Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде
Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде
Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Информатиканың зерттейтін аймағы – ақпараттың құрылымы мен ортақ қасиеттері, сонымен қатар адам тіршілігінің түрлі саласында ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерімен байланысты мәселелерді қамтиды. Ақпараттың ауқымды көлемі мен ағымын өңдеу автоматтандырусыз және коммуникация жүйесінсіз жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан электронды есептеуіш машиналар мен заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатиканың іргелі ядросы және материалдық базасы да болып табылады. Ақпаратты ресурстың айырықша түрі деп есептеген жөн, мұнда «ресурс» материалдық заттардың немесе заттың энергетикалық, құрылымдық немесе басқа да сипаттамаларынан тұратын білім қорыдеп түсіндіріледі. Материалды заттармен байланысты ресурстардан айырмашылығы – ақпараттық ресурстар сарқылмайды және де материалды ресурстарға қарағанда, басқаша жаңару немесе қайта жаңғырту әдістеріне ие болады. Қоршаған ортаның біртұтас құрамдастары зат және энергиямен қатар, ақпарат сол ортаның негізгі сарқылмас таным көзі болып табылады.