Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


Информатика пәнінен оқулық баспалары



бет22/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

2. Информатика пәнінен оқулық баспалары
Оқулық оку бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұны ғылыми негізде, жүйемен баяндалатын кітап. Оқулықтың негізгі міндеті - оқушыға пән бойынша анықталған мәліметтерді тасымалдау. Оқушы үшін оқулық білім көзі, икемділікті қалыптастыру мен бекіту құралы. Оқулық мұғалімге оқу материалының тереңдігі мен деңгейін, оқушыларға ұсынатын оқу материалының логикасын нақтылауға, оқыту әдістемесін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Оқулық оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін құрамына енетін басқа оку құралдарымен өзара байланыста болады. Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз өзегі оқулық болып табылатын және оқушының танымдық әрекетін басқарудың әдістемелік жүйесін қамтитын дидактикалық-әдістемелік құралдар жиынтығы. Оның мазмұны мен құрамы оқушының танымдық әрекетінің психологиялық-педагогикалық тұжырымдамасының, оқыту жүйесінің әдістемелік арнайы ерекшеліктерінің негізінде анықталады. Оку-әдістемелік кешен элементтеріне негізінен оқулық, оқыту әдістемесі мен оқыту құралдары жатады.
Оқулық оқытудың барлық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталады, сондықтан оқыту, дамыту және қызметтерін атқарады. Оқулық сабақта пәнді оқудың ұжымдық сипатын,тәрбиелеу окушының жеке бас ерекшеліктерін (әр түрлі дайындық деңгейлері, оқу түрткілері, меңгеру шапшандығы),негізгі, қосымша, түсіндірме мәтіндерді және мәтіндік емес құрауыштарды (меңгеруді ұйымдастыру аппараты, иллюстрациялық материал, бағдарлау аппараты) қабылдау ерекшеліктерін,мәліметтер мен анықтама беретін сөздіктер мен анықтамалар міндетін ескеруге тиіс.
Оқулықтың құраушыларына ынталық-мақсатты, мазмұндық, операциялық, нәтижелік-бағалау жатады. Олар мәтіндер (негізгі, қосымша, түсіндірме), мәтіннен тыс және иллюстрациялық материалдар мен меңгеру аппараты арқылы беріледі.
Информатиканы үздіксіз оқытуда оқулықтар, әдістемелік құралдармен қатар, электрондық оқу құралдары пайдаланылады.
Мектептегі алғашқы информатика оқу құралының авторлары А.П.Ершов, В.М.Монахов («Информатика және есептегіш техника негіздері», 1985 жылы). Ол 1985-1987 жылдары пайдаланылды. Негізгі мәселе ретінде оқушылардың алгоритмдеу және бағдарламалау сауаттылықтарын қалыптастыру қойылды. Мұнда «информатика» ЭЕМ-ның көмегімен ақпаратты өңдеу мен таратудың қарапайым әдістерін қарастыратын ғылым ретінде түсіндіріледі.
А.Г.Кушниренко, Г.В.Лебедев, Р.А.Сворень және т.б зерттеушілер тобы алдыңғы оқыту бағытын жалғастырды. Оның негізгі мақсаты - алгоритмдеу икемділігін қалыптастыру. Оқулық 1987-1989 жылдары пайдаланылды. Авторлар тұжырымдамасы бойынша, информатика физика мен математика тәрізді мектептегі ілгері оқу пәні. Мектепте бір ғана тіл алгоритмдік тіл болуы тиіс. «Алгоритмдеу» мен «бағдарламалау» бөлімдерін бөлуге болмайды деп есептейді.
В.А.Каймин, В.А.Щеголев, Е.А.Ерохина, Д.П.Федюшкин 10-11 сыныптарға арналған «Информатика және есептегіш техника негіздері» оқулығын жазды. Оқулық 1989-1991 жылдары пайдаланылды. Оқулықта ақпараттық мәдениетті ЭЕМ-де жұмыс жасау арқылы қалыптастыруды көздейді және оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін Пролог тілін қолдануға бағдарланған. Мамандар дайындауда математиканы терең меңгеруі, логикалық ойлау қабілетінің дамуы басшылыққа алынған.
А.Г.Гейн, Е.В.Линецкий, М.А.Сапир, М.Ф.Шолохович алдынғы оқулықтың негізінде 8-9 сыныптарға арналған информатика оқулығын жазды. Окулық 1991-1997жылдары пайдаланылды. Шығару кезеңдерін игеруді, алгоритмдеу мен ЭЕМ арқылы есеп шығару кезеңдерін атқарушылар рөлін арнайы жасалған бағдарламалық құралдардың көмегімен окытуды жүзеге асырады.
Қазақстанда 1997 жылдан бастап ұлттық оқулықтар шыға бастады. Е.К.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Даулетқұлов жазған «Информатикадан 30 сабақ» оқулығы 1997-1998 жылдары пайдаланылды. Оқулық жаңа заманғы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау негіздерін қамтыды.
1998-2000 жылдары Е.К.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Даулетқұлов жазған «Информатикадан 30 сабақ» оқулығы 10-11 сыныптарда пайдаланылды. 7-сыныптарға арналған Ж.А.Қараев, Н.Т.Ермеков, Н.Ф.Стифутина оқулығы шығарылды. Бұл оқулықтар ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағдарланған. Дербес компьютерді пайдаланушы мәдениетін қалыптастыру негіздерін қамтыды.
2000-2004 жылдары 7-сыныпқа арналған оқулықтың 8-сынып үшін жалғасы жарық көрді. 9-сынып үшін Н.Ермеков, В.Кафтункина, В.Криворучко авторлығымен «Информатика және есептегіш техника негіздері» оқулығы шығарылды.
2004-2006 жылдары аталмыш оқулықтардың мазмұны өзгертілген жоқ. Кейбір тақырыптар мен тапсырмалардың мазмұнында өңделімдер ғана жүргізілді. Оқулықтарға әдістемелік құралдар шығарылды.
2006 жылдан бастап 9-сыныпта Паскаль бағдарламалау тілі оқытыла бастады. Соған сәйкес Бейсик тілі оқулықтан алынып тасталды. Жоғары сыныптарда қоғамдық гуманитарлық және жаратылыстану математикалық бағыт бойынша оқытуға қажет оқулықтар мен әдістемелік құралдар пайдаланысқа берілді.
Төмендегі оқулықтар қолданыста болды.
Ермеков Н. Информатика: 7 сынып. Окулык/Ред.бас/н Ж.Қараев.- А.:Жазушы, 2001.-219 бет
Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика. 7 сынып. Атамұра, 2007Алматы:
Ермеков Н. Информатика. 8-сынып Окулык Ред. баскар. Ж.А.Қараев.-А.:Жазушы, 2001.-192 бет.
Ермеков Н. Информатика 8 сынып: Оқулық.-А. :Жазушы, 2002.-2246
Шевчук Е., Кольева Н. Информатика. 8 сынып. - Алматы: Мектеп,200
Нақысбеков Б., Мұхамеди А., Мадиярова Г. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. 9 сынып. - Алматы: Мектеп,2009
Ермеков Н., Криворучко В.А., Ногайбаланова С.Ж. Информатика. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған окулық (жаратылыстану-математикалық бағыт).Жазушы, 2006.Алматы.
Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Информатика, Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған окулық (қоғамдық-гуманитарлық). - Алматы: Жазушы, 2006.
Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Информатика, Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт).Жазушы, 2007.Алматы
Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Информатика, Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық). - Алматы: Жазушы, 2007.
2013 жылдан бастап жаңартылған білім мазмұны мектепке енуіне байланысты окулықтар жаңартылды.
Информатика 5 сынып. Оқулық. Г.А.Көпеева, Ү.М.Ділманова 2017ж, Арман - ПВ;
Информатика 6 сынып. Оқулық. Г.И.Салғараева, Г.Б.Илиясова, А.С.Маханова 2018ж, Арман – ПВ;
Информатика 7 сынып. Оқулық. С.Т.Мұхамбетжанова, А.С.Тен, Д.Н.Исабаева, В.В.Сербин 2017ж, Алматы «Атамұра»;
Информатика 8 сынып. Оқулық. Г.И.Салғараева, А.А.Бекежанова, Ж.Б.Базаева 2018ж, «Арман - ПВ»;
Информатика 9 сынып. Оқулық. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова., Мектеп 2013.
Информатика 9 сынып. Оқулық. Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е. Масалимова Арман ПВ 2013
Информатика 9 сынып. Оқу кітабы. Б.Бөрібаев HTML де web- құжаттар жасау негіздері. Мектеп 2013
Информатика. Оқулық Ермеков, Н.Т.Криворучко В.А. , Ноғайбаланова С.Ж. Алматы «Мектеп» 2012
Информатика. Оқулық Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова, Г.А.Тезекбаева. «Арман-ПВ» 2014
Информатика. Оқулық ЕрмековН.Т. Криворучко B.A Ноғайбаланова С.Ж. Алматы «Жазушы» 2012 ж..
Информатика. Оқулық Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Арман-ПВ баспасы 2015 ж., т.б.

Шетел тілінде оқытуга арналган екі тілді және ағылшын тіліндегі окулыктар баспадан шыкты.


P. Heathcote, R. Heathcote, Gaukhar Burumkulova, Askar Aktayev information and communication technology. Grammar Schools. 10 grade. Express publication, 2018.-114p.
P. Heathcote, R. Heathcote, Gaukhar Burumkulova, Askar Aktayev information and communication technology. Science School. 10 grade. Express publication, 2018.-130р.

Қазіргі таңда «Арман ПВ» баспасы бойынша төмендегі оқулықтар қолданыста.


5 сынып- Кобдикова Ж.У. Көпеева Г.А., Қаптағаева Ә.Ә., Юсупова А.Ғ., «Арман-ПВ» баспасы, 2020
6 сынып -Салғараева Г.И., Көпеева Г.А., Қаптағаева Ә.Ә., Юсупова А.Ғ., «Арман-ПВ» баспасы, 2020
7 сынып- Салғараева Г.И.,А.С.Маханова, Л.А.Рсалина «Арман-ПВ» баспасы, 2021
8 сынып- Салғараева Г.И.,А.А.Бекежанова, Ж.Б.Базаева «Арман-ПВ» баспасы, 2021
9-сынып -Салғараева Г.И., Калымова К.А.,Орынтаева Ж.А., «Арман-ПВ» баспасы, 2019
10 сынып(ЖМБ)- Салғараева Г.И., Базаева Ж.Б.,Маханова А.С., «Арман-ПВ» баспасы, 2019
10 сынып (ҚГБ)- Салғараева Г.И., Базаева Ж.Б.,Маханова А.С., «Арман-ПВ» баспасы, 2019
11 сынып(ЖМБ)- Салғараева Г.И., Базаева Ж.Б.,Маханова А.С., «Арман-ПВ» баспасы, 2020
11сынып (ҚГБ)- Салғараева Г.И., Рсалина Л.А., Есенкүл А.Б., «Арман-ПВ» баспасы, 2020
Жоғарыда берілген оқулықтар барлық қолданыстағыны қамтымайды, өйткені оқу бағдарламаларына сәйкес мектеп оқулықты бірнеше нұсқадан тандап пайдаланады.
Ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытылатын жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқыту үшін осы тілдерге аударылған оқулықтар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет