Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


-дәріс: «Компьютерлік сауаттылық» және «информатика» бойынша оқу бағдарламаларын талдау. Мақсаты



бет19/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

7-дәріс: «Компьютерлік сауаттылық» және «информатика» бойынша оқу бағдарламаларын талдау.
Мақсаты: оқу бағдарламасымен танысып, оқу бағдарламасындағы мәселелерді қарастыру.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


1. Компьютерлік сауаттылық пәнінің оқу бағдарламасы.
2. Информатика пәнінің оқу бағдарламасы.

Оқу бағдарламасы – мұғалімнің белгілі бір пәнді оқытудың әдістемесін, ғылыми маңыздылығы мен рухани бағыт-бағдарын, теориялық құндылығын анықтап, белгілейтін басты құжаты. Бағдарламада оқу жылына сәйкес оқу материалдарының құрылымы көрсетіледі. Оқу үдерісінің тиімділігі мен табыстылығы білім алушылардың оқу бағдарламасын толық та жемісті меңгеруімен айқындалады.


Оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты үлгілік және жұмыстық болады, сонымен қатар мұғалімдердің авторлық бағдарламалары да болуы мүмкін. Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сай белгілі оқу пәнінің саласына бағытталып жасалынады. Үлгілік оқу бағдарламалары Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі және ұсыныстық сипаттамада болады. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған.
Оқу материалдарының мазмұнын сызықтық әдіспен ашып көрсету барысында бірізділікпен, жүйелі түрде: жеңілден – ауырға, оңайдан – қиынға қағидасын басшылыққа ала отырып спиральды сызық бойымен беріледі де, жаңа материал бұрынғы, таныс оқу материалдарымен тығыз байланыста ұсынылады. Сызықтық оқу бағдарламасы уақытты үнемдеуге септігін тигізеді және ересек білім алушыларға оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Екі әдіс бір-бірінен өте алшақ жатқан екі түрлі дүние емес, керісінше өзара бірін-бірі толықтырып отыратын жүйе. Үлгілік оқу бағдарламасының басты мақсаты – нақты пән бойынша білім алушыға кешенді, жан-жақты білім, саналы тәрбие беріп, дүниетанымын кеңейтіп, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқу бағдарламасында пән бойыншаоқушылар әр сынып аясында дамытады деп күтілетін білім, білік, дағдылар оқу мақсаттары түрінде бейнеленеді. Осыоқу мақсаттарында білім беру бағдарламасының әр сыныпқаарналған мазмұны анықталады. Оқу мақсаттарыбөлімдерменбөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды ұсынылған тәртіпте ғана оқыту міндетті емес. Оқу бағдарламасыспиральділік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.

Оқу бағдарламасында қамтылатын мәселелер:



  • пәннің мақсаты, міндеті және маңызы туралы тұжырым;

  • дамытылатын білім, түсінік, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтар туралы мәлімет;

  • пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы түсініктеме;

  • бағалау тәсілдеріне қысқаша шолу;

  • бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы және ондағы материалдардың күрделілігінің өсу реті.

Бағдарламаны жасақтауға толықтылық, нақтылық және қызметшілік сияқты дидактикалық талаптар қойылады. Толықтылық алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл-ойының дамуымен тығыз байланыстыру және барлық қажетті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады. Нақтылық дегеніміз бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген мазмұнды нақты оқу үдерісіне енгізу жолдарын көрсететін барлық элементтердің нышандары, білім сипаттаулары және байланыстарын анықтайды. Қызметшілік мазмұнының оқыту үдерісімен бірлігін көрсететін бағдарламаның құрылымы, оның барлық элементтерінің орналасуы мен өзара байланысы оларды меңгерудің іс-әрекеттік жағын, оқыту мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдарын, әдістерді анықтайды.
Оқу бағдарламалары:
• Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
• Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы.
• Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
1-тарау. Негізгі ережелер
2-тарау. "Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
Оқу бағдарламасының мазмұндық бөлігі оқу материалының мазмұны мен оның тарауларының көлемін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет