Митохондриялар Екі мембранадан және матрикстен тұрады. Матрикс – митохондрияның ішкі құрамы. Сыртқы мембранада молекулалар өтетін түтікшелер бар, қоршау ретінде қызмет етеді. Ішкі мембрана матриксте пішіні мен саны бойынша ерекшеленетін «криста» түрінде кеңейеді, көлемі үлкен. Митохондрияның аэробты белсенділігіне байланысты кристалардың саны артады немесе азаяды, өйткені аэробты белсенділік кезінде АТФ көп мөлшерде шығарылуы керек. Микрофотографияда митохондрия мен өсіндіні, көптеген кристаларды анықтауға болады.
Ядро Әр эукариоттық жасушада болатын сфералық органелла. Генетикалық материалды сақтауға және беруге жауапты. Ол – ядролық мембрана, нуклеоплазма, хромосома және ядрошықты қамтиды.
Рибосома Екі суббірліктен тұрады. Үлкен суббірлік – аминқышқылдар қосылатын орын, кіші суббірлік – мРНҚ байланысып, декодталатын жер. Жасушаның көптеген қызметі үшін қажет нәруыздарды шығарады. Мысалы, зақымданудыларды қалпына келтіру немесе химиялық процестерді басқару. Цитоплазмада және түйіршікті ЭПТ-да орналасқан.
Центросома Екі центриольден тұрады: еншілес және аналық. Онда қосымша ұсақ түтікшелердің пайда болуына ықпал ететін нәруыздар жиынтығы бар. Жасушаның бөлінуі кезінде хроматидтерді бөледі.
Вакуоль Өсімдіктерде үлкен вакуоль жасушаның едәуір бөлігін алады. Ол созылатын және жасуша шырыны ретінде белгілі ерітіндімен толтырылатын цитоплазмалық мембрананың бір түрімен – тонопластпен қоршалған. Мембранамен байланысқан көптеген қапшықтарды қамтиды. Мембраналарда молекуланы мембрана арқылы тасымалдайтын нәруыздар бар. Бұл нәруыздардың түрлі комбинациясы вакуольдерге түрлі материалдарды өңдеуге және сақтауға мүмкіндік береді. Суды сақтайтын органелла ретінде қызмет етеді, бұл жасушаның әртүрлі қызметін қамтамасыз етеді.
Хлоропласттар Екі мембранасы бар. Сыртқы шектеу мембранасы хлоропластқа белгілі бір пішін береді және хлоропласт пен қоршаған цитоплазма арасындағы заттардың қозғалысын реттеуге көмектеседі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропластарында диск тәрізді қапшықтар – тилакоидтар бар. 20-50 тилакоидтардың бір стегі грана деп аталады, хлоропластта 40-100 грана болуы мүмкін. Микрофотографияларда хлоропласттар граналар мен тилакоидтарға байланысты анықталады.
«Сүтқышқылды өнімдердің түрлі қоректік ортадағы микрофлорасын зерттеу» зертханалық жұмысы
1-конспект
Микробиологиядағы микрофлора – белгілі бір өнімдегі бактериялар және басқа микроағзалар тобы. Сүтқышқылды өнімдердің микрофлорасын алғаш көрген ғалым – Луи Пастер.
Ашыту – сүтқышқылды өнімдерді дайындаудың негізгі биохимиялық процесі. Ашу лактозаның (сүт қанты) есебінен жүреді. Айран – сүтқышқылды, сіркеқышқылды бактериялар мен ашытқыдан тұратын функционалды сусын. Ол сүтқышқылды аралас ашыту арқылы қалыптасады. Сүтқышқылды бактериялар гомоферментативті және гетероферментативті болып жіктеледі.
Айран микрофлорасына мына микроағзалардың тобы кіреді:
1. Мезофилді сүтқышқылды стрептококктар (сфералық S. lactis, S. cremoris).
2. Мезофилді сүтқышқылды таяқшалар (лактобациллалар Веtа- и Streptobacterium).
3. Термофилді сүтқышқылды таяқшалар (лактобациллалар L. casei).
4. Сүт ашытқысы саңырауқұлақ стромасымен тығыз байланысты.