Қимыл-қОЗҒалыс әрекетіне үйрету дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі



Дата07.02.2022
өлшемі15,35 Kb.
#93032
Байланысты:
Дәріс 6. Қимыл-қозғалыс әрекетіне үйрету


Дәріс 6. Қимыл-қозғалыс әрекетіне үйрету
Жоспары:
1. Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету әдісі
2.Теориялық материалды оқыту бөлімі


ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТІНЕ ҮЙРЕТУ
Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі
Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл-әрекетке үйрету, қалыптастыру, менгеру, жетілдіру үрдісі.
Математика мүғалімі есеп шығаруға, қазақ тілі мүғалімі грамматикаға үйретсе, дене тәрбиесі мүғалімі оқушыны жүгіруге, секіруге, лақтыруға үйретеді. Оқушыны кеңістікте өз денесін басқарып, қозғалуға үйретеді. Мектеп бағдарламасындағы спорт түрлерінің негізгі жаттығуларының техникасьш дүрыс орындауға үйретеді. Үлкен өмірдө өмір сүруге дайындайды. Спорт түрінің жаттықтырушысы, бапкері спортшыға спорт түрінің жарыстық жаттығуларының техникасъш үйрету арқылы, сол жаттығуларды орындаудан жоғарғы жетістіктерге жетуге, әлемдік рекордтар орындауға жеткізеді.
Қимыл әрекетке үйрету үрдісі кезінде спортшының дене қуаты деңгейі байқалады. Ол дене қуаты қасиеті деңгейі сол жаттығу техникасын орындауға сай болмауы мүмкін. Ондай болатын болса жаттығу техникасын үйрену барысында сол дене қуаты қасиетін дамыту керек болады. Мысалы, волейболдағы шабуыл соққысын орындау үшін спортшы секіргенде доп соғатын қолы тордан 30 сантиметрдей жоғары шығуы керек. Ондай биіктікке секіре алмаса жаттығу техникасын орындай алмайды.
Психологиялық жетілу — спортшының өзіне сенімділігі, батылдығы, тэуекелшілдігі, «Жаттығуды орындай алмаймын ба?» деген өзінің сенімсіздігін жеңуі. Ол қасиеттер де бірден келмейді. Жаттығу техникасын үйрету барысында қалыптасады, тәрбиеленеді.
Дене тәрбиесіндегі оқытудың нәтижесі қозғалысты меңгеру болып табылады. Қозғалысқа үйрету теориялық және іс-тәжірибелік бөлімдерден тұрады.
Теориялық материалдарды оқыту бөлімі
Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогикалық қағидалармен (жүйелілік, ұғынықтылық т.с.с.) анықталады, оқу мақсатына, оқушылар тобының ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді:
1. Дене тәрбиесінің әлеуметтік керектігі туралы (денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілігін арттыру т.б.). Бірінші сабаққа келген күннен бастап жаттығушыларға дене жаттығуларының адам ағзасына әсері, пайдасы, керектігі туралы айтылуы керек. Дене жаттығуларын орындау ең бірінші денсаулықтарын нығайтатынын олар жақсы білуі тиіс.
2. Дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы мағлұмат (футбол, баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.). Жаттығу техникасын үйретуден бұрын сол спорт түрінің жарыс ережелері туралы мағлұмат берудің үлкен маңызы бар. Мысалы волейболдағы шабуыл соққысын үйренер алдында оқушы соққы кезінде торға қолы тимеуі, доп волейбол алаңының ішкі жағына түсуі, тосқауылдан ұшқан доп алаңның сыртына түссе де ұпай санына есептелетіні туралы ережелерді білуі қажет.
3. Медициналық-биологиялық мағлұматтар. Ол мағлұматтар дене гигиенасы, шынығу, ұйықтау, тамақтану, жаттығу режимдері туралы баяндаулар әңгімелер түрінде жүргізілуі керек.
4. Үйрететін қимыл-қозғалыс техникасы туралы мағлұмат. Үйренетін жаттығу техникасы, оның қолданылатын жері, жолдары, мақсаты айтылады.
Қимыл эрекетіне үйрену алдында оқушы оның ережелері, адам денесінің қозғалу заңдылықтары, арнайы терминология туралы мағлұматтар алуы керек.
Іс-тәжірибе бөлімі
Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл-әрекет-істердің техникасын үйрету үш кезеңнен түрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру. Енді осы кезеңдерге жеке-жеке тоқталып кетейік.
Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі
Бұл кезеңнің міндеті - оқушыларға үйренетін жаттығу туралы тусінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, ұғыну үрдісі қалыптасу кездерінде бір-біріне байланысты, сабақтасты үш кезең пайда болады.
Орындау жобасын кұру. Бүл кезеңде оқытушының, бапкерді түсіндіріп, керсеткен жаттығу техникасын ұғынған оқушы санасында жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады. Ол жаттығу техникасын толық ұғынып, оны орындауга дайын күйге келеді.
Жаттығуды орындап көру. Жаттығуды орындап көру – танысу кезеңінің негізгі элементі. Оқушы жаттығу техникасын үш-төрт рет орындап көреді. Орындап көру арқылы оқушы өз міндетін қаншалықты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін қалай \құрғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекеттің күрделілігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады. Қарапайым жаттығуды толық орындай беруге болады. Күрделі жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс техникасын тұтас орындағанда окушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау әдісін қолдану қажет.
Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері: тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері. Сез қолдану әдістері: түсіндіру, баяндау. Көрнекі қабылдау әдістері: қимыл-әрекетті көрсету, көрнекі құралдар қолдану және т.б.
Қимыл-әрекетіне үйрету жезеңі
Бұл кезеңнің міндеттері - оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегіне ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қимыл шеберлігі дейміз.
Қимыл шеберлігін жетілдіру. Бұл бөлімде қимыл әрекетін орындау техникасы меңгеріледі және бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды. Бірақ жаттығуды орындау тұрақсыздығы сақталады, жаттығу техникасын әр түрлі себептер жеңіл бұза алады. Жаттығуды орындау барысында жібері лген қателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет