Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


Оқулықтардағы «Спиральділік» жүйе



бет23/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

3. Оқулықтардағы «Спиральділік» жүйе
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» (Аймауытұлы, 1929) абзал.
Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады: - оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; - спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; - оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады
Спиральді білім беру бағдарламасы «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының жүйесінен анық көрінеді. Мысалы, «Компьютерлік жүйелер» бөлімінің «Программалық қамтамасыз ету» бөлімшесі бойынша оқушылардың спиральді білім беру бағдарламасы арқылы алға ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқу материалы күрделеніп отырады.
Негізгі орта білім беру деңгейінде информатиканы оқыту абстракция, модельдеу және программалау жолдары арқылы ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, оқу үдерісінде оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға баса назар аударуды көздейді. 5-9- сынып оқулықтары мазмұны қарқынды дамып келе жатқан қоғам жағдайында оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құзыреттілігін дамыту болып табылады. Пәнді оқыту оқушылардың ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге, ақпараттық технологиялар саласындағы біліктілік негіздерін білу және түсінуге, алгоритмдік және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталады. Ал 10-11-сыныптарда қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалауды меңгеру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушыларды жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту көзделеді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет