Көші-қон халық санының, ұлттық құрамның өзгеруіне, оның облыстар бойынша бөлінуіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, көші-қон ауыл мен қала халқының арақатынасын өзгертуде, әлеуметтік- экономикалық проблемалар мен елдің қауіпсіздігі мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы
жылдарында Қазақстанда байырғы қазақ халқының пайызы төмен болды.
Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдың ерекшеліктеріне сәйкес белсендікөші-қонсаясатынжүргізебастады. 1992 жылғы маусымда көші-қон процесін заңнамалық ретке келтірудің құқықтық негіздерін қамтитын "Көшіпкелутуралы"заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ел аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам еркін жүріп-тұруға, сондай-ақтұрғылықтымекендіөзқалауыншатаңдапалуға құқығыбар. Әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ Қазақстанға қайтып оралуына құқығы бар.
5
6
ҰлыЖібекжолыныңҚазақстандағықалалардыңпайдаболуы мендамуындағырөлінталдаңыз.
Ең үлкен керуен жолы б.з. д. II ғасырда, Қытайдан Жерорта теңізіне қарай сауда жолдары салынған кезде жұмыс істей бастады. Ұлы Жібек жолының бір бөлігі ОңтүстікҚазақстанмен Жетісу аумағы арқылы өткен. Ұлы Жібек жолы Жетісудан шығысқа қарай, ал Оңтүстік Қазақстаннан Батысқа қарай бет алды, сондықтан Қазақстан Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің өзара ықпалы мен өзара байыту жолындағы байланыстырушы буын болды.