Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар және Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!



бет5/13
Дата20.07.2020
өлшемі58,24 Kb.
#63355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
4. Төртінші басымдық: Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру  және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі

 

4.1. Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту



 
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.

 
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.

 
Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек.  
Жоғары білім алғысы келетін адамдар үшін мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен 12 жылдық білім алу жөніндегі ұсыныстар әзірленуге тиіс.

 

Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс. Осы заманғы мемлекеттік менеджерлер даярлау үшін Мемлекеттік басқару академиясының негізінде шетелдік серіктестердің қатысуымен ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық басқару мектебі құрылуы қажет.



Білім беру жүйесін дамытуды ынталандыру мақсатында жеке сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту, мемлекеттік-жекеменшік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет.

ЖОО-лардың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет