Сабақтың тақырыбы Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата08.02.2022
өлшемі19,78 Kb.
#124475
түріСабақ
Байланысты:
3 сынып 1 (1)


Бөлім

Ғасырлар даналығы

Педагогтың аты – жөні




Күні




Сынып: 3

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:



1

Сабақтың тақырыбы

Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Адамзат тарихындағы өзін – өзі тану

Құндылығы

Ақиқат

Қасиеттері

Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері

  1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айту үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті



Оқушының әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жағымды көңіл – күй




5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.

«Нұрға бөлену» мәтінін оқу

5Т ережесін еске түсіреді

Көздерін жұмып отырады.


Алған әсерлерімен бөліседі.

«Хрустальная грусть» композициясы

  1. Сабақтың дәйексөзі.




Жалпыадамзаттық құндылықтар – өзін – өзі танудың негізі.
Сара Алпысқызы
Сұрақтар:
1. Өзін - өзі тану сабақтарында не үйрендіңіздер?
2. Өзіңізге, өзгеге құрмет дегенді қалай түсінесіздер?
3. Өзіңіз бойыңызда қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?
4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
«Өзін – өзі тану» пәні адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы білімдер арқылы жаманнан жирендіреді, жақсыдан үйренуге бағыт береді. Адамға айналасындағы адамдармен тыныштықта, ынтымақта, татулықта, қоршаған табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіне және өз елінің бақытты азаматы болып өсуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан да Қ.Р.- ның Бірінші ханымы Сара Алпысқызының «Өзін– өзі тануды – адамгершілік құндылықтардың негізі» тұрғысынан негіздеуі, балалардың осы адамгершілік құндылықтарды үйреніп, өмірде қолдану арқылы бақытты өмір сүруін армандауынан туған.

Оқушылар бір неше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.




  1. Оқиға айту (Әңгіме)

Ш. Құдайбердиев
Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?... Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.
Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ.
Сұрақтар:
1. Адамның бойындағы қандай қасиеттер оның өмірін жақсартуға көмектеседі?
2. Неліктен жақсылық жүректен шығады деп айтады?
3. Айналаңдағы адамдармен тату болу үшін қандай игі істер жасар едіңдер?
4. Өзіңнің жақсы қасиеттерің мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер?

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.






  1. Шығармашылық жұмыс.

1 - тапсырма:
А - ................
Қ - ...............
И - ..............
Қ - ..............
А - ..............
Т - ...............

«Ақиқат» сөзінің әр бір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазады




  1. Жобалау қызметі










  1. Топпен ән айту

Айгөлек
Сөзі Н.Баймұхамедов
Әні Б. Байқадамов

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды

Тақтада ән мәтіні көрсетіледі



  1. Үйге тапсырма

«Ұш бұлақ» мәтінін оқып келу.

Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады

Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды сәті.




Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет