Білу және түсіну
Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады:
+ - мұны білемін;
|
|
|
– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;
? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.
Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.
Өздігімен орындауға арналған тапсырмаларды орындату.
Тапсырмалар деңгейлік түрде оқулықта толық берілген.
А деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін пайдаланып, өз қызметінде жасанды интеллектіні белсенді түрде пайдаланатын 10 компанияның тізімін жаса.
В деңгейі. Жасанды интеллект пайдаланылатын саланы таңдап, оның сол салада қолданылу артықшылықтары мен кемшіліктерін бағала. Кестені толтыр.
С деңгейі. Интернеттің іздеу жүйелерін пайдаланып, жасанды интеллектіні пайдалану қаншалықты жақсы болса да, оны өз қызметінде пайдаланудан түрлі себептермен бас тартып отырған 10 компанияның тізімін жаса.
|
|
Сабақтың соңы 7 мин.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |