Сабақтың тақырыбы: § 25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері



Дата24.04.2017
өлшемі373,7 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары Бекітемін:________

Күні: 09.12.15

Сыныбы: 10 а,ә

Сабақтың тақырыбы: §25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы туралы оқушыларға түсініктеме беру.

1. Тыныс алу және жану

2. Гликолиз процесі

3. Гликолиздің дайындық кезеңі



Сабақтың түрі: аралас (ашық сабақ)

Әдіс-тәсілі: Сұрақтар мен тапсырмалар, постер қорғау арқылы

Көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд), плакат, стикер,пламастер

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқушыларды топқа бөлу

II.Үй тапсырмасын тексеру: § 24. Жасушадағы зат алмасу.Пластикалық алмасу оқу, мазмұндау.

Өтілген материалға шолу

1- тапсырма: «Сызықтық диктант»

Оқулықпен жұмыс: берілген сөйлемдегі бос орынға тиісті сөзді қою

128 бетте

1. Метаболизм __________ болып ___________ бөлінеді.

2. Катаболизм процесі кезінде ___________ заттар түзіледі.

3. Анаболизм процесі кезінде ___________ синтезделеді.

4. ___________ - белгілі бір тәртіппен кезектесіп жүретін химиялық реакция.

5. Пайдалы жұмысқа жарамайтын энергия ___________ деген өлшеммен сипатталады.

2 -тапсырма: Кестені толтырыңдар

Зат пен энергияның алмасуы

Реакцияға түсетін заттар

Реакцияның нәтижесі

Зат алмасудың сатылары

  1. Катаболизм (ыдырау реакциясы)










  1. Анаболизм (синтездеу реакциясы)










III. Жаңа білімді қалыптастыру

Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалаушылар –М.В.Ломоносов (1757) және А.Л.Лавуазье (1777) болып саналады. Олар «Жану дегеніміз- жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы» деген болатын. Сондықтан заттардың оттекпен қосылуы тотығу, ал ажырауы тотықсыздану деп аталатынын химия пәнінен білесіңдер.

Жану кезінде энергия жылу түрінде бөлінсе, ал тыныс алу кезінде бөлінген энергия тіршілік процестеріне жұмсалады екен.

Тыныс алу процесі: С6 H12O 6 + 6O2 = 6CO2+6H2 O + 2881 кДж\моль

Бұл теңдеуден тыныс алу мен жану процестерінің ұқсастығын және тыныс алудың фотосинтезге қарама-қарсы процесс екендігіне көз жеткіземіз.

Ферменттердің қатысымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауын гликолиз процесі дейді. Ол гректің «glykys» - тәтті, « lysis» -ыдырау деген сөзінен шыққан.



Постер қорғау (10 мин беріледі. Уақыты 1, Мазмұны 1,Әсемдігі 1)

I топ: Тыныс алу және жану

II топ: Гликолиз процесі

III топ: Гликолиздің дайындық кезеңі

Топтар 2 жұлдыз бір ұсыныс арқылы бір-бірін бағалайды. 



IV. Сергіту жаттығуы:

Кәне,кәне,тұрайық,


Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық


Барлығымыз бұралып,
Дөңгелене тұрайық.

«Портрет сыры» кезеңі: Михаил Васильевич Ломоносов , Антуан Лоран Лавуазье, Сеченов Иван Михайлович ғалымдары туралы түсінік беру.

«Көкпар» сұрақ - жауап: оқушыларға 10 сұрақ оқылып, жауап алынады.

«Топтастыру» берілген сөйлемдерді рет-ретімен топтастыру.

«Ой толғаныс» кезеңі:

«+»-дұрыс, «-»-қате

1.Жасуша - барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі. +

2.Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.+

3.Эукариоттар мен прокариоттар құрылысы мен қызметі жағынан ұқсас.-

4.Адамда 46 хромосома бар.+

5.Пластидтер барлық организмдердің жасушаларында кездеседі.-

6.Грекше «карион» жасуша деген мағынаны білдіреді.+

7.Прокариотты организмдердің фототрофты тобы (цианобактериялар) көк-жасыл балдырлар деп аталады.+

8.Қабықшаның өте жұқарған жерін саңылау деп атайды.+

9.Вакуольдер тек өсімдік жасушасында кездеседі.-

10.Хромопластарда әртүрлі-сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті пигменттер болады.+
«Жұмбақ сөз» Бос ұяшықтарды, алфавитті (42 әріпті)

пайдалану арқылы терминологиялық сөзбен толтырыңыз.


V. Бекіту тапсырмалары:

3 топқа бүгінгі және өткен тақырыптан лездемелік сұрақтар беріледі.

1. Гликолиз дегеніміз не ?

2. Гликолиздің қандай сатылары бар?

3. Энергетикалық алмасу дегеніміз не?

4. Тыныс алу туралы ілімнің негізін қалды?

5. Жасушада тыныс алу температурасы?

6. Гликолиз неше кезеңнен тұрады ?



VI. Қорытындылау: Қорыта айтқанда, жасушаның тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергия көзі гликолиз процесі кезінде АТФ түрінде синтезделеді. Сондықтан бұл процесті энергетикалық алмасу дейді.
VII. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды ұпай санына қарай бағалау.

VIII.Үйге тапсырма: §25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері мазмұндау, 132 беттегі кестені толтыру.

Сабақтың тақырыбы: §25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері

Сыныбы: 10 а- сынып

Уақыты: 12 желтоқсан 2015 жыл.

Пән мұғалімі: Буркитбаева Сайлаухан
Сабақ түсіндіру барысы

Оқушылардың топтық тапсырма орындауы
Каталог: uploads -> doc -> 0ca5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ca5 -> Сабақ Тақырып: Таным белестері. Құндылық:Ішкі тыныштық
0ca5 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
0ca5 -> Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты
0ca5 -> Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру. Білімділік
0ca5 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру
0ca5 -> Бағдарламаның мақсаты
0ca5 -> Жалпы қолданыстағы сөздер Қолдану аясы шектеулі сөздер


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу