырнай иесі келді. Ол сырнайды аузына ұстап, бір аяғын алға, бір аяғын артқа қойып, Сырнайды үрлеу бұйрығын күтіп тұрады. Сырнайды үрлеуінен қорқыңдар! »
Қабірлерінен тұрарда алғашқы естен танғандағы қорқыныштың әсерінен шыға
алмаған және өздері туралы жақсы үкім беріле ме не жаман үкім беріле ме, біле алмай
абыржып тұрған жандардың үмітсіздігін ойлап көрші. Олардың арасында болсаң сен
де не қыларыңды білмей сасып қалар едің. Тіпті жер жүзіндегі жандылардың ең
беделдісі болсаң да басқалар сияқты ауыр қиыншылықты басыңнан өткізесің. Жер
жүзіндегі патшалар сол күні бәрінен бейшара, бәрінен қор жағдайда болып, елдің
табанының астында қалады.
Сол кезде барлық жабайы жануарлар бастарын жерге салбыратып, басқа
жандылармен араласып, таулардан және шөлдерден Махшар алаңына бет алады.
Сырнайдың үні хайуанаттарды Махшарға айдап, бұрын адамзаттан қашып жүргенін
оларға ұмыттырады.
Алла Тағала бұл туралы былай дейді: «
Жыртқыш аңдар (қойдай иіріліп Алланың құзырына) жиналған кезде... »
287
287
«Тәкуир» сүресі, 5.
Сонда жағдайдың қорқынышын сезген қыңыр кәпірлер мен шайтандар есі шығып
қорқады. Олар Алланың бұл аятын растау ретінде көрінеді.
«