48
Әзірет Асманың айтуы бойынша, әзірет Әбу Бәкір қолында болған бес мың
дирхамымен сапарға шыққан.
Құрайыштықтар Пайғамбарымызды (с.а.с.) Меккені түгелдей тінтіп іздеді. Алла
Елшісін (с.а.с.) қолдан шығарып жібергеніне қатты қайғырып, оны (с.а.с.) ұстап келген
кісіге жүз түйе сыйақы беретінін жариялады.
Бұл сыйлыққа қызыққан елдің бәрі дүрбелең түсіп жүріп, екі жолаушының Сәуір тауы
жаққа кеткенін біліп, із қуып кетті. Із тіке Сәуір үңгірінің алдына шейін барды.
Қады Ияз арқылы келген риуаят бойынша, Сәуір тауы Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа,
Алланың Елшісі, менен қаш. Өйткені сенің құтты қаның менің үстіме төгілсе, Алла
Тағаланың қаһарына ұшыраймын деп қорқамын», – деп айтқан.
Алла Тағала ол үңгірдің алдына бір бұтақ өсірді. Бұл бұтақ үңгірдің жолын
кәпірлерден жасырды. Бір өрмекшіге үңгірдің аузына ау тоқуды бұйырды. Бір жабайы
көгершін үңгірдің кіре берісіне ұя салды. Бұлардың бәрі мүшріктерді жаңылтып, үңгірге
кіруден бас тарттырды.
Қазіргі сәттегі Харам аймағындағы көгершіндер сол Сәуір үңгірінің аузына ұя салған
көгершіндердің тұқымы екені айтылады. Олар сол күні Пайғамбарымызды (с.а.с.)
жасырып қалғаны үшін көбейіп, қауіпсіз жайда өмір сүруге ие болған дейді.
Құрайыш руынан шыққан ізкесерлер Мұхаммедті (с.а.с.) ұстап беріп сыйлыққа жүз
түйе алу үшін сайма-сай қаруланып, сәйгүлік аттарды мініп алып үңгірге шейін жетіп
келді. Үңгірге жеткенде біреу атынан түсіп, жақындап келіп, ұясында беймарал
жұмыртқа басып жатқан көгершінді көрді. Нәтижеде артындағыларға айқайлап, ұяда
кептер жатқанын, демек, бұл жерге ешкім кірмегенін айтты. Соған қарамай жігіттердің
біреуі: «Осыншама келген соң ішіне кіріп көрмейміз бе?» – деді. Бірақ олардың
арасында тұрған Умайя ибн Халаф оған: «Бос үңгірге кіріп не қыласың? Сенбесең,
тесіктегі өрмекшінің өрмегін қарап көрші. Сонау Мұхаммед тумай тұрғанда өрілген
секілді қатпар-қатпар болып жабылып қалыпты. Егер бұл жерге біреу-жарым кірсе,
көгершіндер ұясын тастап ұшып, анау өрмекші ауы бұзылып қалмақ», – деді. Бұл
дәлелге енді ғана иланған құрайыш жігіттері үңгірге кіруден бас тартып, одан ары жүріп
кетті. Олардың осылай сөйлескені үңгірдегі Пайғамбарымызға кәдімгідей естіліп
тұрды. Содан кейін ол Алла Тағала өзін дұшпандардан қорғағанын түсінді.
Бұхари мен Мүслимнің әзірет Анастан (р.а.) риуаят еткені бойынша, Әбу Бәкір (р.а.):
«Үңгірде отырғанымызда Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Егер қуғандар аяқтарының
ұшымен қараса, бізді көретін еді», – дедім. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Достарыңызбен бөлісу: