Оқулықпен жұмыс
тапсырма. Келесі оқыту іріктелімін жіктеп, жіктеу есептерін шығару үшін RBF нейрондық желісін құр.
Мұнда өнімдердің сапасы (тәттілігі пен қытырлауы) 10 балдық шәкіл бойынша бағаланады. Аталған өнімдердің әрқайсысы жатқы- зылатын түр (санат) белгілі.
Жаңа өнімді таңдап, жаңадан құрылған нейрондық желінің көме- гімен оны жікте.
Жіктеу есебін шешуге арналған K-жақын көршілер әдісі
тапсырма. 1-тапсырманың оқыту іріктелімін қолданып, өнімді жіктеу қажет.
Шешуі:
Егер абсцисс өсі бойынша тәттілікті, ал ординат өсі бойынша Қытырлауды жіктейтін график салсақ, онда графиктегі нүктелерді (өнімдерді) кластарға бөлуге болады:
сол жақ жоғарғы бұрышына көгөністер (қияр, сәбіз, ассүттіген жапырағы, балдыркөк) «топтастырылады»;
олар қытырламайды және тәттілерге жатпайды;
сол жақ төменгі бұрышына протеинге бай өнімдер (ет, асшаян, ірімшік, балық, жаңғақтар) орналастырылады;
олар қытырламайды және тәтті емес;
оң жақта жемістер (алма, алмұрт, жүзім, апельсин, банан) топтастырылған;
олар басқа кластармен салыстырғанда тәтті, бірақ қытырлау қасиеті жағынан әркелкі.
Достарыңызбен бөлісу: |