Оқушыларды қиял, арманға жетелеу арқылы,ақиқат құндылығының өмірдің негізі екенін ұғындыру.
Міндеттері:
Оқушыларды жақсы ниетпен армандай білуге үйрете отырып,ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Оқушылардың бойындағы сенімділік қасиеттерін дамыту.
Оқушыларды жақсылыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
(нақыл сөздер, бейне фильм, үнтаспа)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, 5 Т
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Сабақ барысын талдау:
Үй тапсырмасын тексеру
№5 «Арман мен ақыл» Қ.Мырза Әли Шығарма неден туындаған? Арман
Өлең жолдарынан мамандық иелерін тап.
3. Шығармадағы мамандық иелері бір-бірінен ерекшеліктері неде ?
1. Өз арманыңды қалай жүзеге асыра аласың?
2. Ақылды адам деп қандай адамды айтуға болады?
3. Арманға жету жолы қандай?
Үй тапсырмасын бекіту.
Дәйексөз.
Армансыз адам болмайды.
Халық мақалы
Арман адамға не үшін керек?
2 рет ұлдар, 2 рет қыздар, барлығы 1 рет.
Әңгімелеу.
«Ана қиялы» Аңыз
Баяғы өткен заманда,бір елді мекендегі сұрықсыз,жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті. Ана өте өнерлі,ісмер болыпты.Ол үнемі кестелеп орамал тоқып,соны ас-суға айырбастап,күндерін көріпті.Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті.
Балалар да ер жетеді.Ана қартаяды,кестелеуге қолдары илікпей,көз жанары да тайып, қалжырай бастаған болатын.Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді.Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ боп,базар аралап жүріп,бір кісінің сурет салып отырғанын көреді.Суреттегі әдемі бау-бақшалы, шатырлы әсем үйлер,ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдаранаға үлкен әсер қалдырады. Суретке әлсін-әлсін қарап таңданады.Суретшінің қиялына дән риза болады.Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап,оны өзінің бұйымына айырбастап алады.Жолда келе жатып,осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдардың әрі көп,әрі жылдам дайындауды,балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп,көліктермен жүруін қиялдайды. Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.
-Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз?-деп балаларына күрсіне қарады.
-Егер бәріміз бірлесіп,жұмыс істеп,тіршілік жасасақ,ол күнге де жету қиын болмас,-деп балалары аналарын жұбатқандай болды.Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды. Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп қаржы жинайды.Оқып, білім алады.Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады.Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады.Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады.
Ана балаларына,өмірге риза болып көзіне қуаныштан жас алады.Қиялының арманға ұласып,арманның орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады. Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.
1.Шығармада ана қалай тіршілік етті?
2. Ана өміріне өзгеріс әкелген не?
3.Ана қиялындағы арманына жетті ме?
4.Арманға жету жолы.
5.Осы аңыздың құндылығы неде?
6.Аңыздағы ананың баласының орнында болсаң не істер едің?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Өлең шумақтарын толықтыру.
.................. білейік, (Қиялдай)
................... жетейік. (Арманға)
.................... білейік, (Армандай)
................... күлейік. (Шаттанып)
Топпен ән айту.
Бала тілегі.
Сөзі: С.Молдасанұлы
Әні:Ф.Лұқпанова
1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел,достарым,әндетіңдер билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтқан әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.
Үй тапсырмасы.
№ 6 сабақ 10-бет Ә.Табылдиев «Ата өсиеті» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс. «Кешегі қиял-бүгінгі шындық» тақырыбына эссе жазу.
Соңғы тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. «Мен қиялдай білемін және қиялымды, шындыққа ұластырамын. Мен өзіме-өзім сенімдімін, адамдарға деген сүйіспеншілігім,еңбекқорлығым,табандылық қасиеттерім өз арманымның жүзеге асуына көмектеседі.Арман ақ ниетке,адал пейілге негізделіп адамға қанат бітіреді. Осындай оймен сәл отыра тұрыңыздар.Көздерімізді ашамыз! Сау болыңыздар!