Иммунитет, оның түрлері, маңызы



бет2/3
Дата16.12.2021
өлшемі19,8 Kb.
#101828
1   2   3
Байланысты:
Иммунитет

Адамның иммунитеті – ол бактериялар, микробтар, вирустар сияқты бөтен организмдер мен инфекциялардың әртүрлі түрлерімен қарсыласатын, ағзаның қорғаушы әрекеті. Біздің ағзамыз иммундық жүйенің бар болуының салдарынан ауруларды жеңіп шығады. Иммунитет бөгде қозғаушы күштерді анықтау қабілеттілігіне және оларды адам ағзасынан қоршауға ие болады.
Иммунитетті нығайтудың әдістері:

1. Өмір салтын белсенді жүргізу қажет. Жүзу, жүгіру, жаяу серуендеу, велосипед тебу, гимнастика не аэробикамен үнемі айналысу иммундық жүйені жақсы нығайтады.


2. Денеңді дұрыс босаңсытуды үйрену керек. Сіз жұмыстан келген соң диванға аз уақыт жатып бой жазуыңыз керек. Көзді жұмып, қолды өз денеңнің бойымен созып және қандай да бір жанға жағымды нәрсені ойлап, бұл кезде терең және бір қалыпты дем алу керек. Бой жазатын әуенді қосуға болады. Релаксацияның бұндай әдісі күні бойы жиналған шаршағандықты жақсы басады және сіздің иммунитетіңізді күйзеліске жеңіп шығуға жол бермейді.
3. Саунаға бару керек немесе моншада шабыну керек. Төмен және жоғары ыстықты алмастыру – ол иммундық жүйені шынықтыру болып табылады. Бұндай деңгейлі айырмалар ағзаны бабына келтіреді және тұмауды және созылмалы бронхтың қабынып ауыруын ұмытып кетуге көмектеседі. Саунаға баруға уақыт және мүмкіндік жоқ болған жағдайда, оны ыстық және суық суға шайынумен де алмастыра алады.
4. Адам ағзасына қолайлы болатын арнайы дәрі-дәрмектерді немесе шөптерді, тағамдарды ішіп-жеу керек.
5. Иммунитетті нығайтуға көмек көрсететін, табиғи заттар: адамтамыр, шәңгіш, итмұрын, сарымсақ, пияз, қызылмия, шайқурай, қызыл беде, сүйелшөп, қызылтамыр, девясил, бақбақ.
6. Арқаны сақтау керек. Барлық адамдың арқасындағы екі жауырынның арасында сатайтын жері бар. Бұл жер – ол тыныс алу мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің кескіні. Бұл жүйелерді нығайту үшін арқаны жиі уқалап жұмсарту және сылау керек.
7. Иммундық жүйенің сау болуының ең басты жолы – ол оптимизм. Психологтар бұрыннан бері оптимист адамдар пессимист адамдарға қарағанда сирек және жеңіл ауыратынына көз жеткізді. Өмірге деген жақсы және парасатты қатынасты сақтау үшін жағымсыз төтенше жағдайлар туралы бағдарламаларды теледидардан аздап көру керек.
8. Қоршаған ортаның жақсы бейнесі көбірек болсын. Көптеген адамдардың аурулары сұр, күңгірт түстермен және қағымен байланысты болады. Өз айналаңызда денсаулықтың ақпараттық ой өрісін жасаңыз. Киімнің ашық түрлерінің үйлесімін таңдаңыз, үйдің ішкі көрінісіне ашық түстерді қосыңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет