Информационное письмо


Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)



бет117/119
Дата31.01.2022
өлшемі326,19 Kb.
#116550
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
сөзжасам, морф 2020етістік (2)
Мектепішілік олимпиада 7 сынып, Мемлекет астаналары тізімі — Уикипедия 210430 094102, 2-сабақ. Адам ағзасындағы физиологиялық үдерістерді реттеу мысалында кері байланыс принциптері, 574e6fd3-6739-4ae4-9871-f54612a35d24, №12 Закономерности распространения минеральных ресурсов в Казахстане (1)
9. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)

1-аралық бақылау тапсырмалары:

  1. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер – сызба (слайдт түрінде) әзірлеу.

  2. 50 сөйлемге сөзжасамдық талдау жасап, жазба дәптерін тапсыру.

  3. “Қазіргі қазақ сөзжасамының зерттелу жайы” тақырыбында реферат қорғау.


2-аралық бақылау тапсырмалары:

  1. “Қазіргі қазақ морфологиясының зерттелу жайы” тақырыбында реферат қорғау.

  2. 50 сөйлемге морфологиялық талдау жасап, жазба дәптерін тапсыру.

  3. Тілдік материал жинақтап, тапсыру.



10. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы» пәні бойынша

емтихан сұрақтары


  1. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы.

  2. Сөзжасамдық тәсілдер.

  3. Сөзжасамдық мағына.

  4. Туынды сөздер.

  5. Сөзжасамдық ұя.

  6. Грамматикалық мағына және оның түрлері, берілу тәсілдері мен жолдары.

  7. Етістік. Негізгі және көмекші етістіктер. Зерттелу жайы.

  8. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары. Қазақ тіл білімінде сөз таптарының зерттелуі.

  9. Салттылық және сабақтылық категориясы.

  10. Зат есімнің жалпы сипаты. Адамзат және ғаламзат есімдері. Жалпы және жалқы есім.

  11. Етіс – етістіктің ерекше категориясы. Өздік етіс. Ырықсыз етіс.

  12. Зат есімнің көптік категориясы, зерттелу жайы.

  13. Етістіктің болымды-болымсыз категориясы.

  14. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Сын есімнің мағыналық топтары.

  15. Қимылдың өту сипаты категориясы. Ғалымдар көзқарастары.

  16. Сапалық сын есімнің шырай категориясы.

  17. Есімше. Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешелігі. Есімшелердің етістікке жақын белгілері.

  18. Сан есім, өзіндік ерекшеліктері, құрылымы. Дара және күрделі сандар. Сан есімнің синтаксистік қызметі.

  19. Көсемше, оған тән белгілер. Көсемше жұрнақтары.

  20. Есімдік туралы түсінік. Есімдіктердің түрленуі, синтаксистік қызметі.

  21. Етістіктің рай категориясы. Ашық рай.

  22. Еліктеу сөздер туралы түсінік. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.

  23. Шақ категориясы, оның түрлері.

  24. Шылау. Жалғаулықтар, мағыналық қатынастармен байланысты түрлері.

  25. Етістіктің жақ категориясы.

  26. Одағайдың түрлері, көңіл-күй одағайлары, императивтік ишара одағайлары, тұрмыс-салт одағайлары.

  27. Аналитикалық форманттар. Зерттелу жайы.

  28. Үстеудің лексика-семантикалық сипаты. Үстеудің құрамдық түрлері. Көлемдік септік жалғаулары арқылы жасалған үстеулер.

  29. Өткен шақ, грамматикалық формасы мен мағыналық ерекшеліктері, түрлері.

  30. Грамматика туралы түсінік. Морфология мен синтаксис саласының бір-бірімен байланыстылығы.

  31. Осы шақ, мағынасы мен түрлері.

  32. Көмекші есімдер туралы толық түсінік.

  33. Келер шақ, мағыналық түрлері.

  34. Зат есімнің тәуелдік категориясы, зерттелу жайы.

  35. Қалау рай, жасалу жолдары, жіктелуі.

  36. Зат есімнің септік категориясы, сөздердің септелу жүйесі.

  37. Қимылдың жасалу тәсілдері мен берілу жолдары.

  38. Зат есімнің жіктелуі, жіктік жалғауының түрлері.

  39. Етіс қосымшаларының салт және сабақты етістікпен байланысы.

  40. Сапалық сын есім және қатыстық сын есім. Зерттелу жайы.

  41. Есімшенің екі жақты қызметі. Есімшенің түрленуі.

  42. Сан есімнің мағыналық топтары: есептік сан есім, реттік сан есім.

  43. Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары, жіктелу ерекшеліктері.

  44. Есімдіктің мағыналық топтары: жіктеу есімдіктер, сілтеу есімдіктер.

  45. Шартты рай, білдіретін мағыналары, жасалу көрсеткіштері.

  46. Есімдіктің мағыналық топтары: болымсыздық есімдіктер, жалпылау есімдіктер.

  47. Модаль сөздер, лексика-грамматикалық ерекшеліктері.

  48. Есімдіктің мағыналық топтары: сұрау есімдіктер, өздік есімдіктер, белгісіздік есімдіктер.

  49. Етістік категориялары және олардың ерекшеліктері.

  50. Сан есімнің мағыналық топтары: жинақтық сан есім, топтық сан есім.

  51. Одағайлардың мағыналық ерекшеліктері. Одағайлардың құрамы.

  52. Сан есімнің мағыналық топтары: болжалдық сан есім, бөлшектік сан есім.

  53. Септеуліктер, септік жалғаудың мағынасы мен атқаратын қызметіне ұқсастығы.

  54. Етіс түрлері: өзгелік етіс, ортақ етіс.

  55. Демеуліктер, негізгі сөзге үстейтін мағыналарына қарай түрлері.

  56. Қимыл есімі, жұрнақтары, түрлену жүйесі.

  57. Бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты.

  58. Үстеудің семантикалық топтары: мезгіл үстеулері, мөлшер үстеулері.

  59. Жетекші етістік пен көмекші етістік. Олардың арақатынасы.

  60. Үстеудің семантикалық топтары: мекен үстеулері, сын-қимыл үстеулері.

  61. Тұр, жүр, отыр, жат(ыр) етістіктерінің мағыналары. Де көмекші етістігі.

  62. Үстеудің семантикалық топтары: күшейтпелі үстеулер, себеп-салдар үстеулері, мақсат үстеулері.

  63. Жалаң және күрделенген аналитикалық форманттар, олардың мағыналары.

  64. Грамматикалық форма, өзіндік белгілері мен ерекшеліктері. Грамматикалық категория.

Модаль сөздердің қалыптасу көздері, семантикалық сипаты және қолданылу ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет