Имам ғазали жүректің сырлары


Күндердің күнінде (ғарасат майданына) барлық



Pdf көрінісі
бет84/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Күндердің күнінде (ғарасат майданына) барлық 
адамдарды өздері пір тұтқан пәруарларымен (рухани көсемдерімен) бірге 
шақырамыз. Кімде-кім (бұл дүниеде ақиқатқа бастайтын нағыз жолбасшыға ерсе 


114 
һәм соның нәтижесінде ақиретте) амал дәптерін оң жағынан алса, ондай 
бақытты жандар дәптерлерін қуана-қуана оқиды һәм игі істерінің қарымын алуға 
келгенде титтей де әділетсіздікке ұшырамайды
»
281

281
 
«Исра» сүресі, 71. 
«
Нәтижеде, кімнің амал дәптері оң жағынан берілсе, ол көңілі тасып: «Қане, 
келіңдер, оқыңдар! Мінеки, менің амал дәптерім!» «Шынтуайтында, мен (дүниеде 
істеген істерім жөнінде) есеп беретініме имандай сенген едім», – дейді. Ол енді 
көңіліне өте ұнайтын (мәңгілік бақытты) өмірге қадам басады. Сондай ғаламат 
жаннат бақшасында. Мәуелеген миуалары қол жетім жерде тұрады. (Онда оларға 
былай деп үн қатылады): «Өткен күндерде істеп, осы жерге жолдаған игі де 
сауапты істеріңнің қарымы ретінде тәбетпен ішіңдер, жеңдер, ас болсын!» Ал 
амал дәптері сол жағынан берілгенге келсек, былай деп аһ ұрады: «Әттең, маған 
амал дәптерім берілмей-ақ қойғанда ғой!
»
282
 
282
 
«Хаққа» сүресі, 19–25-аяттар. 
«
Жер алапат сілкініспен сілкінген кезде...Сондай-ақ жер қойнындағы бар жүкті 
сыртқа ақтарып тастағанда... Адам баласы: «Бұған не болды?» – деп зәре-құты 
қалмай шошыған кезде... Міне, сол күні Жер, үстінде бұрын-соңды болып өткен 
бар істің хабарын түп-түгел баяндайды. Өйткені Раббың оған бұларды (яғни, 
кімнің не істеп, не қойғанын) уахи арқылы білдіреді. Сол күні адамдар дүниедегі 
жақсы-жаман істерінің нәтижесі өздеріне көрсетілу үшін қабірлерінен шығып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет