Қимыл қозғалыс әркекетіне үйрету Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнулы білім жүйесінің қозғалысқа үйрету,қалыптастыру,меңгеру


Қимыл,қозғалыс әрекетін жетілдіру кезеңі



бет4/5
Дата19.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#139915
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
курстық жұмыс

Қимыл,қозғалыс әрекетін жетілдіру кезеңі
Бұл кезеңнің мақсаты-қимыл дағдысын қалыптастыру,сол арқылы жоғарғы қозғалыс шеберлігіне жету.Жаттығуды көп қайталағаннан соң қозғалыс шеберлігі дағдыға айналады.Қимыл дағдысы деп-жеке қозғалыстарға емес,нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз.Қимыл дағдысы әр түрлі қозғаушы факторларға қарсы жоғары тұрақтылық танытады (жаттығуды басқа спорт залда орындау,көрермендер әсері,әр түрлі матерологиялық жағдайлар т.б.)Қимыл дағдысын қалыптастырғанда қозғалыс дәлдігі жақсарады,қимыл ырғағы жетіледі,жеке қозғалыстар біртұтас қимыл әрекетке айналады.Қимыл дағдысын қалыптастыру кезінде анализаторлар қызметін бөлу үрдісі қатар жүреді.Қимыл анализаторларының мәні артады,өйткені бұлшық еттердің сезімталдығы қозғалысты бақылауда жетекші рөл атқарады.Көру анализаторларының қызметі,қоршаған сыртқы ортадағы жағдайды және әрекеттің нәтижелілігін бақылау қызметіне ауысады.Қимыл дағдысы жаттығуды көп қайталағанда пайда болады.Жаттығуды дұрыс қайталау үйрету міндетіне,оқу материалының күрделілігіне,оқушылардың дайындық деңгейіне,оқыту әдістемесінің жетілгендігіне байланысты. Тәжірибеде қайталаудың екі жолы қолданылады:Созылмалы қайталау көптеген сабақтарға бөліне қайталау.Түйінді қайталау-қысқа мерзімде бір немесе бірнеше сабақта қайталау. Созылмалы қайталау кезінде қолайлы дұрыс тынығу аралығы болса,көлемді оқу материалын игеру кезінде жаттығушылар үлкен дидактикалық әсер алады (мысалы,гимнастикадағы еркін жаттығулар).Бұл үрдісті екі себеппен түсіндіреміз:біріншіден,жаттығу техникасның есте сақтадуы,яғни меңгеріп жатқан оқу материалын жаттығуды орындап жатқанда ғана емес,тынығу аралығында да ұғыну,ойлау.Екіншіден,жаттығуды меңгеру үрдісінің,ағзаның бұлшық ет әрекетіне,бейімделу қызметіне байланыстылығы-жаттығуды орындау барысында ғана емес қалпына келу кезеңінде де сақталады.Тынығу аралықтарының жиілігі мен ұзақтығын белгілегенде (жалпы уақыт ұзақтығы бірдей) сирек және ұзақ тыныққанға қарағанда,жиі және аз уақыт тыныққан кезде спортшы ағзасының жұмысқа қабілеттілігі артатынын ескеруіміз керек.сондықтан да сабақтарды біріктіруге болмайды.Түйінді қайталау,тездете үйрену негізін құрайды.Оны жеңіл оқу материалын үйренгенде қолдану тиімді.Бұл екі жағдайда да қайталау сипаты әр түрлі болады.Бастапқы үйрену мезгілінде қайталау жиілеп,сонан соң біртіндеп азаяды.Жаңа тәсіл тұрақтандыру үшін бастапқы жаттығудың жиә қайталануы керек,ал ол бекіп алған соң қайталауды азайтуға болады. Қимыл дағдысы әр түрлі және біртіндеп қалыптасады.Қимыл дағдысының қалыптасуы төрт түрге бөлінеді. 1.Дағдының «жағымсыз тездете» қалыптасуы.Үйрету барысының басында қимыл әрекетін игеру тез,сонан соң ақырындап қалады. Өйткені қимылды орындау техника негізі тез қабылданады,да бөлшектері ұзақ меңгеріледі. 2.Дағдының «жағымды тездете» қалыптасуы. Бұл үйренудің бастапқы кезінде болады,осы кезде дағды ақырындап,сонан соң тезірек қалыптасады.Қалыптасудың осы түрі,күрделі әрекеттерді үйренген кезде байқалады,жаттығу техникасын бөлшектеп үйреніп барып толық орындаған кезде ол жақсы меңгерген қимыл,әрекеттер дағдының тез өсуін шапшаңдатады. 3.Дағды дамуының ақырындауы.Бұндай жағдай дағдының жетілу деңгейіне жеткен кезінде пайда болады.Дағды неғұрлым жетілген сайын оның одан әрі дамуына қажымас қайрат,көп еңбек және педагогикалық шеберлік керек. 4.Дағды дамуының тоқталуы-үйрету әдістері қате,тиімсізболғанда дене қуатының даму деңгейі (күш,ептілік т.б.)төмен болғанда,жаттығуды ебедейсіз (қорқыныш,шаршау),ыңғайсыз жағдайда (нашар спорт жабдықтарында т.б)орындағанда пайда болады.
Оқытушы дағдыны қалыптастыру кезінде осы жағдайларды байқап,уақытында түзетіп отыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет