Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды атап, ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз


Көбіне 1-5жастағы балалар мен эндемиялық емес аудандардан жаңадан келгендер ауырады.Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.Инкубациялық кезеңі-5айдан-1жылға дейін



бет10/12
Дата29.05.2022
өлшемі2,9 Mb.
#145404
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Эпид эталон полный 2019-1

Көбіне 1-5жастағы балалар мен эндемиялық емес аудандардан жаңадан келгендер ауырады.Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.Инкубациялық кезеңі-5айдан-1жылға дейін.
Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.
Патогенезі.Денеге түскен жерінде гранулема пайда болады, лимфа түйіндері зақымданады,бауыр,көк бауыр,сүйек миында қабыну пайда болады.Белгілері:папула,температура 39-40℃, бауыр,көк бауыр улкеюі,салмақ азаюы,анемия.
Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады.
Диагностикасы.Төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады. Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с.
Тері лейшманиозын қоздырушы — Leishтапіа trоріса
Лейшманияның дерматотропты түрінің 3 түрлі тармағы белгілі: L. tгоріса mіnог; L. tгоріса majог (Жер шарының шығысында) және L.tгоріса mехісапа (Жер шарының батысында). Олар тері жасушаларында кездеседі.
Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.
Инвазия көзі болып адам және жабайы жануарлар (ұсақ кемірушілер) саналынады. Таратушылары болып шіркейлер есептелінеді. Ағзаның ашық жерлерінде ұзақ жазылмайтын жаралар пайда болады. Жара жазылғаннан кейін оның орнында тыртық із қалады.
Диагностикасы.Жара бетіндегі ылғалды микроскопиялық зерттеу арқылы жүргізіледі.
Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.



3

3

3

Науқас Берік, 20 жаста, Түркістан ауылдық округінің тұрғыны, мал басы, жазда Сырдария өзенінің маңында орналасқан шалғайдағы жайылымдық отгонаға барып, мал айналысудан бөлек, сол жерде, улкен иттердін күшіктерін сату үшін, иттерді асырайды. Дәрігерге оң жақ қабырға астылық ауырлық және әлсіздік шағымымен келген. Науқас айтуы бойынша ұзақ уақыт мазасыздыққа және теріде бөрітпелердің кезеңділікпен пайда болғандығына, қышынуға шағымданған. Дәрігер тексергенде науқас жағдайы қанағаттанарлық, өкпеде сырыл жоқ, бауыр 3 см ұлғайған және оң жақ бөлігінде төмпешік тәрізді тығыздық анықталған. Науқастың өмірлік анамнез ақпаратын жинағанда: отбасында ешкім ауырмаған, отбасы ауыл аймағынан сыртқа шықпаған, парентеральды егу жасалмаған. Эпид анамнез бойынша: иттері аймақта еркін жүреді. Ветеринармен дегельминтация мен вакцинация шараларын жүргізбеген. Сиырларына науқас күтімді өзі жүргізеді. Сиырлары аулада сойылады, келуші саудагерлерге сатылады, қалдық шикі еттермен иттерін қоректендіреді.
1.Инвазия көзі мен қоздырғыш атын анықтаңыз.
2.Инфекция көзін көрсетіңіз және түсіндіріңіз.
3.Берілу механизімін, негізгі жұғу жолдарын көрсетіңіз.
4.Инфекцияның барлық белгілеріне сәйкес жіктелуіне сипаттама беріңіз;
5.Санитарлық бақылау және орындалуын басшылыққа ала отырыппрофилактикасын сипаттаңыз.
Эхинококкоз этиологиясы, даму циклын схема түрінде түсіндіріп жазыңыз
Эхинококк (Echіnococcus granulosus) – таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 – 4 буыннан тұрады, ұзындығы 2 – 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген Эхинококк – іші сұйыққа толы, сырты қабықты көпіршік. Таспа түріндегі сатысы кейбір етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде дамиды. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі – қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғысы, ит, мысық, үй қояны ,тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында (көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек, талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек эхинококк (ұзындығы 0,5 см-дей) ит организміне түскеннен кейін 45 – 95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады да, олар шөпті, топырақты, мал түгін, суды, т.б. ластайды. Жылдың ылғалды кезеңдерінде (күзде, қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды.

Аралық иесі- организмінде жұмыртқадан онкосфера (кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан шығатын, пішіні шар тәрізді, алты ілмегі бар ұрықтық сатысы) дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан не лимфамен орган, тіндерге тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына дейін дамиды. Эхинококк әсерінен пайда болатын ауруды эхинококкоз деп атайды. Ауру қоздырғышы негізінен иттен, аздап қасқыр, шиебөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адамға иттен жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, т.б. ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі.Инвазия көзі – негізгі ит, сирек қасқыр, бұғы. Берілу механизмі нәжіс ауыз механизмі. Таратушы факторлар: ластанған жеміс жидек, кір қол, су, топырақ.


Ит ------ ластанған су--------- адам---------қой ------------ ит.
Қалалы жерлерде иттер жүретін саябақ сквер, аула, балалар алаңшалары эхинакокктармен ластанған, зерттелген топырақтың 20% жұғындылардың 3,6% су, жемістер 3,3-30% эхинакокк жұмыртқаларымен ластанғандығы анықталған.
Диагностикасы: Серологиялық әдіс – АГЕР, ИФА
Клиникасы: клиникалық көрінісі көпіршіктің орналасқан жеріне, оның көлеміне, ағзаның аллергизациялану дәрежесіне байланысты болып келеді. Улану симптомдарынан басқа бауыр эхинококкозы кезінде оң жақ қабырға астының, эпигастрий аймағының сыздап аурысынуы, ауырсынудың оң жақ иыққа және арқаға таралуының тән болады. Бауыр, әдетте, біркелкі емес ұлғайған, тығыздалған, ауырсынады. Кистаның жыртылуы кезінде құрсақ және плевра қуыстарының эхикокктармен толуы, жиі жағдайда анафилактикалық шокпен жүреді. Бауыр эхинококкозының ауыр асқыныстарына кистаның іріңдеуі, механикалық сарғаю, асцит жатады.
Өкпе эхинококкозының клиникалық көрінісінде 3 кезеңді ажыратады:
1) бастапқы, оған ұзақ уақытқа созылған құрғақ жөтел, қан қақыру, ентігу тән.
2) Кистаның даму кезеңі, зақымдалған кеуде бөлігінің сыртқа томпаюымен, перкуторлы дыбыстың тұйықталуымен сипатталады.
3) Ашық кистаның ақырғы кезеңі, ол бронхтарға немесе плевраға ашылады.
Эхинококкоздың емі хирургиялық, сонымен қатар альбендазол – 15мг/кг тәулігіне 4 апта бойына тағайындайды.



3

3

4

Науқас Сарсенкүл 2 жаста, Ақжелкен бала-бақшасына барады. Гельминтоздарға жоспарлы медициналық тексеру барысында, қыздың нәжіс талдауынан Enterebus vermicularis глист жұмыртқалары бар екендігі анықталды. (15.10.18). Эпид ошақты тексеру барысында отбасы 7 адамнан тұратындығы, ата-әжесі (зейнеткер), қыздың әкесі-базарда жеміс сатушысы, анасы- Ақжелкен бала-бақшасында тәрбиеші, екі ағасының бірі 3, бірі 6 сынып оқушылары, кішкентай сіңілісі-мектепке бармайтындығы анықталды. Эпидемиолог тексеру барысында– отбасының 3 бөлмелі тұрғын үйде тұратындығын, санитарлық жағдайы қанағаттанарлықсыз, аулада аула – санитарлық су құбыры орналасқандығын, жергілікті септиктің жоқ екендігі, жуынды мен шайынды суларды бау-бақшаға төгілетіндігі белгілі болды. Тұрғын үй аумағынан су мен топырақ сынамалары 5 жағынды алынып, онда гельмит жұмыртқалары бар екендігі анықталды.
1.Инвазия көзі мен қоздырғыш атын анықтаңыз
2.Болжамды және күдікті инфекция көзін көрсетіп, түсіндіріңіз.
3.Берілу механизімін, негізгі және қосымша жұғу жолдарын көрсетіңіз.
4.Паразитті инвзия жіктелулері бойынша сипаттама көрсетіңіз.
5.Алдын-алу шараларын ұйымдастырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет