Имам ғазали жүректің сырлары


Намаз оқымаған кісінің жазасы



Pdf көрінісі
бет121/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Намаз оқымаған кісінің жазасы 
Алла Тағала тозақылар туралы былай дейді: «
(Содан олар тозақылардан): 
«Сендерді осынау жаһаннамға не айдап әкелді?» – (деп сұрайды). Сонда әлгілер: 
«Біз 
намаз 
оқитындардың 
қатарында 
емес 
едік. 
Пақыр-міскінді 
тамақтандырмайтын едік. Ғапылдыққа салынғандармен бірге (Алланы, ақиретті 
ескермей, бос сөз, пайдасыз іспен уақыт өлтіріп, күнәға батыратын сауық-
сайранға елітіп) ғапылдыққа салынатын едік
»
416

416
 
«Муддассир» сүресі, 42-45. 
Ахмад ибн Ханбалдың риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Иманды пенде мен 
Аллаға серік қосудың және кәпірліктің арасындағы айырмашылық – намазды 
тастау
»
417
деген. 
417
 
Сахих, Ахмад, 389. 
Сахих хадисте Баззардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Намаз 
оқымағанның Исламнан несібесі жоқ. Дәреті жоқ кісінің намазы қабыл болмайды
»
418

– 
деген. 
418
 
Мажмағуз Зауаид, 1/292. 
Табаранидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Аманатқа қиянат 
жасағанның иманы жоқ. Таза болмағанныңнамазы қабыл болмайды. Намаз 
оқымағанның діні жоқ. Бастың денеде орны қалай болса, намаздың діндегі орны да 
осындай
», 
– деген. 
Баззардың және басқа бірнеше хадис жинақтары бойынша, ибн Аббас былай дейді: 
«Қарашығым орнында тұрып көзім көрмей қалғанда, маған: «Біз сені емдейміз, бірақ 
бірнеше күн намаз оқымай тұруың керек», – деді. Мен: «Жоқ, болмайды. Өйткені 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «
Намаз оқымаған кісіге Алла қаһармен қарайды
»
419
 
деп 
айтқан», – дедім». 
419
 
Мажмағуз Зауаид, 1/295 . 
Табарани Мутабақатта риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір кісі 
келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған орындасам пейішке кіретін істі көрсет», – деп 
сұрады. Пайғамбарымыз оған: «
Қиыншылық тартып, жаның сыздаса да ешбір 
нәрсені Аллаға серік қоспа. Ата-анаңа бас и. Мал-мүлкіңнен, қолыңдағы нәрселердің 
бәрінен ажыратса да ата-анаңа бас и. Намазды әдейілеп тастама. Өйткені 
намазын әдейілеп тастаған кісіге Алланың кепілдігі болмайды
», 
– деп жауап берді. 


158 
Басқа бір риуаятта былай деп айтылады: «
Өлтірілсең де, өртелсең де, Аллаға еш 
нәрсені серік қоспа. Отбасыңнан, мал-мүлкіңнен айырылуды бұйырса да ата-анаңа 
қарсы сөз айтып, қарсы шықпа. Парыз намазды әдейілеп қалдырып қойма. Өйткені 
парыз намазды әдейілеп қалдырған кісіге Алла Тағала қорғауға алу кепілдігін 
бермейді. Шарапты ішпе, өйткені оны ішу – барлық жамандықтардың басы. Күнә 
жасаудан сақтан, өйткені күнәнің кесапатынан Алланың қаһары келеді. Адамдар 
өлсе де соғыс майданынан қашпай орныңда тұр. Байлығыңнанотбасыңа жұмса және 
отбасыңды тәрбиелеу үшін қамшың дайын тұрсын. Алланың бұйрықтарын орындау 
үшін оларды қорқытып тұр
». 
Ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Күн жабық болса, таң 
намазын ерте оқыңдар. Өйткені намаз оқымағандар кәпір болады
», 
– деп айтқан. 
Табарани Пайғамбарымыз (с.а.с.) азат еткен Умаймадан риуаят еткені бойынша, 
Умайма былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) басына су құйып беріп жатқан едім. Сол 
сәтте бір кісі келіп: «Маған насихат айт», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Парша-
парша болып майдалансаң да, отқа күйдірілсең де, Аллаға ешбір нәрсені серік қоспа. 
Отбасыңнан, мал-мүлкіңнен айырылуды бұйырса да ата-анаңа қарсы сөз айтып, 
қарсы шықпа. Шарап ішпе, өйткені шарап ішу – барлық жамандықтардың басы. 
Парыз намазды әдейілеп қалдырыпқойма, өйткені әдейілеп парыз намазды 
қалдырған кісіге Алла Тағаланың және оның Елшісінің кепілдігі болмайды
», 
– деді. 
Әбу Нағимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Еш себепсіз, әдейі намаз 
оқымаған кісінің атын Алла Тағала тозақтың есігіне, тозаққа кіретіндердің 
қатарына жазады
», 
– деген. 
Табарани және Байхақидің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «
Намаз оқымаған кісі 
отбасының және мал-мүлкінің тарап кетуіне жол ашады
», 
– деп айтқан. 
Ахмад ибн Ханбал айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Алла Тағала Исламда төрт 
нәрсені парыз қылды. Кім олардың бәрін емес, үшеуін ғана орындаса, оған ешқандай 
пайда бермейді. Олар намаз, зекет, рамазан оразасы, Байтулланы зиярат қылу
», 
– 
деп айтқан». 
Асбаханидің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Алла Тағала себепсіз намаз 
оқымай жүрген кісінің барлық жақсылықтарын өшіреді. Тәубе жасап, қайтадан 
Аллаға қайтқанға шейін онымен ешбір байланысы болмайды
», 
– деген. (Тағы осы 
мағынадағы бірнеше хадис айтылған). 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уақытынан бері келіп кеткен барлық ғалымдардың ортақ 
көзқарасы бойынша, намазды еш себепсіз оқымай қойған кісі кәпір болады. 
Әйюб (рахматуллаһи аләйһи): «Намазды әдейілеп оқымай қою күпірлікке 
жеткізетінінде талас жоқ», – деген. 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет