Информатика кабинетiне ќойылатын талаптар


Кабинеттi қолдану ережесi



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі127 Kb.
#80398
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
инф пр

Кабинеттi қолдану ережесi

  1. Оқу кабинетi сабақтан 15 минут бұрын ашылуы керек;

  2. Кабинетке оқушылар ауыспалы аяқ киiммен келуi керек;

  3. Оқушылар кабинетке мұғалiм болған жағдайда ғана кiруге тиiс;

  4. Кабинет әрбiр үзiлiс сайын желдетiлуi қажет;

  5. Мұғалiм кабинеттегi сабақтар бiткен соң оны тазалатып отыруы керек.



Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар


Информатика кабинетiнде қолданылатын программалық қамсыздандыру 5 топқа бөлiнедi:

  • жүйелiк программалық қамсыздандыру;

  • базалық ақпараттық технологияға негiзделген программалық қамсыздандыру;

  • жалпымәндi программалық құралдар;

  • оқу процесiндегi программалық құралдар;

  • мектептiң сұранысын қанағаттандыратын баспалық қызметке көмекшi программалық қамсыздандыру.

Программалық қамсыздандырудың барлық топтарына қойылатын жалпы талаптар:

  • лицензиялық келiсiм (программалық қамсыздандырудың қолданылу тиiмдiлiгi);

  • консультация беру мүмкiндiгi;

  • қолданылатын есептеуiш техниканың архитектурасына, компьютерлер типiне, класына және сипаттамасына сәйкестiлiгi;

  • кез келген режимге және тiлдiк ортаға бейiмделген жұмыс жасау қабiлеттiлiгi;

  • интерфейсi;

  • программалық қамсыздандырумен жұмыс жасауға арналған құжаттардың бар болуы;

  • қарiптердi пайдалану мүмкiндiгi;

  • аппараттық және программалық құралдарға қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы.

Жүйелiк программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар
Жүйелiк программалық қамсыздандыруға келесi талаптар қойылады:

  • операциялық жүйеге;

  • операциялық қабықшаға;

  • желiлiк программалық қамсыздандыруға;

  • антивирустық құрылғыларға;

  • ақпараттарды қалпына келтiру мен көшiру құралдары;

  • операциялық жүйенiң немесе операциялық қабықшаның мүмкiндiктерiн кеңейтетiн арнаулы программалар (утилиттер); дискеталарды баптауға арналған жүйелiк программалық қамсыздандыру және оның құжаттары немесе оны құру құрылғылары.

Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар
Орта мектепте информатиканың базалық курсында базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыру оқыту объектiсi болып табылады. Аталған программалық қамсыздандыруды басқа пәндердi оқыту процесiне де, әкiмшiлiк мiндеттердi шешу барысында да қолдануға болады.
Бұл топтардың құрамына келесi программалар енедi:

  • мәтiндiк процессор;

  • электронды кесте;

  • деректер қорын басқару жүйесi;

  • компьютерлiк графика жүйесi (компьютерлiк презентация);

  • компьютерлiк телекоммуникациялармен жұмыс жасау жүйесi.

Аталған топтың программалары көп жағдайда офистiк пакеттер құрамында болады. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде базалық ақпараттық технологияны қолдану формалары мен салалары сәйкес программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарға сай анықталады.

Техникалық құралдар, оқу-көрнекiлiк құралдар тiзiмi


Информатика кабинетiндегi жиһаздар мен құралдар



Атаулары


(өлшемi мен жағдайы)

Болу керек саны



Бар саны

Ескерту


Инвентар-лық ведомость бойынша

Оның iшiнде жөнделген

Оқушылардың жұмыс орындарының құралдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет