Имени с. Аманжолова


Зертханалық сабақтар мазмұны / Содержание лабораторных занятий -нет



бет4/5
Дата27.03.2020
өлшемі80,99 Kb.
#60900
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5
Байланысты:
Источниковедение Силлабус.
Источниковедение Силлабус.

8. Зертханалық сабақтар мазмұны / Содержание лабораторных занятий -нет



8. БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма / Задания СРО и СРОП




Тақырып атауы / Наименование тем

БӨЖ мен БОӨЖ тапсырмаларының мазмұны / Содержание заданий для

СРО и СРОП

Бақылау түрі / Форма контроля

Тапсыру мерзімі / Срок сдачи

1 тақырып

Деректердің оқудың әдістері мен әдіснамасы

конспект, тірек схема құрастыру

Ауызша

сұрау


1

2 тақырып

Орта Азия мен Қазақстан көшпелілері тарихы антик авторлары (б.з.д. Ү-Ш ғғ.) «Авеста»,Геродоттың «Тарихы», Страбонның «Географиясы» Ахеменид жазбалары.

Еңбектерге талдау жасау.


Ауызша

сұрау


2

3 тақырып

.Н.Я. Бичуриннің «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» атты еңбегі.

Конспект

Ауызша

сұрау


3

4 тақырып

Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері(VI –Х ғғ.).

конспект

Ауызша

сұрау


4

5 тақырып

Қазақстан ортағасырларда (рим, византия армян деректері, орыс жылнамалары).

Конспект

Слайд.


Ауызша

сұрау


5

6 тақырып

Рашид-ад-Диннің «Джами ат-таварих» атты еңбегі Қазақстан тарихы бойынша моңголдар үстемдік еткен кезеңнің дерегі ретінде.

Конспект

Ауызша

сұрау


6

7 тақырып

Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме» атты шығармасы.


Шығармадан үзінділер келтіріңіз.

Ауызша

сұрау


7

8 тақырып

Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и-Рашиди» атты туындысы.

Конспект жасау. Шығармадан үзінділер келтіріңіз.

Ауызша

сұрау


8

9 тақырып

Қадырғали Хошумұлы Жалайырдың «Джами-ат таварих» атты шығармасы.

Конспект жасау. Шығармадан үзінділер келтіріңіз.

Ауызша

сұрау


9

10 тақырып

Абылғазы Бағадұрдың «Шаджараи тюрк» атты шығармасы түркі және Қазақстанның басқа халықтарының тарихын оқуда дерек ретінде.

Конспект

Ауызша

сұрау


10

11 тақырып

Қазақтар Хафиз Таныштың «Абдулла-наме» атты еңбегінде.

Конспект жасау.

Ауызша

сұрау


11

12 тақырып

Европалық саяхатшылар Плано Карпини және Гильом де Рубрук мәліметтері Қазақстан және Орта Азия тайпаларының тарихын оқуда дерек ретінде.

Конспект. «Путешествие в Восточные страны» атты еңбектен үзінділер келтіру.

Ауызша

сұрау


12

13 тақырып

Халық ауыз әдебиеті Қазақстан тарихының дерегі ретінде.


Әдебиеттерге шолу жасау, тест құрастыру. Терминдер сөздігін құрастыру және қайраткерлерге сипаттама жасау.

Ауызша

сұрау


13

14 тақырып

Мұрағат құжаттары дерек ретінде

Конспект

Ауызша

сұрау


14

15

Тақырып


Статистикалық деректер

Терминдер сөздігін құрастыру

Ауызша

сұрау


15

Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру – кестеге сәйкес / Консультация по всем вопросам - по графику.


9. Ұпай қою саясаты / Политика выставления оценок

Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы академиялық кезең бойынша алынған барлық ағымдық және аралық бақылаулар бағасы қосындысының орташа арифметикалық мәні болып табылады:

ЖР = (АБ1 + АБ2 + АБ3 +…. +АБn + АрБ1 + АрБ2) / (n+2),

мұндағы ЖБ –емтиханға жіберу рейтингісі; АБ – ағымдық бақылау; АрБ – аралық бақылау; n – ағымдық бақылаулар саны; 2 – аралық бақылаулар саны.

Пән бойынша қорытынды бақылауға пән бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық (семинарлық, зертханалық) жұмыстарды және БОӨЖ, БӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаған және тапсырған), емтиханға жіберу рейтингісін (50 баллдан кем емес) жинаған білім алушы жіберіледі. Пән бойынша емтиханға жіберу рейтингісі оң баға болмаса (50 баллдан кем емес) білім алушы емтиханға жіберілмейді.

Пән бойынша қорытынды баға а втоматты түрде төмендегі формула бойынша есептеледі:

Қ = (Р12)/2*0,6+емтихан бағасы*0,4,



мұндағы Р1 – бірінші аралық бақылау бағасы; Р2 – екінші аралық бақылау бағасы.

Пән бойынша қорытынды баға білім алушы тек емтиханға жіберу рейтингісі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң баға (50 баллдан кем емес) алған жағдайда есептеледі. Қандай да бір дәлелді немесе дәлелсіз себептермен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда «Емтихан бағасы» бағанасына «0» (нөл) қойылады. Пән бойынша аралық аттестация нәтижелері білім алушыға сол күні хабарланады.



Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалар

Баллдардың сандық эквиваленті

Баллдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


10. Оқытушы талабы, саясаты мен тәртібі

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау саясаты академиялық адалдық, талаптардың бірлігі, объективтілік пен адалдық, ашықтық және ашықтық принциптеріне негізделген.

Бірінші сабақта мұғалім студенттерге пәннің жұмыс оқу жоспары (силлабусы), академиялық пәннің жоспарланған оқу нәтижелері және оларды бағалау тәртібі туралы таныстырады.

Академиялық әділетсіздік байқалған жағдайда ЖОО білім алушылары тарапынан:

- аудиториядағы және аудиториядан тыс сабақтар кезінде: бірінші жол берілген тәртіп бұзғаннан кейін құрылған комиссия білім алушылармен әңгімелесу өткізеді; актіде шығарылған ескерту және қабылданатын шара (бағаланатын жұмыс үшін бағаны төмендету; білім алушының жазбаша жұмысын жою, бақылау іс-шарасын қайта өткізуге ұсыныс және т.б.) тіркеледі. Академиялық адалдық фактілеріне қайта жол берілген жағдайда оқу жылы ішінде қайта комиссия құрылады, акт жасалады және одан әрі шешімдер қабылдау үшін тәртіптік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңеске (бұдан әрі – ТСЖҚК) беріледі;

- аралық немесе қорытынды аттестаттау кезінде: Академиялық әділетсіздік көрсеткен білім алушы сол академиялық кезеңде емтиханды қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан ведомосына «Академиялық әділетсіздік танытқаны үшін емтиханнан алынды» деген жазба жазылады, оның түрі көрсетіледі. Емтиханды қайта тапсыру жазғы семестрде немесе келесі академиялық семестрде ақылы негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және емтихан тапсырады. Емтиханнан қайта шығарылған жағдайда (ЖОО-да оқудың барлық кезеңі ішінде) білім алушы ШҚМУ-ға қайта қабылдану құқығынсыз оқудан шығарылады.

Білім алушының барлық аудиториялық сабақтарға кешікпей, сабаққа қатысуы міндетті болып табылады. Сабақтан қалған жағдайда деканатта тағайындалған тәртіппен өтелінеді.

Берілген курстың білім алушылар контингентіне кірмейтін бөгде адамдардың дәріске қатысуына тыйым салынады.

Жұмысты көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі емтихан сессиясына 5 күн қалғанға дейін беріледі.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау мен өтілген материалды өтеу міндетті. Оқу материалының меңгерілу дәрежесі жазбаша жұмыстармен немесе тестпен тексеріледі білім алушыларды тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.



Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:

- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;

- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.

Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;

- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.

Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;

- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.


11. Емтихан сұрақтары / Экзаменационные вопросы

1. Орта Азия және Қазақстан халықтарының ежелгі заманнан б. э. Х ғ.дейінгі тарихы бойынша деректер.

2. Қазақстан тарихын зерттеуде актілік сипаттағы материалдар дерек ретінде. Актілік материалдардың түрлері.

3. Қазақстан тарихының деректерін сұрыптау.

4. XIX ғ. аяғы – XXғ. басындағы Қазақстан тарихын зерттеуде қазақтын жер пайдалануы бойынша материалдар дерек ретінде.

5. «Қорқыт ата кітабы» түркі тайпаларын зерттеуде дерек ретінде.

6. Ресей империясының заңдарының толық жинағының материалдары Қазақстан тарихын зерттеуде дерек ретінде.

7. X –ХII ғғ. орыс жылнамалары көшпелі халықтардың тарихын зерттеуде деректер ретінде.

8. Ведомстволық журналдар Қазақстан тарихын зерттеуде деректер ретінде.

9. Орхон-Енисей жазулары түркі тайпалары және халықтарының тарихын зерттеуде дерек ретінде.


10. «Чингиз-нама» шығармасы чингизид-шейбандидтердің, Тохтамыш және Урус-ханның

өзара қатынастарын зерттеуде дерек ретінде және «қазақ» түсінігі.

11. X –ХII ғғ. араб және парсы деректерінде қазіргі Қазақстан халқы және жері.

12. П.И. Рычковтың «История Оренбургская», «Топография Оренбургская» атты еңбектері Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын зерттеуде деректер ретінде.

13.Парсы ғалымы Рашид-ад-Дин еңбектерінде Қазақстан және Орталық Азияның тайпалары.

14. XVII-XVIII ғғ. Қазақстан тарихының деректері.

15. XIII ғ. араб-парсы деректеріндегі Қазақстан халқы және территориясы (Ибн ал-Асир, Джувейни, Казвини).

16. Чжан-Хунның «Моңғолдардың құпия тарихы» еңбегінде Орталық Азия тайпалары және мемлекеттері.

17.С. Асфендияровтың Қазақстан тарихының деректерін жинау мен жариялаудағы үлесі.

18.Мұрағат материалдары Қазақстан тарихын зерттеуде дерек ретінде.

19. Орыс құжаттарында Алтынордалық кезеңде түркі тіліндегі ресми іс-жүргізу.

20. А.И.Левшин және оның «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» атты еңбегінің маңызы.

21. Европалық саяхатшылар Плано Карпини және Гильом де Рубрук мәліметтері Қазақстан және Орта Азия тайпалары және халықтарының тарихын зерттеуде дерек ретінде.

22. П.С. Палластың «Путешествие по разным провинциям российской империи» еңбегі Қазақстан тарихын зерттеуде дерек ретінде.

23.Қазақстан және Орта Азия қытай деректерінде ( Чжан Кянь, Чжао Хун және т.б.)

24. «Бабыр-нама» Қазақстан тарихын зерттеуде

25.Мухаммед Хайдардың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі қазақ халқының тарихын зерттеуде дерек ретінде.

26.Статистикалық деректердің түрлері және оны зерттеу әдістері.

27. XVI ғ. Қазақстан тарихы бойынша араб және тимурид деректері ( Ибн-Батута, ибн-Арабшах, ибн-Халдун және т.б.).

28. Н.Я. Бичуриннің «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» атты еңбегі ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеуде дерек ретінде.

29. Фазаллах-ибн-Рузбиханидың «Мехман-наме-и Бухара» («Записки бухарского гостя») атты шығармасында қазақтар және қазақ хандығы.

30. Халық санағының материалдары Қазақстан тарихын зерттеуде деректер ретінде.

31. Қадырғали Хошумұлы Жалаиридің «Шежірелер жинағы» атты шығармасы қазақ тарихы және XVI ғ. дейінгі қазақ хандарының әулетін зерттеудегі дерек ретінде.

32. «Обзоры областей» Қазақстан тарихын зерттеуде деректер ретінде.

33. XVI ғ. европалық авторлардың еңбектерінде қазақтар және Қазақстан территориясы

( Шильбергер, Герберштейн, Дженкинсон).

34.Хафиз Таныштың «Абдулла-нама» шығармасында қазақтар.

35. XVI ғ. орыс авторларының еңбектерінде және құжаттарда қазақтар және қазақ хандығы.

36. Халық ауыз шығармашылығының туындылары Қазақстан тарихын зерттеуде деректер ретінде
12. Әдебиеттер тізімі / Список литературы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет