Иммобилизденген фермент



бет2/18
Дата09.08.2023
өлшемі5,27 Mb.
#179777
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
11-сынып Био зертханалык жұмыс

Қажетті құрал-жабдықтар:

  1. Лактаза ферменті (лактозим) – 2 мл

  2. Натрий альгинатының 2% ерітіндісі (2 грамды 100 мл суға қосып, ұзақ араластыру) – 8 мл

  3. Пастерленбеген сүт – 50 мл

  4. Қандағы глюкозаны анықтауға арналған тест жолақ қағаздары

  5. Инесіз пластик 10 мл шприц – 1 дана

  6. 100 мл мензурка – 3 дана

  7. Шай сүзгіш – 1 дана

  8. Секундомер

  9. Шыны таяқша – 1 дана

Қауіпсіздік ережесі:
Лактоза – қауіпсіз фермент. Бірақ жұмыс барысында онымен тікелей жанасуды болдырмаған жөн. Сонымен қатар иіскеуге, татып көруге болмайды. Көзге түсіп кетсе, таза сумен жақсылап шаю керек.
Жұмыс барысы:

  1. Алдымен ферментті натрий альгинатымен араластыр.

  2. Осы шприцке қоспаны сорғызып ал.

  3. Кальций хлоридінің ерітіндісін бір мензуркаға құй.

  4. Шприцтегі қоспаны бір тамшыдан кальций хлориді ерітіндісіне тамшылат.



5. Ерітіндіде пайда болған ұсақ түйіршіктерді қатаюы үшін 2-5 минутқа қалдыр.

6. Осы түйіршіктерді шай сүзгішпен сүзіп ал.

7. Түйіршіктерді бос мензуркаға сал.
8. Түйіршіктерді дистильденген су арқылы бірнеше рет шай.

9. Сүтті таза мензуркаға құй.
10. Тест жолақшасы арқылы сүт құрамында глюкоза бар-жоғын тексер.
11. Сүтке түйіршіктен бірнешеуін салып, шыны таяқшамен араластыр.
12. 10 минуттаң соң ондағы сүтте глюкозаның болуын тест арқылы тексер.
13. Тест жолақшасы түсінің өзгеруін бақыла. Түстің өзгеруі сүтте лактаза арқылы лактозаның глюкоза мен галактозаға ыдырағанын көрсетеді.
Артқа
№2 зертханалық жұмыс
«Активаторлар мен ингибиторлардың ферменттік реакцияның жылдамдығына әсерін зерттеу» зертханалық жұмысы
Өте төмен концентрацияда ферменттердің белсенділігін арттыратын (активаторлар) немесе, керісінше, оны төмендететін заттар бар (ингибиторлар). Мысалы, асқазан сөліндегі пепсиногеннің активаторы (пепсиннің ізашары) – тұз қышқылы, сол тұз қышқылы сілекей амилазасының ингибиторы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет