Пәнаралық байланыстар
|
Математика.
|
Алдыңғы білім
|
Проблема қоюды қалыптастыру.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен
амандасу, түгендеу. Сыныпта жақсы көңіл күй мен ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында
«Заряд алу» әдісімен
психологиялық ойын ойнайды.
|
Топтастыру
«Мозаика» әдісі Арнайы қиылған қағаз қиындыларын жинақтау арқылы 2 топқа бірігеді.
1-топ, 2-топ.
|
|
Қағаз қиындылары.
|
3 мин
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі.
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар топтамасы интерактивті тақтадан көрсетіледі.
|
Pythonда тармақталған алгоритмдерді пайдаланып, есептердің қарапайым алгоритмдерін қалай құрастыруға болады?
Алгоритмнің қандай қасиеттерімен таныссың?
Қандай дайын алгоритмдерді білесің?
Тармақталған алгоритмдерге арналған, бұрыннан белгілі қандай тиімді алгоритмдерден
хабарың бар?
|
Бағалау Оқушылар бір-бірін
«Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
Сары түс
– талпын. Көк түс – жақсы.
Күлгін түс –
жарайсың.
|
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
«ДЖИГСО» әдісі
(Т) Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі.
Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады. Кейін топтар арасында
жаңа ақпаратпен таныстыру, ой бөлісу жұмысы жалғасады.
|
Дескриптор:
Берілген мәтінді оқиды.
Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді.
Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады.
|
Бағалау Топтар бір- бірін
«Жұлдызша» әдісі
арқылы бағалайды. Сары түс – талпын.
Көк түс –
жақсы. Күлгін түс – жарайсың.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Практикалық жұмыс
Оқушылар оқулықта берілген практикалық жұмыстың үлгісімен
танысып,
|
Дескриптор:
- Оқулықтағы есептің шығарылу үлгісімен танысады.
|
Бағалау Топтар бір- бірін
«Жұлдызша» әдісі
|
|
21 мин
|
алгоритмдерді есептер шешуде қалай қолдануға болатынын түсініп, келесі талдау жасайтын
1- тапсырманы орындайды. (Т) Талдау
2, 3 және 4- схемаларды, олардың 1, 2 және 3 - суреттегі программа кодтарымен салыстыра отырып талдаңдар. 4- суреттегі «Жалақы» есебінің программа кодының блок- схемалық алгоритмін
әзірлеңдер.
|
- 2, 3 және 4- схемаларды, олардың 1, 2 және 3-суреттегі программа кодтарымен салыстырып, талдайды.
- «Жалақы» есебінің программа кодының блок- схемалық алгоритмін әзірлейді.
|
арқылы бағалайды. Сары түс - талпын.
Көк түс -
жақсы.
Күлгін түс -
жарайсың.
|
|
|
(Ж) «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі
1-тапсырма
Егер берілген үш таңбалы N саны жұп болса, санның соңғы цифры 5 тен үлкен болса, сан екі жақтан оқығанда бірдей оқылса (палиндром), онда экранға «1»,
әйтпесе «0» шығар. Тапсырманың блок- схемасын құр.
Мысалы Нәтиже
636 1
434 0
|
Дескриптор:
Берілген үш таңбалы N санының нәтижесі «1»
әйтпесе «0» шығатындай етіп экранға шығарады.
Тапсырманың блок-схемасын құрады.
|
Бағалау: Жұптар бір- бірін
«Жұлдызша» әдісі
арқылы бағалайды. Сары түс – талпын.
Көк түс –
жақсы. Күлгін түс – жарайсың.
|
|
Сабақтың соңы
7 мин
Рефлексия
|
Сабақты бекіту
(Ұ) «Желпуіш» әдісі бойынша оқушылар А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасап, әрбір бөлігіне кезекпен төмендегі 3 сұраққа өз жауаптарын жазып, кейін оны бір-бірімен
бөліседі.
|
Алгоритм әзірлеуде алгоритмдердің қасиеттерін білу қаншалықты маңызды.
Алгоритмді сипаттаудың қандай түрлері бар?
Оларды программалау барысында қолдану қаншалықты маңызды?
Есепті программалау барысында, оның
алгоритмін әзірлеу қалай жүзеге асады?
|
Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы
«Жұлдызша» әдісі арқылы жүргізіледі.
Сары түс –
талпын.
Көк түс –
жақсы. Күлгін түс – жарайсың.
|
|
|
Үй тапсырмасы
Алгоритмнің қасиеттеріне өмірден мысал келтіріңдер. Алгоритмнің қасиеттері бойынша өзіңді тәрбиелеу қаншалықты маңызды. Шағын эссе жаз.
|
ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.
№ 1 тапсырманы орындау арқылы салыстыруды, талдауды үйренеді. «Жалақы» деген ұғымды түсініп, табыс табудың мәнін түсінеді. № 2 тапсырмадағы блоксхемаларды сызу арқыры кез келген жағдайда дұрыс жоспарлауға бейімделеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |