Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет5/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

3. Педоцентристік тұжырымдама. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту смес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы. Оқыту процесі құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау, қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны тексеру, алған білімге сөйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-ойды дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талданады. Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.
4. Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.
Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нерсе бар. Көптеген оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.


2-дәріс: Информатикадан білім мазмұны.
Мақсаты: мектепте информатикалық білім мазмұнының құрылымы мен құрылымдау тәсілдерін меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет