3. Қорытындылау кезеңі:
Орындалған жұмыстың сапасын бағалау (ойластырылған құрылым стандартына сәйкес, мемлекеттік стандартын бақылау, техника қауіпсіздігі ережелерін, экологиялық қауіпсіздікті сақтау);
Жобаны орындауға кеткен экономикалық шығындарын санау;
Ұжым барысында жобаны қорғау;
Комиссия алдында жобаны қорғау (қажетті құжатты көрсету).
Жобалық әдістің Т.И.Шамова бойынша теориялық көзқарасы, ұлттық оқытудың оқу үрдісіндегі рөлі мен орынының айырмашылықтарын шығаруға мүмкіндік береді, оларды келесі түрде анықтауға болады:
Оқу үрдісі оқу пәнінің логикасында емес, оқушы мен студент үшін жеке мәні бар қызмете логикасында құрылады;
Оқу жобаларын өңдеудегі комплекстік жақындау, студенттің негізгі функцияларының дамуына, онымен қызметтің қажетті түрін меңгеруіне жағдай жасайды;
Базалық білімдерді терең, саналық түрде меңгеруі, түрлі жағдайларды оларды қолдануды қамтамасыздандыру;
Жобалық оқытукдың гуманистік мәні студенттердің потенциалды дамуынан құрылады.
Е.С.Полат жобалық әдісті қолдануға негізгі талаптарды белгілейді:
Зерттеу, шығармашылық жоспардағы проблемалық мәнділігінің бар болуы. Ол оны шешу үшін зерттеу білімін талап етеді.
Болжамдайтын нәтижелердің практикалық теориялық мәнділігі (мысалы, бірлесіп газет шығару; оқиға орнынан репортаж алу; үйді, сабақты орналастыру жоспары).
Студенттердің сабақта немесе сабақтан тыс уақыттағы өзіндік (жеке, қос, топтық) қызметі.
Жобаның мазмұндық бөлігін құру.
Зерттеу әдістерін қолдану, ол келесіні болжайды:
- мәселелерді анықтау;
- оларды шешу гипотезасын беру;
- соңғы нәтижелерін толтыру;
- алынған мәліметтерді талдау;
- қорытындылау;
- түзету;
- қорытынды алу.
Осыдан жобалық технологияның құрылымдық элементтері алынуы мүмкін:
Талқыланып жатқан тақырып бойынша бір немесе бірнеше мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін жағдайларды ұсыну;
Анықталған проблеманы шешу гипотезасын ұсыну. Әр гипотезаны талқылау және негіздеу.
Кіші топтарда алынған гипотезаларды тексеру әдістерін талқылау, ұсынылған гипотезаны тексеру үшін мүмкін болатын ақпарат көздерін талқылау;
Гипотезаны растайтын немесе жоққа шығарушы фактілерді, дәлелдерді іздеу бойынша топтағы жұмыс;
Әр топтың жобаларды (мәселе шеімінің гипотезаларын) қорғауы.
Достарыңызбен бөлісу: |