«Информатика – Математика» апталығының ашылу салтанаты Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Математика-Информатика»



Дата15.09.2017
өлшемі98,39 Kb.
#33787
«Информатика – Математика» апталығының ашылу салтанаты

         Құрметті оқушылар мен ұстаздар!  Бүгінгі «Математика-Информатика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!         Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар информатика мен математиканы тек сабақта ғана  пайдаланып қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту.Олай болса бүгінгі апталыққа байланысты дайындап келген оқушылардың бір-екі шумақ өлеңдерін тыңдайық.



1-    Оқушы: Ғылымдардың патшаасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың


2-    Оқушы:  Армысыңдар, бүгінгі  кешке  жиналған  қауым!
Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген


3-    Оқушы  Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың


4-    Оқушы Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар.  Қатыратын бастарыңызды , Апталық міне басталды.

ӘН: …………………………………………………………..

Осы әннен кейін кейін информатка мен математика пәні бойынша білімдерімізді  толықтырайық.

  1. Геометрияда жаңалық ашқан Зевс құдайына ашқан  үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Ж: пифагор)

  2. Информатика қандай  ғылым (ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зерттейтiн жаңа ғылыми пән.)

  3. Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей- ақ қойсын деген кімнің сөзі (Платон)

  4. Компьютердің  құрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата (2-ге негізгі және қосымша)

  5. Арифметика дегеніміз – бұл математиканың негізі. Осы сөзді айтқан орыс жазушысы кім? (Л.Н.Толстой)

  6. Бірінші баланың әкесі  ұлына 150 сом,ал екінші ұлына 100 сом берді.дегенмен екі ұлы бірігіп өздерінің  қорларына  150 сомға, ғана көбейткені  белгілі болды.  Неліктен?

  7. Самолет А-дан В қаласына  дейінгі қашықтықты  1 сағат 20 минутта ұшып өтті.  Ал қайтра жолда 80- ақ минутта ұшты . Бұл қалай?

  8. Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)

  9. Кішкене ғана саусаққа,Ұқсайды ма білмеймін. Сақұтай алар өзіне барлық қызық дүниені.  (Ж.Флэшка)

  10.   Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жбасын жасады.)

  11. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)

  12. Microsoft  фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)

  13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)

  14. Теріс санды «бересі» демей нөлден  кіші сан деп атаған математиктер кімдер? (Ж: Неміс математиктері М.Штифель, А.Жирар)

  15.   Windows сөзінің қазақша бламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)

  16. 16.                       айнымалы шама ұғымын ең алғаш математикаға енгізген  француздың атақты математигі кім?  (Ж: 1641 жылы Лейбниц)

  17. Вирустың кері  әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)

  18. Жиын теориясының негізін салушы кім? (ХІХ ғасырдың екінші жартысы  , Г.Контер)

  19. Екілік санау жүйесінің  сандары (Ж: 0 мен 1 )

  20. Қазіргі қолданылып жүрген теңдік  (=) белгісін бірінші рет қолданған   ағылшын дәрігері кім? (Рекорд 1557 жыл) 

Компьютердің айналаындағы әзіл-қалжыңдар.

  1. Интернетке кіріп алып,  қайда баратыныңды білмесең дисперсияға ұшырағаның…..

  2. Баласының ұмытқанын көрген әкесі баласына: балам –ау сенің жадын форматталып кеткен ба ?- депті, әлде вирус кіріп кеткен ба ? не қарап тұсын депті.

  3. Бір тарақан өлтіру үшін неше программалаушы қажет?. Екеу….. біреуі тарақанды ұстап тұрады, екіншісі оны тышқанмен бастырады.

  4. Оқушы программалаушыдан   Windows 95, Windows XP,  DOS  операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндірудісұрадыы: программалаушы оған:

-         Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып тұр, ішке кірсең кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырап тұр.  Жолаушылар отырған соң , ұшақ аэропортты  бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрады. Бұл- Windows XP

-         Келесі орында тағы бр ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң , ол аэропортты  бір айналады да жарылып , жерге құлайды. Бұл- Windows 95

-         Ал үшіншісі ұшақтың  түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді.Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп,өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң , ақырын ұшып барып барар жеріне жетеді. Бұл- DOS деп түсіндіреді.

 

Келесі кезекте тақтада ілініп тұрған «Математика» туралы ұлы ғалымдардың айтқан  сөздерінен мысал келтірілді.



  1. Математиканың түсінікті болған 10 беті, түсінбей жаттап алған жүз беттен артық, ал өздігінен  оқып игерген бір сәт , әйтеуір түсінікті он беттен артық.    Юнг

  2. Еңбек пен жаңалық ашудың байтақ және қиырларына апаратын кең жол мектеп білген матеатикалық білімдер арқылы өтеді   Маркушевич

  3.  Математика – ұлы ғылым,  адамның ең бір асыл қасиеттерінің тамаша жемісі.   Писарев Д.И

  4.  Математикада  формуланы есте сақтау қажет емес, тек ойлау процестерін есте сақтау керек.  Ермаков

Құрметті оқушылар бір апта бойы өз жалғасын табатын аптылқтың бағдарламсымен сіздерді таныстырып өтейін.

Дүйсенбі:

1.  Апталықтың ашылу салтанаты

2. Қызықты есептер (математика және информатикаға байланысты)

Сейсенбі:

  1. «Информатика» пәні бойынша  тренинг

  2. «ХХІ ғасыр- техника ғасыры» тақырыбы бойынша баяндама оқылады. Кез-келген оқушы келіп , мұғалімнің баяндамсын тыңдап, өз ойларын ортаға салады (ашық есік күні)

Сәрсенбі:

  1. «Информатика» пәні бойынша  ашық сабақ

  2. «Қызықты математика» үйірмесі бойынша ашық сабақ

Бейсенбі:  Оқушылра шығармашылығы

  1. Математика және Информатика пәндері бойынша еркін тақырыпта баяндама , рефераттар жазып қорғайды.

Жұма:

  1. «Математика» пәні бойынша ашық сабақ

  2. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалдық ойыны

Сенбі:

  1. Қорытынды кеш . Марапаттау.

Елбасымыз «ХХІ  ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым  мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы. 20 жыл ішінде  біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.

Бүгінгі кешті мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып  жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!


1- Жүргізуші 

-Уа, халайық, халайық,


Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып

2- Жүргізуші

Шабыт тасып шалқысып,


Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық

1-жүргізуші

Асып әсте саспайық


Батыл қадам бастайық
Еркіңді билап барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.

2-жүргізуші

Мұнда қызық табылар


Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.

1-жүргізуші

Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.



ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ.

«Информатиктер» тобы!

Армысыңдар, бүгінгі  кешке  жиналған  қауым!


Құтқарып  ауыр  бейнеттен
Техниканы  үйреткен
Роботтай –адамды
Тіл  бітіріп  сөйлеткен
Компьютер  емей  немене
Білмегенді  білдірген
Өлшеп  киім  кигізген
Барлық  істі  атқарып
Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене
Бәріңіз  маған  қараңыз!
Ойынымызды  бастайық
Алуан  түрлі  ойларды
Ортамызға  тастайық.
Информатика  пәнінен
Көрсетіп  біздер  батырлық
Ой  толғалық  жүйелі
Таңдайымызға  татырлық 

«Физиктер» тобы

Уа, халайық, халайық!


Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.

«Математиктер» тобы

Ғылымдардың патшаасы атанған,


Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Музыкалық номер: «Математика»- Марданова Мадина, Мақсұтова Мөлдір. Математикалық ертегі:

Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты.  Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт.  Сонда:

- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?
- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.
-Сен ше?
- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.
Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.
Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.
- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.
- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!
- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.
- Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен  сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.
Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.
- Сәлеметсіз бе? – деп қария амандасады.
- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?
- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.
- Сағат неше болды?- деп сұрайды.
- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.
- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? Сонда әженің 2 немересі есептерді шығарады

Кейін сандардың бәрі былай деп оралады: 

Бір дегенім- бесік,


Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төр дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.

1 – жүргізуші:

Бұл адамдар ардақтаған халықты


Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.

2-жүргізуші:Көрініс:_Ньютон_туралыӘн_шашау'>2-жүргізуші:Көрініс: Ньютон туралыӘн шашау:

ФИЗИКА ( «Ана туралы жыр» әнінің мотиві)

Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

2-жүргізуші 

Жиналған ылғи дарындар,


Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Фигуралар тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.

Үшбұрыш:

Мен үшбұрышпын,


Ылғи үштен түрамын.
Үш қабырға, үш төбе,
Үш бұрын болып құрамым.

Төртбұрыш:

Мен төртбұрышпын,


Көпбұрыштың бірімін.
Үшбұрыштан болсам да жас,
Бірақ одан ірімін.

Тіктөртбұрыш

Математиканы білместерге


Құбыжық болып көрінем.
Бар бұрышым тік болса,
Тік төртбұрыш деп аталам.

Параллелограмм

Қарам-ақарсы қабырғам,


Параллель әрі тең болса.
Іргелес жатқан бұрыштар.
Бірінен бірі кем болса.
Қосындысы бірақ та,
180- қа тең болса,
деп аталам!

Ромб

Ромбы атты бауырым,


Бәрінен де сымбатты.
Білімділер кеудеге,
Тағады заттай қымбатты.

Трапеция

Трапеция туыстың,


Ашуы мүлде тым қатты.
Параллелограмм атасын,
Жартылай ғана тыңдапты.

  • Информатик ағайдың жиында берген батасы:

Ортаға бір топ  оқушы шығады.  Дөңгеленіп отыра калады.  Ішінен біреуі сурылып шығып:
- Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.
-  Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін,  CTRL ALT DEL  үнемі жар болып қолдай берсін,  ENTER!

Информатика

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,


Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет