Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


-дәріс: Робот техникасының тарихы және болашағы. Мақсаты



бет17/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

6-дәріс: Робот техникасының тарихы және болашағы.
Мақсаты: роботтық техника тарихымен танысып, мектептегі робототехниканы оқутадағы мәселелерді талдау.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


1. Оқу үдерісінде роботтық техникалық жүйелерді қолдану ерекшеліктері.
2. Робототехниканың дамуы.


1. Оқу үдерісінде роботтық техникалық жүйелерді қолдану ерекшеліктері
Робототехника – адам өміріне дендеп келе жатқан болашағы өте зор сала. «Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейтіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрген. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга» деген мағынаға ие екен. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Джон Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі құрастырып шыққан алғашқы роботты көрсеткен. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындаған. Негізгі тарихының тамырын тереңдете түссек, ежелгі грек халқының аты аңызға айналған эпик ақыны Гомер өзінің «Илиада» атты шығармасында Гефест деген құдай үй қызметкерлерін алтыннан жасап, сөйлеу қабілетімен қоса, оларға күш пен ақыл берген. Ал ежелгі Грекия елінің инженер-механигі Архит Тарентский ұшу қабілеті бар механикалық көгершінді құрастырған (б.ғ. 400 ж.). Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылыпты. Ал қазіргі таңда тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, тағы да басқа түрлі роботтар, тіпті интеллектуалдық роботтар да пайда болғаны бәрімізге белгілі. Роботтардың даму тарихы күннен-күнге жетіліп, өрлеп келеді. Жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін және технологиялық құралдардың қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығы робот-техникалық кешен деп аталады. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады. Роботтехникалық кешен «адамсыз технологияны» енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды. Бүгінде бала санасын дамытып, ой-өрісін тереңдетіп, жетілдіру мақсатында робот техникасын оқыту оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын оятатын оқу ортасындағы қызықты әрі тәжірибелік жаттығуларды ұсына алатын бірегей оқу құралы ретінде танылуда. Ғылыми әдебиетке жасалған шолу көрсетіп отырғандай, робот техникасы балабақшадан бастап университетке дейін барлық деңгейде жаратылыстану және техникалық білім беру сипатына айтарлықтай әсер етіп отырған дамушы салаға жатады.
Оқушылардың робот техникасы саласында білім мен жұмыстың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі қазіргі заман адамының жалпы ақпараттық мәдениетін, сондай-ақ инженерлік-техникалық шеберлігін одан әрі жетілдірудің негізі болып табылады. Бұл салада жүргізілген зерттеулерде роботтардың оқушылардың түрлі пәндер (физика, математика, химия, информатика және т.б.) бойынша оқуына, сондай-ақ зерттеу дағдылары, шығармашылық ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу, қарым-қатынас жасау және командада жұмыс істеу дағдылары сияқты танымдық, метатанымдық және әлеуметтік дағдыларды қоса алғанда, жалпы айтқанда, ХХІ ғасырда жұмыс ортасына қажет болатын жеке тұлғаның барлық дағдыларын дамытуға елеулі әсері бар екені анық . Соңғы шыққан роботтар адамның кейпінде сөйлеп, ойлап та жүргені мәлім. ХХІ ғасыр ақпарат пен техника дәуірі десек, адамның көп шаруасын роботтар орындай бастады. Оқу үдерісінде роботтық техникалық жүйелерді қолдану ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Жалпы жасанды интеллекттің қалыптасу кезеңдері сипатталып, бұл саланы меңгеруде адамзат алдындағы ашылатын жаңа мүмкіндіктері болжанды. Еңбекті автоматтандыруда роботтық техниканы қолдану нəтижелері келтірілген. Автор білім беру үдерісінде роботты техниканы қолданудың өзектілігін көрсетті. Білім беру үдерісінде роботтық техника үш бағытқа бөлінеді (білімділік, жарысатын жəне шығармашылық). Білім алушылар жарысатын бағытқа айқын түрде қызығушылығын білдіріп жатқандығы нақтыланады, ал білімділік бағыты жанама түрде тек техникалық бағытпен айқындалады. Сонымен қатар Lego Mindstorms жиынтығымен жұмыс жасау технологиясы сипатталады. Жəне де биотехникалық, автоматты жəне интерактивті түрлері бойынша бөлінетін роботтық техникалық жүйелерді басқару ерекшеліктері қарастырылды. Роботты басқару əдістерін дамытуда техникалық кибернетика жетістіктері мен автоматты басқару теориясы өте маңызды екені айтылды. Роботтарды оқу үдерісінде қолдану білім алушылардың инженерлік мəдениет саласында негізгі түсініктерін қалыптастыруға, жаратылыстану жəне нақты ғылымдар саласына қызығушылықтарын арттыруға, қолданбалы тапсырмаларды орындауда білімгерлердің стандартты емес ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ ізденушілік дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беретіні талданылады.
Кілт сөздер: жасанды интеллект, автоматтандыру, роботтық техникалық жүйе, басқару, Lego Mindstorms, Lego Spike, Tetrix конструкторлары, адам тəріздес роботтары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет