Тақырып 4. Жаттығулардың техникасы
Тапсырма: Жаттығулардың техникасының кезеңдерін анықтай алуға үйрету.
Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:
«Техника» - деген не?
Техника кезеңдерін, бөлшектерін қалай түсінесіз?
Техника сипаттамасы деген не? Қандай техника сипаттамаларын білесіз?
Жұмыс ағымы:
Мына жаттығулардың техникасын кезеңдерге, бөлшектерге бөліп сипаттаңыз:
А. Ағаш аттың үстінен «аяқ алшақ» әдісімен секіру.
Б. Волейболшының шабуыл соққысы.
В. Кіші допты алысқа лақтыру.
Г. Ақробатикадағы «алдыға аунап түсу» жаттығуы.
Д. Күрестегі «жамбасқа алып лақтыру» әдісі.
2. Мына жаттығулардың кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт, қозғалыс сипаттамаларының қайсысына жататынын табыңыз.
А. 60 метрге жүгіру.
Б. Жүгіріп келіп биіктікке «аттау»(перешагивания) әдісімен секіру.
В. Кермеде «алдыға керменің үстіне аунап көтерілу» (подьем переворотом) әдісі.
Г. Спорт залда диагонал бойымен үдей жүгіру.
Д. 3000 метрге уақытқа жүгіру.
Ж. Балуанның қарсыласын 30 секунд уақытта лақтыруы.
Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12], қосымша [2,5,7]
Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.