Имам ғазали жүректің сырлары


Олар қызуы қатты жалынды отқа тасталып шыжғырылады. Оларға тек бұрқ-



Pdf көрінісі
бет97/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Олар қызуы қатты жалынды отқа тасталып шыжғырылады. Оларға тек бұрқ-
сарқ қайнаған қайнардан ғана су беріледі
»
329

329
 
«Ғашия» сүресі, 4-5. 
«
Өйткені Біздің дәргейімізде оларды сарыла күткен бұғаулар мен жалын атқан 
жаһаннам бар. Оған қоса, өңештен өтпей тұрып қалатын тағамдар мен жан 
төзгісіз азап бар
»
330

330
 
«Муззаммил» сүресі, 12-13. 
Ибн Аббастың (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«
Заққумның бір тамшысы дүниедегі теңіздерге төгілсе, барлық жандылардың 
денсаулығын бұзады. Енді жеген тамағы сол болғандардың жағдайын 
елестетіп қой
»
331

331
 
Тирмизи, 2585; Ахмад ибн Ханбал, 2730. 


129 
Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Алла сендерді 
қызықтырған нәрселердің артынан түсіңдер, сендерді қорқытқан азаптан, 
қинаудан және тозақтан қорқып қашыңдар. Егер сендер өмір сүрген дүниеге 
пейіштен бір тамшы түссе, жағымды иіс қаптап қалмақ. Ал енді дүниеге тозақтан 
бір тамшы түссе, дүниені түгел бүлдіреді
», 
– деген. 
Әбу 
Дарда 
(р.а.) 
риуаят 
еткені 
бойынша, 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): 
«
Тозақылар аштықтың азабын қатты тартады. Аштықтың бұл азабы олар 
тартқан азаптардың бүкіліне тең келеді. «Тамақ, тамақ» деп жалбарынғанда 
оларға қарын тойдырмаған, аштықты баспаған, көп қайнағанымен тойдырмаған 
тамақ беріледі
», 
– деген. 
Тағы «тамақ, тамақ» деп жалынғанда кеңірдектен өтпейтін бір нәрсе беріледі. Фәни 
өмірде кеңірдегіне тығылған тамақты сусынмен ары өткізгенін еске алып, «Су, су», – 
дейді. Сонда оларға сусынның орнына қайнаған су беріледі. Ауыздарына жақындатса, 
жүздерін күйдіреді, тамағынан ары өтуімен ішек-қарнын талқандайды». «Бізге тозақтың 
күзетшілерін шақырыңдар!» – деп жалбарады. Күзетшілер келгенде, оларға: 
«Жаратқан Иелеріңе дұға қылыңдар, азапты бір күнге жеңілдетсін», – дейді. Тозақ 
күзетшілері: «Сендерге ашық-айқын дәлелдерімен пайғамбарларың келмеді ме?» – 
деп сұрайды. Тозақылар: «Келді», – дейді. Сонда күзетшілер: «Онда Аллаға өздерің 
дұға қылыңдар. Бірақ кәпірлердің дұғасы пайдасыз», – деп жауап береді. 
Күзетшілерден пайда көре алмаған тозақылар: «Бізге Маликті (тозақтағы жазалаушы 
періште) шақырыңдар», – дейді. Малик келгенде, оған: «Уа, Малик, Жаратқан Иең осы 
азабын тоқтатсын», – деп жалбарады. Малик оларға: «Сендер бұл жерде 
қаласыңдар», – дейді. (Ағмаштың айтуына қарағанда, тозақылар Маликті шақырғаннан 
мың жылдан кейін ғана жауап ала алады). 
Басқа айласы қалмаған тозақылар бір-біріне: «Жаратқан Иелеріңе дұға қылыңдар. 
Алладан басқа ешкімнен жақсылық жоқ», – дейді. Сонда бәрі бірге: «Уа, Жаратқан 
Иеміз! Жамандыққа алдырып, зұлымдық жасаған топ болдық. Уа, Жаратқан Иеміз! 
Бізді бұл жайдан шығара көр! Егер тағы күпірлікке қайтсақ, біз өзімізге өзіміз қайта 
зұлымдық жасаған боламыз», – деп жалбарады. Алла оларға: «Орындарыңда 
қалыңдар!» – деп бұйырады. 
Бұл ақырғы жауапты естігеннен кейін азаптан құтылудан үміт үзіп: «Әттең-ай, 
уақытында пәлендей-түгендей істерді жасасақ болмас пе еді» десіп айқайлап өкіре 
бастайды». 
Әбу Умаманың риуаяты бойынша, «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет