Информатика» кафедрасы 7М06110 – «Информатика»



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі124,52 Kb.
#123775
1   2   3   4
Байланысты:
2 дәріс
Ескерту, СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
Zoom платформасы
Zoom бұл бейне-конференциялар, вебинарлар және басқа да осыған ұқсас онлайн іс-шаралар өткізуге арналған платформа. Кездесуді тіркеулік жазба құрған кез келген адам ұйымдастыра алады. Тегін тіркеулік жазба ұзақтығы 40 минут болатын бейнеконференция өткізуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама жеке және топтық сабақтар үшін жақсы келеді, оқушылар әртүрлі құрылғылардан – компьютерден, планшеттен, телефоннан кіре алады. Бейнеконференцияға сілтемесі немесе конференция идентификаторы бар кез келген адам қосыла алады. Іс- шараны алдын ала жоспарлауға болады, сонымен қатар қайталанатын сілтеме жасауға да болады, яғни тұрақты түрде өткізілетін сабақ үшін белгілі бір уақытта кіруге арналған бір сілтеме жасап қоюға болады.
Zoom мүмкіндіктері:

Әрбір қатысушымен бейне және аудио байланыс. Ұйымдастырушыда микрофонды өшіру және қосу мүмкіндігі, сондай-ақ бейнені өшіру және барлық қатысушылардан бейнені қосуды сұрау мүмкіндігі бар. Конференцияға тек қарау құқығымен қатысушы ретінде кіруге болады.
Сервис интерфейсі барлық пайдаланушыларға бір-бірін көріп отыруға және тыңдауға мүмкіндік береді. Сурет кім сөйлейді, сол адамды автоматты түрде көрсетіп отырады.
Қазір дыбысы бар экранмен (screensharing) бөлісуге болады. Экранның көрсетілуін кідірте тұруға болады. Бұдан бөлек, экранның барлығымен емес, тек жекелеген қосымшаларымен бөлісуге, мысалы, браузердің көрсетілуін қосуға болады. Теңшеулерде барлық қатысушыларға экранмен бөлісу мүмкіндігін беруге болады, немесе мұны тек ұйымдастырушы ғана жасай алатындай шектеулер қоюға болады.
Платформаға интерактивтік тақта кіріктірілген, экранды көрсетуден тақтаға жеңіл, әрі жылдам ауысуға болады.
Хабарламалар жазуға, барлық немесе таңдап алынған бір қатысушыға файлдар жіберуге арналған чат бар. Чатты автоматты түрде сақтауға немесе әр конференция сайын қолмен сақтау күйіне теңшеп қоюға болады (Чат→Толығырақ→Чатты сақтау).
Сабақты компьютерге де, «бұлтқа» да жазып алуға болады. Жазбаны автоматты түрде қосуды, сонымен бірге оны кідіріске қоюды теңшеу мүмкіндігі ыңғайлы.
Конференция кезінде серіктес ұйымдастырушы тағайындауға болады, оның да ұйымдастырушы сияқты: жекелеген студенттердің микрофонын қосу немесе өшіру, атауын өзгерту және сессия залдарына (бөлмелер, мини-конференциялар) бөлу мүмкіндіктері болады.
Сессия залдарына бөлу – бұл оқушыларды офлайн сабақтардағыдай бөлу және жеке тапсырмалар беру. Оқушыларды жұптарға және топтарға бөліп, жекелеген бөлмелерге таратып жіберуге болады, олар онда тек бір- бірімен ғана сөйлесе алады, қалғандары оларды көре де, ести де алмайды. Бөлмелер санын мұғалім белгілейді, қатысушыларды автоматты түрде немесе қолмен бөлуге болады. Ұйымдастырушыда бөлмелерді аралап, онда не болып жатқанын тексеру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар қатысушыларды бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстыруға болады.
Онлайн-сабақта жақсы атмосфера қалыптастыру үшін виртуалды фондар қосу. Әртүрлі қызықты фондармен қатысушыларды таң қалдырып, сол арқылы олардың назарын өзіңізге аудартуға болады.
Экранды көрсету кезінде «Пікір қалдыру» (Co-annotation) құралы арқылы сурет салуға, белгілеуге, өшіруге және т.б. болады. Мұны мұғалім де, оқушылар да істей алады, бірақ қажеттілікке қарай теңшеулерде аталған функцияны оқушыларда өшіріп қоюға болады.
Қатысушылар виртуалды тақтаға сурет сала алады, бірақ ештеңені қозғай алмайды. Дегенмен оқытушы өз экранын көрсетуді қосып, өз тышқанын басқаруды өзгеге бере алады, яғни оқушы өз тарапынан оқытушының тышқанын қозғай отырып, оның компьютерінде талап етілгенді істей алады (таныстырылымдағы карточканы айналдыру, басу, картинкаларды қосу және т.б.), сондай-ақ пернетақтаны басқаруды да басқаға беруге болады. Веб-конференция кезінде қатысушы өз экранын көрсетіп отырған адамнан басқару құқығын беруді сұрайды. Көрсетушіде растауға сұраныс шығады. Егер растаса, екеуі де тышқанмен және клавиатурамен жұмыс істей алады, басымдық көрсетушіде болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет