Иммобилизденген фермент



бет14/18
Дата09.08.2023
өлшемі5,27 Mb.
#179777
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
11-сынып Био зертханалык жұмыс

Құрал-жабдықтар:
9 мл дистилденген H2;
1 мл айран;
pH=3 мәні бар ЕПА (ет-пептонды агар);
pH=5 мәні бар ЕПА;
pH=8 мәні бар ЕПА;
pH=10 мәні бар ЕПА;
Тығыны бар 5 сынауық;
4 тамшуыр;
Спирт шам;
Айран сынамасын дайындау: 1 мл айранды сынауықтағы 9 мл дистилденген сумен араластыру.
Артқа

«Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу» зертханалық жұмысы


2-конспект
Жұмыс барысы:
1. 4 сынауыққа pH мәндерін жазу (pH=3, pH=5, pH=8, pH=10)
2. Әр сынауыққа стерилді тамшуырдың көмегімен қажет рН мәні бар 5 мл ЕПА (ет-пептонды агарды) құю. Бөгде микроағза түспеуі үшін, сынауық тығынын спирт шамның жалынының жанында шығарып, сынауықтардың шетін күйдіру.
3. Зерттелетін материалы бар және қоректік ортасы бар сынауықтарды бір қолмен саусақтардың арасында сынауықтардың шеті бір деңгейде болатындай етіп, сәл қисайтып ұстау керек. Бірінші зерттеуге арналған материалы бар сынауықты ұстаған жөн.
4. Екінші қолмен тамшуырды/инокуляциялық ілмекті алып, спирт шамның жалынына аздап күйдіріп, себу материалы бар сынауыққа салу.
5. Тамшуырды/инокуляциялық ілмекті салқындатып, себу материалының аз мөлшерін алып (0,1 мл сұйылтылған айран), стерилді қоректік ортасы бар сынауыққа апару.
6. Материалды ортаға сілкіп тастап немесе сұйықтыққа аздап батырып, себу материалын сынауық қабырғасына қоректік ортаға тигізбей жағу, содан кейін материалды қабырғадан ортамен шаю.
7. Осыдан кейін сынауықтардың шетін және тығындардың ішкі жағын спирт шамның жалынына күйдіру, сынауықтарды осы тығынмен жабу. Тамшуырды/инокуляциялық ілмекті стерилдеп, штативке немесе стаканға қою.
8. Термостатта аэробты жағдайда 2 тәулік (48 сағат) бойы 37oС температурада өсіру.
Нәтиже:
pH мәні әртүрлі қоректік ортада бактерияның дамуын бағалау, ортаның бұлдырау дәрежесі бойынша жүргізіледі. Ол үшін әр сынауықтың құрамын мұқият араластыру керек (сынауықтарды алақан арасында айналдыру арқылы), содан кейін сынауықтардың құрамын салыстыру қажет. Бұлдырау дәрежесін көзбен немесе фотоколориметрдің көмегімен бағалауға болады, ерітінді неғұрлым мөлдір болса, ондағы бактериялар соғұрлым аз болады. Бактериялардың даму қарқындылығы келесі шартты белгілерді қолдана отырып бағаланады: өсу жоқ ( - ); өсу әлсіз ( + ); өсу орташа ( ++ ); өсу күшті (қарқынды) (+++). Алынған мәліметтерді №1 кестеге жазып, себу үшін алынған бактериялардың дамуына pH әсері туралы қорытынды жасау.

№1 кесте
pH әртүрлі мәніндегі бактериялардың даму қарқындылығы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет