Сабақтың мақсаты
|
Мәшинелік оқыту, қолдану саласын сипаттау және ЖИ әзірлеу кезінде "мұғаліммен оқыту" әдісі қағидасын түсіндіру арқылы жобаны жасау. Электронды кестелерде нейрондық желіні жобалау.
|
Бағалау критерийлері
|
Жобамен жұмыс істеу кезеңдерін дәйекті түрде ұсынады; электрондық кестелерде нейрондық желі құрады; жазбаша есепте жобамен жұмыс істеу нәтижелерін ұсынады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушы:
Мәшинелік оқыту, нейрондық желілердің қағидаларын түсіндіре алады; Жасанды интеллект жүйесін қолданатын салаларды сипаттай алады;
«Мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану саласын сипаттай алады.
Пәнге қатысты сөздер қоры және терминология: нейрондық желілер, мәшинелік оқыту, ЖИ, шешімдер ағашын құру арқылы мәшинелік оқыту, семантикалық желілер құру арқылы мәшинелік оқыту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |