Бұл класқа не бәрі 20 шақты, негізінен тропикты жақтарда өсетін қыналар жатады. Кейінгі уақытта бұлардың кейбіртүрлері қоңыржай, субарктикадан да табылды. Бұл қынаның микобионтты болып афиллофоралықтар мен агарикалықтар есептелсе, фикобионтты болып жасыл және көк – жасыл балдырлар есептеледі. Базидиалды қыналардың қалталы қыналардан негізгі айырмашылығы: 1. Жемісті денелері бір жыл ғана өмір сүрсе, қалталы қыналарда ондаған жылдар өмір сүреді. 2. Базидиалды саңырауқұлақтар мен балдырлардың симбиозда ерекше морфологиялық тіршілік формалары құралмайды. Бұл қыналар сырт пішіні жағынан симбиозға қатысатын саңырауқұлақтарға ұқсас және қарапайым келеді. Сондықтан бұларды жартылай қына деп аталады. 3. Көпшілік қалталы қыналарға тән арнаулы қына қына қышқылдары түзелмейді. Базидиалды қыналардың жүйесі толық зерттелмеген. Кейінгі кездерде жаңа базидиалды қыналардың табылуы олардың симбиоздық қарым-қатынастарының эволюциялық жағынан қарапайым және жас екенін аңғартады. Қыналардың филогенезі. Қыналардың шығу тегі – полифилетикалық әр уақытта саңырауқұлақтардың түрлі систематикалық топтарына жататын түрлері әр түрлі балдырлармен жанасуы, ұзақ уақт бойы бір-бірімен селбесіп қалыптасуы нәтижесінде өз алдына морфологиялық және физиологиялық қасиеттері бар жаңа организмге айналған және бұлар филогенетикалық дамудың жаңа заңдылықтарымен дамыған. Қыналардың эволюциясы негізінен қабаттардың құрылымы және пішінінің күрделену бағытына қабықтыдан жапырақты, одан бұтақты түрлеріне қарай дамыған. Соған байланысты ауадағы көмір қышқыл газын ассимиляциялайтын бетінің ұлғаюына, субстратқа тәуелділігі кемігені және атмосфералық қоректенуге қарай көшкендігі байқалады. Соредий, изидий және леканорикалық апотецийлер арқылы көбею – қынаның эволюциялық даму барысында пайда болған. Қазба қалдықтардан табылған қыналар өте аз. Олардың қалдықтары бор және кайнозой қабаттарынан белгілі.
Қыналардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Қыналардың табиғаттағы маңызы ерекше, басқа өсімдіктер өсе алмайтын жартастарды мекендеп, онда шаң-тозаңның жиналуына және басқа төменгі сатдағы өсімдіктермен бірігіп, қарашіріктердің құралуына көмектеседі. Мұндай жерлерге мүктер және басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсе бастайды. Сөйтіп қыналар өсімдіктердің таралуында алғашқы болып есептеледі. Шарушылықтағы аса маңызды қыналарға солтүстік жақтарда өсетін бұғы «мүгі» мен «исландия мүгі» жатады. Бұлар – бұғы шаруашылығының негізгі азығы. Оңтүстік аудандарда қыналарды қой, сиыр малдары да жейді. «Исландия мүгінің» - Cetraria Islandica құрамында көп мөлшерде углеводтың болуына байланысты, кейбір елдерде, бұл қынаны және басқа қыналарды спирт өндірісіне пайдалануға да мүмкіндік тууы ғажап емес. Жапонияда жартастарда өсетін жапырақты умбиликория – Umbilicaria esculenta қынасын тамаққа пайдаланады. «Исландия мүгінің» Cetraria islandica, Peltigera canina, Labaria pulmonaria, Xanthoria parietina , Parmelia vagans т.б. қыналардың шайын бұрын іш, өкпе, эпилепсия, безгек ауруларына қарсы дәрмек есебінде қолданған. Жалпақ жапырақты ағаштарда көп тарған «емен мүгі» Evernia prunastri парфюмерия өндірісінде қолданады. Египетте оны нанға жақсы дәм беру үшін пайдаланады. Рочелла – Rochella fucoides және басқа қыналардан лакмус бояуын алады. Кейбір қыналарды косметика, парфюмерия өндірісінде пайдаланады. Cetraria cucculata қынасында С витамині көп. Evernia prunastri және басқа қыналардан алынатын эвозин,парамицин, усинимицин антибиотиктерін туберкулез, тері, сыздауық және басқа ауруларды емдеуге қолданады. Ал летарияны – Letaria vulpina солтүстік аудандарда қасқырды уландыру үшін пайдаланды. Қыналардың зиянды шақтары шамалы. Тек ағашта өсетін қыналар ағашқа зиян келтіретін насекомдардың жиналуына қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан ағаштарда бордосс сұйығын бүріксе, қыналар солып қалады. Кейінгі кездерде қыналардың физиологиясын және олардың химиялық құрамын зерттеу жұмыстары кең көлемде жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қыналардың ішінде тамақ ретінде, парфюмерияда, бояу және дәрі-дәрмек ретінде пайдаланылатын маңызды түрлерінің бар екені анықталды. Қазақстан аумағында кездесетін қыналарды зерттеу жұмыстары кейінгі кездерде ғана басталды. Е. И. Андрееваның «Флоро споровых растений» атты еңбегінде біздегі қыналардың саны 485-тей екенін баяндайды, бірақ бұл сан толық емес. Бұл қыналар әр түрлі экологиялық жағдайларда кездесіп, түрлі төсеміктерді мекен етеді. Соған байланысты оларды бірнеше экологиялық топтарға бөлуге болады. Барлық кездесетін қыналардың басым көпшілігі тасты төсемікті мекендейтін – эпилитті формаға жатады (Rhizocarpon geographicum, Graphis scripta, Lecidea, Lecanora т.б.). Ал одан кейін топырақ бетінде өсетіндер – эпигейлі қыналар. Олардың ішінде қаспақты, қабыршақты, жапырақты және бұталы формалар сандары жағынан біркелкі. Топырақ бетінде кездесетін қыналар күн түсіп тұратын ашық жерлерге таралған, көлеңкелі ылғалды жерлерде кездеспейді десе де болады. Алайда, қыналар ылғалды жақсы көреді. Топырақ бетінде жиі кездесетін қыналарға Parmelia vagans, Aspicilia esculenta, Cladonia rangiferina т.б. жатады. Шөлді далалы жерлерде көбінесе қаспақты формалар тараған. Эпилитті қыналардың ішінде әкті жерлерде өсетін кальцефилді формалар да кездеседі. Ағаштарда, оның бұтақтарында, бұталарда эпифитті тіршілік ететіінін қаспақты, қабыршақты, жапырақты, бұталы формалы болып келеді. Мүктерді мекен ететін бриофильді қыналар да аз емес. Өсімдік қалдықтарында да біраз қыналар тіршілік етеді. Қыналардың тіршілік мерзімі әр түрлі. Жапырақты және бұталы қыналардың басым көпшілігі 50100 жылға тіршілік етсе, кейбір қаспақты қыналар 4000 жылдай өмір сүреді. Қыналар ауаның тазалығын анықтайтын индикатор болып есептеледі. Әсіресе ауа лас болған жағдайдабұталы, одан кейін жапырақты қыналар жойылып кетеді.