2. Ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыс/ Научно-исследовательская (экспериментально-исследовательская) работа
2.1 План выполнения магистерской диссертации / Магистрлік диссертацияның орындалу жоспары
Тақырыбы(3 тілде) /
Тема диссертации (на трех языках)
«Мәңгілік ел» идеясы бойынша болашақ бастауыш білім педагогтердің азаматтық өзіндік санасын қалыптастыру
Формирование гражданского самосознания будущих педагогов начального образования на основе идеи «Мәңгілік ел»
Formation of civic consciousness of future primary education teachers based on the idea of" Mangilik El"
Ғылыми жетекші (Аты-жөні, ғылыми дәрежесі) /
Научный руководитель (Ф.И.О., научная степень, звание)
Жұмабаева А.Е. п.ғ.д., профессор, Умирбекова А.Н., PhD аға оқытушы
Өзектілігі / Актуальность
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Ал бұл міндет бастауыш білім беру жүйесіне тікелей қатысты да маңызды. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа тұлғаны қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі-білім мен тәрбие беру мазмұнын ұлттық негізде жетілдіру. Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы.
Елбасының «Қазақстан жолы -2050 бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ » атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы –болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды.Ал ең бастысы –еліміздің рухын көтеретін ұлы идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел » идеясы –елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріңдірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдында үлкен міндеттер қойды. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 100 нақты қадам» бағдарламасының 85-қадамы «Мәңгілік ел» идеясына арналды. Қазіргі кезде республикамыздың егемендігі мен бейбітшілігін сақтауда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тұлғаның азаматтық құндылықтарын дамыту арқылы азаматтық қоғамды қалыптастыруға үлкен мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында», «Бала құқығы туралы декларацияда» және үкімет құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басылым беттерінде айқын аңғарылады.
Мәңгілік Ел – біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. Біздің Мәңгілік Елді жасауымыздың басы тәрбиенің жаңа құндылықты моделі болып табылады, себебі білім беруде басқа саладағы сияқты барлық халықпен бірге ел тағдырын жасайтын балалар мен жастарды тәрбиелеу мен оқытуда еліктеуге лайық үлгі қажет.