Қандай да бір түсінік немесе ұғым танымдық мәнге ие болу үшін оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері нақты мәнге ие көздермен сипатталып, анықталуы керек. Бұл талап - оқулық мазмұнын құрастыру мен оқу үдерісін ұйымдастыру барысында оқушыда нақты, ғылыми ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мысалы, оқклықта «Дінтану әліппесі» айдарымен түсінік сөздерін ұсыну немесе түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуге жағдай тудыру.
Оқытудың ғылыми негізділік принципін түсініктілік принципімен байланыстық қараған жөн. Бұл жерже түсініктілік оқушыға жеңіл болу деген сөз емес, оқушының таным әрекетінің мүмкіндігіне сай болу деп түсіну керек. Осындай байланыс арқылы білім мазмұны ғылыми нақтыланған мазмұнға, ал оқу үдерісі оқушының дене және ақыл- ойының жұмыс істеуіне, ширауына, таным мүмкіндігінің артуына әкеледі. Мысалы, конференция, дөңгелек үстел, т.б. іскерлік ойындар ұйымдастыру оқушының өзін белгілі бір келбетте сезіні, әрекет үстінде тануына жол ашады.
Жүйелілік пен бірізділік принципі.Оқу материалы мен оқу үдерісі пән мазмұнының тарихи педагогоикалық бірізділігін сақатй отырып ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, ұғымдардың ашылуы мен деректердің берілуі өздерінің тарихи ретімен және мазмұн сабақтастығы логикасымен берілуі тиіс. Мәтінде негізгі ой мен басты мақсат айқын берілуі тиіс, соларды ашу үшін келтірілген деректерді салыстыру, талдау, ой тұжырымдау қажеттілігі жасалынуы керек. Бұл принцип жаңа материалды беру алдында оқылған материалды еске түсіріп, қайталауы қажет етеді. Сонымен бірге әрбір сабақта келесі тақырыпты енгізуге негіз дайындау қажет. Сонымен мұғалім сабаққа дайындалғанда бір мезгілде екі-үш сабақтың оқу материалдарын дайындауы қажет. Тақырып соңында өтілген оқу материалы бойынша түрлі тапсырмалар арқылы жаңа ойларға, пікірлерге жетелеп отыру қажет. Мысалы, салыстыру кестелері, Венн диаграммасы, екі түрлі пікір сызбалары, т.б.