Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет18/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

2. Робототехниканың дамуы
Ақпараттық технологиялар дамуының белсенділігінің артуы мен олардың қоғам салаларына тереңінен енуі дайын өнімдерді, интеллектуалды міндеттерді жеңілдетудің сапалы дамуын талап етеді. Жаңа технологиялардың оқыту үдерісіне енгізілуін студенттің шығармашылық, интеллектуалды дамуын арттыру деп түсінеміз. Толық жетілген жасанды интеллект құру адамзат алдына қоғамның барлық бағыттарында жаңа мүмкіндіктер береді. Жасанды интеллект психология, физиология, лингвистика жəне басқа да ғылымдардың қиылысында орналасқан, күрделі проблемаларды шешімімен айналысатын информатиканың бір аймағы болғандықтан, жасанды интеллектуалды жүйелер құруда жəне оларды игеруде сапалы білім беру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр. Жалпы интеллект сөзі латынның «Іntellectus» — ақыл-ой, ес, адамның ойлау қабілеті дегенді білдіретінін ескерсек, жасанды интеллект технологияларымен жұмыс iстеу, қолданушының тек алгоритмдiк процедуралармен шектеліп қана қоймай, өзiн-өзi дамыту белсендiлiгiн арттыруға ықпал ете отырып, оның интеллектуалдылық дəрежесінің қалыптасу үдерісiне оң əсер ететіні анық. Əрине, оқу үдерісімен қатар, өндірістің бар салаларында кең қолданыс тапқан бұл жүйе əлі де зерттеулерді, тəжірибе жасап, оларды қоғамда тереңдеп енгізуді талап ететіні белгілі.

Тіптен, соңғы шыққан роботтар адамша сөйлеп, адамша ойлайтын қабілетке ие. Осындай ақылды роботтардың ең үздіктеріне тоқтала кетсек. Соңғы 20 жылға жуық уақыт аралығында «Da Vinci» хирург роботтарының көмегімен әлем бойынша 3 миллионға жуық науқасқа ота жасалыпты. Da Vinci – дәрігерге ота жасау аймағын HD-сапада көруге мүмкіндік беретін хирургиялық жүйе. Ол ота аймағында кедергісіз жұмыс жасау үшін кішкентай пішінде жасалған екен. Ал аспазшының орнын басатын роботтың адамға сәйкестендірген екі қолы бар. Осы екі қолының көмегімен ақылды құрылғы мәзірде тапсырыс берген пәрмен бойынша бұйрықты орындайды. Адам қанша уақытта дәмді ас әзірлей алса, робот та дәл сол уақытта және дәмді тамақ жасауға қауқарлы. Кітапханашы роботтар үлкен кітапханаларда оқырмандар іздеген кітапты тез табу мақсатында қолданылады. Бұл роботтар Канзас-Ситидегі Миссури университетінде сынақтан өтіп, жоғарғы деңгейдегі құрылғы деп танылған. Шетелдік ойын-сауық орталықтарының көлік тұрақтарында қарауылдың қызметін күзетші роботтар атқарады. Жарты метрлік күзетшінің кеудесіне камера орнатылып, GPS қойылған. Бұл аппараттар Сан-Франциско және Калифорния қалаларында өз қызметін көрсетіп жүр. Қытайда дәрігер робот ресми лицензия алған. Кезекті сынақ кезінде робот дәрігерлер тапсыру керек емтиханнан үздік шыққан. Ол барлығы 360 ұпайдан асып, 456-сын дұрыс орындаған. Яғни адам дәрігерден асып түскен. Атақты футурист Рэя Курцвейлдің болжамы бойынша 2029 жылы роботтардың ақыл-ойы ересек адамдардікімен теңеседі.


Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады.
Роботтық техниканы оқытудың барлық элементтері жеке тұлғаны тәрбиелеп шығаруға, өз бетінше мақсат қойып, оны орындаудың жолдарын білуіне, өзінің жетістіктерін бағалауға бағытталған. Оқуышының конструктивті ойлау жүйесі дамып, саусақтарының ұсақ моторикасы жетіліп, шығармашылық потенциалы ашыла түседі. Роботтық техниканы меңгеру жеткілікті түрде кемелденген тұлғаны қалыптастырады. Өкінішке орай, Қазақстандық оқулықтарда информатика пәні роботтық техниканы жасайтын бағдарламаға негізделмеген. Дегенмен, роботтық техниканы меңгеруге жол ашқан мобильді технологияларды роботты басқару үшін қолдану болып табылады. Негізгі мәселе тек оқу−әдістемелік құралдарда ғана емес, роботтар кешенін алдыру қарапайым мектептер үшін аса қымбатқа түседі. GPS арқылы басқаратын, ашық кодты роботты құрастыру біздің зерттеуіміздің негізгі бағыты болып саналады.
Әдебиеттер:

  1. “Мектепте робототехника оқыту тәжірибесі мен практикасы” Искакова Л.Т., Рахимжанова Г.К

  2. “Оқушыларға робототехника негіздерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері” Сыдыхов Б.Д., Қойшыман Г., Батырхан З.Ә.

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/робототехника



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет