Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының сайттарын толық жетілдіру бойынша жалпы ұсыныстар «Сайтты Интернеттен іздеу»



Дата04.11.2016
өлшемі168,76 Kb.
#254
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының

сайттарын толық жетілдіру бойынша

ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
1. «Сайтты Интернеттен іздеу» белгісі бойынша


«+»

- көбінде мемлекеттік органдар сайтын Интернеттің іздеу жүйесінде негізгі сөз және айтылуы бойынша іздеу керек, және олардың көпшілігі іздеудің бірінші нәтижесінде тұрады.


«-»


- мемлекеттік қызметтерді потенциалды пайдаланушылардың барлығы мемлекеттік

органдар сайттарының мекенжайын біле бермейді, өйткені олардың барлығы оңай жазылып, айтылып және тез есте сақталмайды.



Сайттың атауы мемлекеттік мекеменің атауымен үндес болуы маңызды немесе көпшілікпен мақұлданған нормаларға сәйкес келу керек.

Бұл қажетті сайтты Интернет желісінің іздеу жұйесі бойынша тез іздеуге мүмкіндік береді.
2. «Сайттардың техникалық және мазмұндіқ сипаты» белгісі бойынша


«+»
Барлық жағдайларда дерлік өңдеушілер барлық сайттарға сәйкес келетін, стандартты модульдар мен шешімдерді пайдаланады, бұл өз кезегінде сайттық құрылымында және толтырылуында тез бейімделуге мүмкіндік береді.
«-»

-ресми құжаттарды веб-ортаға қарапайым ауыстыру, веб-басылым форматы ұсталмаған

-тік және көлденең мәзірдің үйлестірілмеген жүйесі сайттың құрылымын қабылдауға және ақпарат іздеуге кедергі жасайды


Сайт әкімшілеріне сайттарды өңдеудің техникалық деңгейін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырып, ерекше назарды навигациялық схемаларға аудару қажет.

Сайттарды көлемі бойынша ықшамдау.

Ақпараттық сәулетті жетілдіру бойынша, сайттарды мазмұнды толтыруды кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыру.
3. «Мемлекеттік орган туралы ақпарат, қызмет саласының даму аналитикасы және динамикасы» белгісі бойынша


«+»

-сайттардың барлығында меморган, оның құрылымы, оның қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпараттар бар

- лауазымды тұлғалардың өмірбаяны ақпаратты жақсы қабылдауға мүмкіндік беретін фото суреттермен бейімделген
«-»

- кейбір сайттарда мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымдарының сипаттамасы мемлекеттік орган қызметі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік бермейді

-мемлекеттік органның жоспарлары және жұмыс нәтижелері, іске асырылған бағдарламалар, көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпараттар жоқ


Сайттарда мемлекеттік органның елді мекенде орналасқан жердінің картасын, меморган туралы толық ақпаратты орналастыру.

Нормативтік-құқықтық құжаттарды көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету, олардың мұрағат түрінде жарияламау.


4. «Сайттың интерактивтігі» белгісі бойынша

«+»

- сайттардың барлығында дерлік халықтан «кері байланыс» алу мүмкіндігі қарастырылған: виртуалдық қабылдауға сілтеме, интерактивтік сауал, «сұрақ-жауап» айдарлары және т.б.

- кейбір сайттарда сұрақтарға жауаптар сілтеме ретінде орналасқан

«-»


- тұтынушының мүддесін қанағаттандыратын заңдар, нормативтік-құқықтық құжаттардан дәйексөздер аз, көптеген сайттарда Форум бар, алайда олар не бос, не қолайсыз

Кері байланыстарды алу қарастырылған айдарларда барлық «хабарламалар тарыхын» орналастыру қажет.

Интерактивтік дауыс беруды әлеуметтік зерттеулер, әр түрлі сауалдар, пікірлерді жинау кезінде пайдалануға болады.

Интерактивтік дауыс беруды үнемі ауыстырып отыру.



Шығыс Қазақстан облысы қалалары, аудандары әкімдері сайттарының

жұмыс істеуін жақсарту бойынша ұсыныстар
Өскемен қ-сы. http://www.oskemen.kz/

Ұсыныс:


  • Ағылшын тіліндегі нұсқасын жөндеу, ағылшын нұсқасындағы кейбір бөлімдерде ақпарат жоқ немесе негізгісіне сәйкес келмейді (мысалы, http://www.oskemen.kz/en/social1.htm бетінде «Өскемен қ-сы. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бұрынғы бастығының өмірбаяны фотосуретке сәйкес келмейді, http://www.oskemen.kz/en/govern1_1.htm бетінде ағылшын нұсқасы болса да әкім орынбасарының аты орыс тілінде жазылған және т.б.);

  • Сайтты жүктемелеу кезінде берілген тілде «негізгіге» қайтуды қарастыру (орыс тіліндегі нұсқасында негізгі бетке ауысу кезінде тіл қазақшаға ауысады);

  • Статистикалық мәліметтерді оңай қабылдау және салыстыру үшін график және кестелерде ұсынылсын;

  • Ақпаратты жаңарту, сайттың кейбір айдарларында ескі ақпараттар;

  • Қазіргі бар деректер қорын жаңарту;

  • Навигация белгілеріне мәтіндік түсінік немесе қалқымалы еске салуды қосу;

  • Сайт картасының белгісін көпшілікпен қабылданғанға ауыстыру;

  • әкім орынбасарларының байланыс ақпараттарына электрондық мекенжайларын қосу;

  • мемлекеттік органның елді мекенде орналасқан карта/графикалық сурет орналастыру;

  • мемлекеттік органның қызметі саласындағы анықтама қызметтерінің телефондарын қосу.


Семей қ-сы. http://www.akimsemey.gov.kz/

Ұсыныс:


  • сайттың ағылшын тілдегі нұсқасын жөндеу;

  • беттегі баннерлер санын азайту, оларды тек негізгі бетте болуын мүмкін ету, өйткені олар бөлімдердегі ақпаратты қабылдауды ауырлатады.


Риддер қ-сы. http://ridder.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын және мақсатты бағдарламаларын орналастыру.


Курчатов қ-сы. http://kurchatov.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • сайт бойынша іздеу мүмкіндігін қарастыру;

  • ведомстволық және аумақтық мемлекеттік органдардың толық мекенжайын көрсету;

  • Курчатов қаласының Құрылыс бөлімі бастығының әкесінің атын жазу;

  • әкімнің баяндамасы өте ауыр, ұзақ жүктеледі немесе мүлдем ашылмайды, фотосуреттерді жеңілдету ұсынылады.


Абай ауданы http://abay.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • мәтіндердің кейбіреулері 3 беттен артық (мысалы, әкімнің баяндамалары, сөздері), қысқарту немесе график/кесте ретінде статистикалық мәліметтер беру ұсынылады.


Бесқарағай ауданы http://www.beskaragay.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасын әзірлеу;

  • мәтіндердің кейбіреулері 3 беттен артық (мысалы, әкімнің баяндамалары, сөздері), қысқарту немесе график/кесте ретінде статистикалық мәліметтер беру ұсынылады.



Бородулиха ауданы http://boroduliha.vko.gov.kz/ru/

Ұсыныс:


- сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасын әзірлеу;

- «Фотогалерея» айдарын орналастыру;

- фотосуреттер санын көбейту (айдарлардың барлығы дерлік «көріксіз»,) ақпараттар көрнекісіз;

- өлкенің табиғаты туралы ақпарат орналастыру.


Глубокое ауданы http://akimglubokoe.kz/

Ұсыныс:


  • сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасын әзірлеу;

  • жаңалықтар лентасында оқиғалар туралы ақпаратты жарнама ретінде емес, толық орналастыру;

  • бос бөлімдерді толтыру немесе мүлдем алып тастау;

  • негізгі бетті құрамдастыру, тігінен тұрған мәзірді және жаңалықтар лентасын қысқарту;

  • бөлімдердегі мәтіндерді форматтау, қабылдауға ыңғайлы ету (азатжолдар, бос жерлер, негізгі ақпаратты ерекшелеу.


Жарма ауданы http://garma.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасын әзірлеу;

  • Жарма ауданы әкімі аппаратының бөлім бастықтарының лауазымдық қызметтерін, телефонын, электрондық мекенжайларын толықтыру;

  • Орыстілді нұсқаның негізгі бетіне ауысқан кезде автоматты түрде қазақшаға ауысады.


Зырян ауданы http://akimzyrian.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Негізгі бетті теңгеру - өте ұзақ және өте көп ақпарат;

  • Жаңалықтар хабарламасын қысқартылған түрде ұсыну;

  • Алдындағы бетке қайта келу мүмкіндігін қарастыру;

  • Бөлімдердегі мәтіндерді қысқарту, оларды сайтты пайдаланушылар оңай қабылдау үшін форматтау;

  • Тек интернет арқылы ғана емес, сондай-ақ сайт бойынша іздеуді мүмкін ету.


Зайсан ауданы http://www.zaysan.vko.gov.kz/ru/

Ұсыныс:


- Форумды әзірлеу.
Катонқарағай ауданы http://katon-karagay.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Тігінен орналасқан мәзірдің көлемін қысқарту – жарты бетті алып тұр;

  • сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасын әзірлеу.


Көкпекті ауданы http://www.kokpekti.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасын әзірлеу;


Күршім ауданы http://kurchum.vko.gov.kz/

Ұсыныс:




Тарбағатай ауданы http://tarbagatay.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • мәзір жолындағы орманның, тау және алқаптардың бейнесін алып тастау, немесе ондағы шрифты ауыстыру – бұндай фон мәтінді қабылдауды қиындатады.



Үржар ауданы http://www.urzhar.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Сайттың атауына «Д» әріпін қосыңыз, сонда ол оңай жатталып, интернет желісінде іздеу кезінде қиындық тудырмайды;

  • Сайттың тілдік нұсқаларын теңгеру – кейбір құжаттар мен беттерді орыс тілінде қарау өте қиын – сайт әкімшілері сайттың қазақша нұсқасына ауысуды сұрайды.


Шығыс Қазақстан облысы облыстық басқармалары сайттарының

жұмыс істеуін жақсарту бойынша ұсыныстар
Барлық басқармалар бойынша - ЭҚО бетіне ауысқан және ЭҚО бірнеше беттерін қараған кезде негізгі сайтқа қайта оралу мүмкін емес. ЭҚО web-беттерінің астынғы жағында тек қалалар, аудандарға ғана емес, сондай-ақ облыстық басқармаларға сілтеме орналастыру ұсынылады.
ШҚО мұрағат басқармасының сайты http://arhiv.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Сайттың техникалық жағына көңіл бөлу – беттер, құжаттар, бөлімдер ұзақ жүктемеленеді;

  • Сайттың тілдік нұсқасын жөндеу – негізгі бет қандай тілді таңдасаң да, қазақ тілінде жүктемеленеді.


ШҚО ішкі саясат басқармасының сайты http://www.dvpvko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Тілдер нұсқасына көңіл бөлу: кейде қазақша және орысша тілдер еркін қойылады;

  • Басқарманың қызметі туралы жаңалықтар мен ақпараттарға көңіл бөлу – жаз кезінде ақпараттар айына бірақ рет жаңартылатын. ШҚО аумағындағы қызметтер туралы ақпараттар жоқ – көбінесе Өскемен қаласындағы оқиғалар ұсынылған;

  • ҮЕҰ туралы ақпарат қосу;

  • БАҚ бөлігінде ақпарат мүлдем ашылмайды. Оның үстіне, осы бөлімде ақпарат тек БАҚ туралы емес, БАҚ үшін арналған.



ШҚО жер қатынастары басқармасының сайты http://www.uzovko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Тілдік толтырылымды теңгеру – сайттың ағылшын тіліндегі нұсқа жоқ болғанымен, жаңалықтар мұрағатының аты ағылшын тілінде жазылған;

  • «Жаңалықтар» бөлігіндегі барлық беттердегі бос жерлерді жою.



Сайт Управления гос. архитектурно-строительного контроля ВКО http://www.arhstroy.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


Жаңалықтар лентасын жаңарту (соңғы жаңалық 16 қазанғы).

Ауыл шаруашылығы басқармасының сайты http://www.agro.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Беттің өте «ауыр» үстін жеңілдеті. Үйлесімді және әдемі дизайн, түстік гаммасы жақсы, алайда сіздің қалауыңызға қарай екі суреттің біреуін ғана таңдау қажет (не диірменді, не күнбағысты);

  • Интерактивтік дауыс беру сұрағын басқарма қызметі саласына сәйкес келетін сұраққа ауыстыру;

  • Жаңалықтар лентасын жаңарту – соңғы жаңалық ағымдағы жылдың қыркүйек айында берілген;

  • Құрылымдық бөлімшелердің құзырын және мемлекеттік органның жауапты тұлғаларын орналастыру.



Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сайты http://econvko.gov.kz/

Ұсыныс:


Сайттың web-бетінің үстін жеңілдету.

ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сайты http://www.predprom.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Жақсы сақталатындай етіп, сайттың атын ойластыру;

  • Негізгі беттегі 2 мәзірді теңгеру – мүмкін оларды «ажырату» қажет емес шығар немесе төмендегі мәзірді жоғарыдағыға мәзірдің кіші мәзірлерінің біреуіне жасыру;

  • Беттің үстін жеңілдету.


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

http://www.socialvko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Сайттың стилін жөндеу - өйткені бұндай жоқ;

  • Айдарлардың көпшілігі толтырылмаған (ақпарат жоқ);

  • Техникалық жағына көңіл бөлу – кейбір құжаттар, беттер, айдарлар өте ұзақ жүктемеленеді.


ШҚО білім беру басқармасы http://vkodo.ukg.kz/

Ұсыныс:


  • Сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасында барлық ақпараттар толық берілмегеніне көңіл бөлу;

  • Баннерлер орналасқан жердегі бос орындарды толтыру.



ШҚО тілдерді дамыту басқармасының сайты http://www.til.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Сайттың тілдік нұсқасын жөндеу – таңдаған тілге қарамастан негізгі бет қазақ тілінде жүктемеленеді;

  • Сайттағы техникалық ақаулықтарды жою – белсенділігі жоқ (ашылмайтын) айдарлар бар;

  • Сайтты басқарма қызметі туралы ақпараттармен толтыру.



ШҚО Жұмылдыру дайындығы және ТЖ басқармасының сайты http://www.dmpvko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Мәтіндік материалдарға көңіл аудару – ауыр оқылатын жаппай мәтін түрінде ұсынылған; құрылым, шрифтерді форматтау;

  • Сайттың негізгі бетін толтыру – ол мүлдем бос;

  • Осы ведомствоның қарамағына жататын анықтама қызметтерінің телефондарын қосу.


Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының сайты

http://www.transportvko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Сайттың негізгі бетіне көңіл бөліңіз – жаңалықтар, сайттың картасы, сайтта бағытталуға көмектесетін белгілер жоқ;

  • Маңызды ақпараттың болуын график немесе мәтінмен белгілеу (көліктердік жүру кестесі, аумақтық және ведомство қарамағындағы мекемелерге жауаптылардың ТАӘ - олар туралы ақпарат бар, алайда олар ешқандай белгімен белгіленбеген, бұл іздеуді қиындатады);

  • Айдарлардың атын және олардың мазмұнды толтырылуын сәйкестендіру (кейбір бөлімдердегі ақпараттар сәйкес келмейді);

  • Негізгі бетте сайттың картасын орналастыру.


ШҚО қаржы басқармасының сайты http://vkofin.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Сайттың техникалық жағын жөндеу – суреттер экранның көп бөлігін алып тұр, соған байланысты ақпаратты қарау ыңғайсыз.


ШҚО құрылыс басқармасының сайты http://depstroy.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Жаңалықтық хабарландыруларды аса кеңейтілген түрде жариялау (жаңалық тақырыпты ашпайды).


ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының сайты http://www.sport.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


- облыстығы спарт және туризм туралы ақпаратты нақты және толығынан ашу;

- басқарма бастықтарының баяндамаларын және сөздерін, стратегиялық жоспарларын орналастыру;

- «Президент Жолдауы» айдарын сайттың бетінің жоғарғы жағына орналастыру.
ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайты

http://www.e-priroda.kz/

Ұсыныс:


  • Сайтты және бөлек беттерді жүктемелеу кезінде пайда болатын қателерді жою;

  • Сайт беттерінің әр бір бетіндегі шрифтарды ретке келтіру;

  • Көшіруге қажетті құжаттар санын қысқарту – ондағы көптеген ақпаратты сайттағы сәйкес беттерге орналастыруға болады (мысалы, бастықтардың лауазымдық міндеттері және т.б.);

  • Атаулары бірдей дерлік екі сайттың болуы (e-priroda.gov.kz және prirodavko.ukg.kz) іздеуді қиындатады;

  • Тігінен орналасқан мәзірді «қызметтің жалпы мәселелерден жеке мәселелерге қарай» қисынды орналастыру;

  • навигацияны жетілдіру, «белгілеуді» қосу.


Экологиялық мониторинг өңірлік ақпараттық орталығының сайты

http://prirodavko.ukg.kz/

Ұсыныс:


  • фонның ашық жасыл түсі ақпаратты қабылдауды қиындатады;

  • жаңалықтарды жиі жаңарту және бұл бөлімшені тігінен орналасқан мәзірдің жоғарғы жағына шығару;

  • көлденең мәзірді және «белгілеуді» қосып тігінен орналасқан мәзірді «босату»;

  • ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының екі сайты бойынша жалпы ұсыныс: екі сайтты қосып, бір жақсы толтырылған, қызықты сайт жасау ең жақсы шешім болар еді, дұрыстап қарасақ екі сайттың бірі де толық қазіргі заман талабына сай келмейді.


Аумақтық басқармалар, мәслихаттар, ЖОО сайттарының жұмыс істеуін жақсарту бойынша ұсыныстар
ШҚО статистика департаментінің сайты http://www.shygys.stat.kz/

Ұсыныс:


  • Жаңалықтар мұрағаты және басшыларының сөздерін қосу;

  • Мәтіндердің қазақша нұсқасындағы шрифтерді жөндеу (кейбір белгілер оқылмайды);

  • ДГПВЦС байланыстарын қосу;

  • Департаменттің даму стратегиялық жоспарын, осы салада іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартын орналастыру;

  • Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі туралы ақпаратты немесе сілтемені басқа ақпарат көзіне орналастыу;

  • Интерактивтік дауыс беруде «дауыс беру нәтижесі» сілтемесін қосып, мұрағат жасау.


ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің сайты http://www.vkogps.kz/

Ұсыныс:


  • Мемлекеттік тілдегі нұсқаны өңдеу, веб-беттердің жартысы ағылшын тілінде болуы мүмкін;

  • өңдеу үстіндегі веб-беттерді ақпаратпен толтыру;

  • Мәтіндердің қазақша нұсқасындағы шрифтерді жөндеу (кейбір белгілер оқылмайды);

  • Құрылымдық бөлімшелердің байланыстарын қосу;

  • Тігінен орналасқан мәзірді қисынды орналастыру (тақырыптық бөлімдер бойынша топтау);

  • Қоғамдық пікір сауалында диаграммадағы қателердіжөндеу – жауаптар дұрыс орналаспаған;

  • Департаменттің даму стратегиялық жоспарын, осы салада іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартын орналастыру;

  • Тігінен орналасқан мәзірді навигация «белгілеріне» ауыстыру;

  • Байланыстарды көлденең орналасқан мәзірдің бөлек бөлімшесіне шығаруға болады.


ШҚО кедендік бақылау департаментінің сайты http://www.customsvko.kz/

Ұсыныс:


  • Тігінен және көлденеңінен орналасқан мәзірлердегі қайталанатын бөлімдерді алып тастау;

  • Интерактивтік сауалды жеңілдету, оларды форуммен біріктірмеу;

  • «іздеу» функциясын жөндеу;

  • Қызмет саласы бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік қызметтер тізбесі және стандарттарын орналастыру.


ҚР денсаулық сақтау министрлiгi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің
ШҚО бойынша департаментiнің сайты http://www.ses.vko.gov.kz/

Ұсыныс:


  • Сайтты ақпаратпен толтыру, Департаментпен көрсетілетін қызметтердің тұтынушыларға бағытталған айдарларын қосу;

  • Тілдік нұсқаның біреуінен екіншісіне ауысқан кезде пайдаланушы қарап отырған веб-бетте қалатындай қылып ету;

  • Департаменттің даму стратегиялық жоспарын, осы салада іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартын орналастыру.


ШҚО Ішкі істер департаментінің сайты http://02vko.kz/

Ұсыныс:


  • Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі беттерді теңгеру, сондай-ақ әр тілді бірыңғай форматқа келтіру – орыс тілінде негізгі бетті ашқанда көлденең орналасқан бөлімдер қашақа ашылады;

  • Шрифтердің көлемін кішірейту.

ШҚО өкілді билік порталы http://www.deputate.kz/

Ұсыныс:


  • Тілдік нұсқаның біреуінен екіншісіне ауысқан кезде пайдаланушы қарап отырған веб-бетте қалатындай қылып ету;

  • Жаңалықтардың күнін қою және жаңалықтарды жиі жаңарту – қалалаар мен аудандардың мәслихаттары бірнеше ай жұмыс істемейтіні әсер қалдырады;

  • Азаматтар өтініштері тәртібі бойынша айдар қосу, соның ішінде тұрақты комиссия жұмысына, мәслихат сессияларына қатысу мүмкіндіктері жөнінде ұсыныстар беру;

  • депутатардың фотосын және барлық байланыс ақпаратын орналастыру;

  • стратегиялық жоспар, аумақтың даму жоспарын орналастыру.


Серікбаев атындағы ШҚМТУ http://www.ektu.kz/

Ұсыныс:


  • «Жұмыс берушіге» айдарын мағынамен толтыру;

  • Қазақ шрифтындегі қателерді жоқ.


Өскемен қаласының білім беру бөлімінің сайты http://oouk.vko.gov.kz/ru/

Ұсыныс:


  • Тігінен орналасқан мәзірдегі бөлімдерді үлкейту, көлденең мәзірді орналастыруға болады;

  • Электрондық мекенжайларды қосу;

  • Сайтта азаматтар өтініші тәртібі бойынша «сұрақ-жауап» айдарын қосу;

  • Бөлімнің даму сратегиялық жоспарын, осы салада іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларынорналастыру;

  • Сайтта органның құзырына жататын бөлігінің даму жағдайы мен динамикасын мінездейтін статистикалық мәліметтері және көрсеткіштері берілген бөлімді анық белгілеу.


Семей қаласы білім беру мекемелерінің порталы http://school.ssn.kz/

Ұсыныс:


  • өңдеу үстіндегі модульдарды қосу;

  • тігінен орналасқан мәзірдегі сілтеме бойынша ауысқан кезде пайда болатынг қатені жою;

  • сайтқа әр түрлі категориялардың қызығушылығын қолдау үшін тіркелген және тіркелмеген пайдаланушылардың қолжетімді материалдардың көлемін теңгеру;

  • байланыс ақпараттарын қосу.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет