Информатика әдістемелік нұСҚАУ



бет164/164
Дата07.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#97210
түріПрограмма
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164
Байланысты:
kuntizbe11

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі, математика

Алдыңғы білім

Цифрлық сауаттылық

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.

Оқушылардан жобалық іс-әрекеттің не екенін еске түсіруді және жобаны орындау кезеңдерін атауды өтініңіз.



  • Зерттеу мәселесі (неге бұл мәселені зерттеген маңызды?)

  • Зерттеу мақсаты (нәтижесінде не болуы керек?)

  • Зерттеу міндеттері (мақсатқа қандай жолмен қол жеткізуге болады?)

  • Зерттеу барысы (не істеу керек?)

  • Нәтижелерді ресімдеу







  • Ақпараттық ресурстар (зерттелетін мәселе туралы толығырақ қайдан білуге болады?)




Сабақтың ортасы 26 мин.

Жоба тақырыптары

  • Цифрландыру әлемдік экономиканың тренді ретінде.

  • Блокчейн технологиясы – жаңа технологиялық революция.

  • Хеш-функция блокчейннің басты құрамаларының бірі ретінде.

  • Криптовалюталар – пайда болу тарихы, перспективасы, тәуекелдері.

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат негіздері.

  • Дербес мәліметтерді өңдеу кезінде пайда болатын құқықтық қатынастар.

  • Ақпараттық-құқықтық нормалар мен ақпараттық құқықтық қатынастар.

  • ЭЦҚ-да қолданылатын алгоритмдер.

  • ЕGov порталы. Жасалу жолы, мүмкіндіктері, перспективасы.

Жобаны бағалау критерийлерін құру (критерийлер оқушылармен бірге жасалады).


Жобалық жұмыстарды бағалау критерийлері
(олар сыныпта талқылау барысында өзгертілуі мүмкін және жобаны қорғау алдында түпкілікті бекітілуі тиіс)

  1. Материалдардың тақырыпқа сәйкестігі, құрылымы, тақырыпты толық ашуы.

  2. Жобаны таныстыру (жұмыс кезеңдерін сипаттау, таңдауды ынталандыру, техникалық құралдарды сипаттау, өз жұмысын талдау).

  3. Шешендік шеберлігі, топта сөз сөйлегенде үйлесімділігі, қосымша безендірудің болуы.

  4. Программалық өнім интерфейсі.

  5. Жобаны орындаудың дербестік деңгейі.

  6. Жоба тақырыбының өзектілігі мен құндылығы.

  7. Тақырыпты толық ашу деңгейі.

  8. Жоба проблемасын шешу үшін қандай да бір қосымшаларды қолданудың орындылығы.

  9. Жобаның мазмұнын ашудағы нақтылық пен ықшамдылық деңгейі.

Ойлануға берілген белгілі бір уақыттан кейін, оқушылар жобаның атауын, мақсаттары мен міндеттерін айтады, жобаға қойылар идеяны негіздейді. Жобаның ақпараттық картасын толтыруды ұсынуға болады.




ДК бойынша жеке жұмыс Жобамен жұмыс
Жобаны қорғауға даярлану.









Жобаны қорғау

Жобамен жұмыс бойынша кумулятивті сұхбат.


Әр оқушы немесе топ (егер жобаны бірнеше оқушы бірігіп жасаған болса) өз жобасын қорғайды. Жобаны қорғау үшін оппоненттер тағайындалады, параллель сыныптың озық оқушылары, информатика пәнінің мұғалімі немесе шақырылған қонақтар, ата-аналар оппонент бола алады.


Жобаны бағалау
Мұғалімнің сұрақтары:

  1. Жобамен жұмыс жасау барысында жаңадан не үйрендің?

  2. Жоба тапсырмсыа сен үшін өте қиын немесе өте оңай болды ма?

  3. Жобаны орындауға қанша уақытыңды жұмсадың?

  4. Жобаны жалғыз өзің жасадың ба әлде топпен бірге ме?

  5. Жобаны қорғау күрделі болды ма?

  6. Басқа жобалардың қорғалуын тыңдау қызықты болды ма?




Сабақтың соңы 7 мин.

Рефлексия
Текшенің қырларында сөйлемдердің басы жазылған. Әр оқушы қолына берілген текше қырындағы сөйлемді жалғастырады. Сөйлемдер:

  • Менің таңғалғаным ...

  • Менің ... көзім жетті.

  • Мен ... түсіндім.

  • Мен мынандай шешім қабылдадым ...

  • Мені қызықтырғаны ...



Үйге тапсырма
Жобаны аяқтау жұмысын жасап, қорғауға дайындалу.




Саралау: Сіз қалай қолдау жасағыңыз келеді? Өзгелермен салыстырғанда едәуір қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын әзірлеуді, тапсырмаларды іріктеуді, күтілетін нәтижені, оқушыларға жеке қолдау көрсетуді (Гарднер көпшілік интеллектісінің теориясы бойынша) қамтуы мүмкін. Уақытты тиімді қолданып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақта нені үйренгені, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдер жазылады.

Денсаулықты қорғау технологиялары. Сабақта сергітетін жаттығуларды және белсенді жұмыс түрлерін қолдану.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары.



Пайдаланылған еңбектер тізімі



  1. «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы. http://adilet. zan.kz/kaz/docs/K1500000100

  2. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 жел- тоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы. adilet.zan.kz › kaz › docs

  3. Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі – Egov.kz

  4. Айрапетян Г.М. Дизайн мобильного приложения // Молодой ученый, 2018, №48 (234). — С. 12-15. — URL: https://moluch. ru/archive/234/54257/ (дата обращения: 02.05.2020).

  5. Архипова М.Ю., Дуброва Т. А. и др. Анализ данных. – М., 2017. 280 с.

  6. Android. Практический курс. Для школьников и не только. – М., 2019. 504 с.

  7. Дрешер Д. Основы блокчейна: вводный курс для начинающих в в 25 небольших главах. – М., 2018. 312 с.

  8. Кинг Б. Эпоха дополненной реальности. – М., 2016. 528 с.

  9. Папагианнис Хелен. Дополненная реальность. Все, что вы хотели узнать о технологии будущего. – «Бомбора», 2018. 288 с.

  10. Петин В.А. Создание умного дома на базе Arduino. – М., 2018. 180 с.

  11. Рассел Стюарт, Питер Норвиг. Искусственный интеллект. Современный подход. пер. – М., 2016. 1408 с.

  12. Феверолф Марк, Ричардс Джозеф, Бринк Хенрик. Машинное обучение. – СПб, 2017. 336 с.

  13. Федотенко М.А. Разработка мобильных приложений. – М., 2019. 338 с.

  14. Флах П. Машинное обучение. Наука и искусство построения алгоритмов, которые извлекают знания из данных. – М., 2015. 400 с.

  15. Шитиков В.К., Мастицкий С.Э. Классификация, регрессия и другие алгоритмы Data Mining с использованием R. – Тольяти, 2017. 351 с.

МАЗМҰНЫ


Түсіндірме 3
Программа бойынша оқыту мақсаттары 4
Ұзақмерзімді жоспар. 5
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 10
Қысқамерзімді сабақ жоспарлары 13
Пайдаланылған еңбектер тізімі 197


Оқулық басылым


Вера Геннадьевна Архипова Равия Гапуровна Амдамова
Нуржамал Косымтаевна Беристемова Кубаныч Байгазиевич Кадыракунов


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сынып мұғалімдеріне арналған

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет