Имам ғазали жүректің сырлары


Алайда кейіннен олардың орнын



Pdf көрінісі
бет122/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары
77 каулы, Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
Алайда кейіннен олардың орнын 
нашар ұрпақ басты. Олар намазды тәрк етті, (әйел, бала-шаға, дүние-мүлік, 
мансап, атақ-абырой сынды дүниелік нәрселерге қызығып) нәпсілері қалаған 
нәрселердің соңына түсті. Олар түптің түбінде құрдымға (немесе тозақтағы 
терең сайға) құлап, сазайларын тартады. Ал араларынан тәубе етіп, игі істер 
істегендердің жөні бөлек. Олар жұмаққа кіреді, титтей де әділетсіздікке 
ұшырамайды
».
420
 
420
 
«Мариям» сүресі, 59-60. 
Ибн Масғуд айтады: «Аятта «тәрк етті» деген сөз «намазды толығымен тастады» 
деген емес, «Оны уақытында оқымады» деген мағынаға келеді. 
«Табиғиндердің» имамы Саид ибн Мұсайяб (рахматуллаһи аләйһи): «Сол аяттағы 
«тәрк етті» деген сөзбен екінті уақыты кіруге таяғанда бесін намазын, ақшам болатын 
кезде екінті намазын, құптан уақыты келместен ақшам намазын, таң кіретін кезде 


159 
құптан намазын, күн шығуға жақын таң намазын оқымай, намаздарды қаза қылуды 
әдетке айналдырып алғандар туралы айтылған. Міне, сол әдетін тастамай, тәубе 
жасамай дүниеден өткендерді Алла Тағала тозақтың терең және азабы ауыр 
шұңқырына лақтыруды алдын ала білдірген», – дейді. 
«
Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың (жүректерің мен 
ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын 
(яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп 
қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – 
солар
».
421
 
Кейбір тәпсір ғалымдарының көзқарасы бойынша, аяттағы «Алланы еске ал» 
деген сөз бес уақыт намазды білдіреді. Демек, сауда-саттық, өнер-еңбек не бала-
шағамен әлек болып намазын оқымағандар зиянға ұшырайды. Сол себептен 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні пенде бірінші болып намазынан сұралады. Егер 
бұл сұрағы жақсы өтсе, игілікке жетеді. Егер онда кемшіліктері болса, зиян 
тартады
», 
– деп айтқан. 
421
 
«Мунафиқун» сүресі, 9. 
Алла Тағала: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет