Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


-дәріс: Заманауи ақпараттық технологиялар. Мақсаты



бет14/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

5-дәріс: Заманауи ақпараттық технологиялар.
Мақсаты: ақпараттық технология түсінігіне шолу жасап, даму тарихын қарастыру және заманауи ақпараттық технологиялардың оқу үдерісіндегі мәселелерін қарастыру.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


1. Ақпараттық технология дегеніміз не?
2. Ақпараттық технологиялардың даму тарихы.
3. Заманауи ақпараттық технологиялардың оқуда қолданылу мәселелері.
1. Ақпараттық технология дегеніміз не?
Ақпарат (лат. Infоrmation-таныстыру, көрсету, түсіндіру, түсінік) – бұл адамдар арқылы таралатын нақты жағдай туралы хабар, түсініктеме; хабарлама алу арқылы азаятын, төмендейтін белгісіздік. Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшелігі – онда еңбектің құралы да, өнімі де ақпарат болып табылады, ал еңбектің құралына есептеуіш техника байланыстары мен құралдар жатады.
Ақпараттық технологиялар – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық техника – ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. Ақпараттық технологиялар (АТ) – есептеуіш техниканың жабдықтарын қолданудың арқасында ақпараттарды жинақтайтын, сақтайтын, іздейтін, өңдейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығының жүйесі. Технологиялық процесс туралы айтатын болсақ – ақпараттардың пайда бола бастағаннан соңғы нәтижесін алғанға дейінгі орындалатын бір-бірімен байланысқан, реттелген тізбектердің іс- әрекеті. Ақпараттық технология құралдарына техникалық, бағдарламалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады. Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде бағдарламалық өнімдердің кең тараған түрлері пайдаланылады. Оларға, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, графикалық редакторлар жатады.
Ақпараттық технология түрлері үш негізгі құрамдас бөлік мінездемелерімен анықталады:

  • Аппараттық құралдар (компьютерлер, переферилі құрылғылар, арнайы жабдықтау, желі және басқа коммуникация құралдарының техникалық мінездемелері).

  • Бағдарламалық жабдықтау (желілік және локальдық амалдық жүйелер, құрал-саймандық бағдарламалық құралдар, қолданбалы бағдарламалар).

  • Ақпараттың ерекшелігі (алу көздері және құралдары, көлемдері, берілу формалары т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет