Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет12/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

Информатика:

  • ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты- техникалық;

  • ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін- семантикалық;

  • ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық;

  • ғылыми-ақпараттық іс -әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.

Информатика – практикалық ғылым. Оның жетістіктері іс жүзінде дәлелденулері қажет. Яғни ол тиімділікті жоғарылататын болса ғана қабылданылуы керек. Информатикада барлығы да тиімділікке қатаң бағытталған. Қайсыбір амалды орындау информатика үшін маңызды, бірақ негізгі емес. Негізгі болып сол амалды қалайша тиімді ету мәселесі саналады.
Информатика сөзі 1пfоrmаtiоп (ақпарат) и Аиtотаtiqие (автоматика) сөздерінің тіркесінен пайда болған француздың 1пfоrтаtiqие сөзінен шыққан, яғни ақпаратты автоматты түрде өңдейтін ғылым деген мағнаны білдіреді. Франциядан басқа информатика термині Шығыс Европа елдерінде қолданылады. Ал, АҚШ және Батыс Европа елдерінің көпшілігенде – Computer Science (есептеуіш техника құралдары туралы ғылым) термині қолданылады.
Информатиканың құрылымы
Қазіргі кездегі информатиканың құраушы бөліктерін қарастырайық. Бұл бөліктердің әрқайсысын жеке ғылыми пән ретінде қарастыруға болады, олардың байланыстары классикалық математикадағы алгебра, геометрия және математикалық анализдің араларындағы байланыс сияқты – олардың бәрі жеке пән болғандарымен, бір ғылымның бөліктері болып табылады.
Теориялық информатика — информатиканың математикалық бөлімдерін қамтитын бөлігі.Ол математикалық логикаға сүйене отырып, алгоритмдер және автоматтар теориясы, ақпарат теориясы және кодтау теориясы, формалды тілдер және грамматикалар теориясы, амалдарды зерттеу және т.б. қамтиды. Информатиканың бұл бөлімі ақпаратты өңдеу үдерісін жалпы зерттеу үшін математикалық әдістерді қолданады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет