Алфавитте 1 таңбаның салмағы 8 битке тең. Алфавиттегі таңба санын есептеңіз.
Оқушы компьютерде «Биология» пәнінен реферат дайындады. Файлда 25 бет бар. Әрбір бетте – 40 қатар, ал әрбір қатарда 60 таңба бар болғанда, файлдағы ақпарат көлемін есептеңіз.
Мұғалім оқушыларға 20 таңбадан тұратын мәтінді компьютерде теру тапсырмасын берді. Оқушы мәтінді қуаты 16 таңбадан тұратын алфавитпен терді, ал Болат қуаты 256 таңба болатын алфавитпен терді. Екі түрлі алфавитпен жазылған ақпарат көлемін анықтаңыз және ерекшелігін түсіндіріңіз.
Ақпарат көлемі:
Ерекшелігі:
«Activ» орталығы қолданушыларына хабарлама жіберді. Хабарлама көлемі – 10 байт. Ақпарат көлемін Мбайт және Кбайт түрінде көрсетіңіз.