Макинск №5 орта мектебінің тренерлері: Муса Маржангүл мен Нұрсадықова Жұлдыз Есжанқызының 2016-2017 оқу жылы мұғалімдермен өткізген тәжірибедегі рефлексия есебі
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің әлеуетін пайдалануды қарастырылған.
Бұл Бағдарламаның аясында мектеп тренерлер курсынан өткеннен кейін Макинск №5 орта мектебінде 2 желтоқсаннан бастап мұғалімдермен курс өткізу үшін мектеп әкімшілігінің бұйрығымен оқыту кестесі бекіттік.
Бағдарламаның мақсаты мен міндетін жүзеге асыруда акедемиялық 100 сағатты оқыту кестесін әріптестердің оқу кестесінің ыңғайына қарай сейсенбі және жұма күнгі 5,30 -7 сағатқа дейін аптасына екі рет өткізуге белгіледік. Алайда, қыстың аязды күндері мен оқушылар демалысында мұғалімдермен курсымызды жалғастырып оқыта бердік. Жалпы курсқа 12 мұғалім қамтылды.
Курсты бастар алдында барлық тыңдаушыларға бағдарламаның «Оқу моделі» атты құрылымында: бағдарлама материалдарымен танысу, әріптестермен талқылау, жұмыс барысында үйренгендерін тәжірибе жүзінде іске асыру және рефлексияны қамтитынын түсіндіріп, бағдарлама мақсаттарына жетуде табысты болуы үшін, уақытты тиімді пайдалану, барлық мұғалімдердің қызығушылықпен қатысуын, сондай-ақ тренер мұғалімнің оларды игерудегі жетістіктерін бағалауын да атап өттік.
Сыныптағы және шағын топтардағы бірлескен жұмыс ережесі оқу үдерісінің басында белгіленіп, ережені барлық тыңдаушылардың қатысуымен құрып, әр тыңдаушыға пікір білдіруге мүмкіндік берілетінін, басқаларды тыңдау, сұрақ қойғанда, адамның жеке қасиеттеріне тіл тигізбеу міндеттерін бірінші күнгі сабақта белгілеп алдық.
Мұғалімдерді оқуға ынталандыру үшін әрбір өтілген сабақта психологиялық ахуал тудырып, топқа, жұптарға бөліп, сабақты бастадық.
Оқу үдерісінің басында мұғалімдер курсқа не себепті жазылғанын және бағдарламаны аяқтағаннан кейін неге қол жеткізуге үміттенетінін анықтау үшін әңгімелестік. Әңгіме барысында ұстаздардың оқытудың жаңа –әдіс тәсілдерін меңгеріп, өз тәжірибелерінде қолданатын деңгейге жетсек деген пікірлерін тыңдадық.
Мұғалімдер күн сайын күрделі шешім қабылдап жатады. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады.
Сондықтан да мұғалімдер өзгеру керегіне тыңдаушылар да ойлары білдірді.
Оқу кезеңінің барысында мектеп тренерлері уәж мәселелерін мұғалімдермен жеке-дара топтарда талқыладық. Ынталандыру немесе уәж - бұл нақты мақсаты бар іс-әрекетке итермелеу үдерісі. Оқушылар не үшін мақсат қояды және оны іске асырады? Маслоудің қажеттіліктер иерархиясы 5 сатылы түпнұсқалық үлгісін талқылап әңгімелесу барысында өз пікірлерін тәжірибемен байланыстырды.
Бағдарлама аясында диалогты оқыту, метатану, оқушы уәжі,сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ы пайдалану сияқты негізгі мәселелермен толығымен қамтылды.
Күнделікті сабақ жоспары құрғанда «Мектеп тренеріне арналған нұсқаулықта» және Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порталында орналастырылған тиісті материалдарды кеңінен қолданып, әртүрлі әдістері пайдаланып, бірлескен топтық жұмыс, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау және т.б. сияқты оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер сабақ жоспарларына енгізіп, қолда бар ресурстарды тиімді пайдаландық. Кейбір материалдарды іріктеп алып қолданып отырдық.
Бағдарламада оқытылуға тиісті барлық теориялық материалдар түгелдей оқытылды, тыңдаушыларға өтілген сабаққа байланысты материалдар үлестіріліп әрі электронды түрде де кеңінен оқуға мүмкіндіктер жасалды.
Тыңдаушылардың курсқа қамтылуына арналған журнал қозғалды.
Тәжірибедегі рефлексия наурыз айында аяқталды. Мұғалімдер сәуір айында жұмыс барысында үйренгендерін тәжірибе жүзінде іске асыру үшін тізбектелген сабақтар жоспары, омж, қмж құрып топта, жұпта талқылап, идеяларымен бөлісіп, түзетіп, бекіткеннен кейін тренерлер мен мектеп әкімшілігі сабақтарына қатыстық.
Қазір әріптестер өткізген сабақтарына есеп жазу үстінді.
Макинск №5ОМ тренерлері: Муса М, Нурсадыкова Ж.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |