Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


Ақпараттық технологиялардың даму тарихы



бет15/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

2. Ақпараттық технологиялардың даму тарихы
Ақпараттық технологиялардың тарихы өз бастауын ХХ ғасырда пайда болған заманауи информатика пәнінің туындауына дейінгі көп жылдар бұрын алады. Ақпараттық технологиялар объект, процесс немесе құбылыстың жағдайы жайла жаңа ақпаратты алу мақсатымен деректерді жинақтау, өңдеу және жіберу әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты.
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар бірнеше эволюциялық кезеңдерден өтті, олардың өтуі негізгі түрде ғылыми-техникалық үрдістің дамуымен, ақпараттарды қайта өңдеудің жаңа техникалық құралдарының пайда болуымен анықталынады.
1-ші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысына дейін) «Қол» ақпарат технологиясы, оның құрал-жабдықтары: қыл қалам, сия, есеп шот кітабы. Байланыстар хаттар, пакеттер, жеделхаттарды жіберу жолдарының қол тәсілімен жүзеге асырылады. Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты қажетті түрде ұсыну.
2-ші кезең (XIX ғасырдың соңына дейін) «Механикалық» технология, оның құрал-жабдықтары: жазба машинасы, телефон, фонограф, жеткізудің жетілдірілген құралдарымен қамтылған пошта. Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты ыңғайлы құралдармен қажетті түрде ұсыну.
3-ші кезең (ХХ ғасырдың 40-60-шы жылдары) «Электрлік» технология, оның құрал-жабдықтары: үлкен ЭЕМ мен сәйкес БҚ, электрлік баспа машиналары, көшіру аппараттары, портативті магнитофондар. Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты ұсыну формасынан акцент біртіндеп оның мазмұнын қалыптастыруға көшеді.
4-ші кезең (ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап) «Электронды» технология, оның құрал-жабдықтары: үлкен ЭЕМ және олардың негізінде құрылатын, базалық және мамандандырылған бағдарламалық кешендердің кең ауқымен жабдықталған БАЖ (басқарудың автоматтандырылған жүйелері).
5-ші кезең (ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың ортасынан бастап) «Компьютерлік» («жаңа») технология, оның құрал-жабдықтары: әртүрлі тағайындалуы бар қалыпты өнімдердің жиынтығы. Шешімдер қабылдауды қолдаудың жүйелері құрылады. Мұндай жүйелер басқарудың әртүрлі деңгейлеріне арналған жасанды интеллект пен талдаудың элементтерінен құралады. Олар дербес компьютерде жүзеге асырылады және телекоммуникациялық байланысты қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет