Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет8/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жалпы орта білімнің информатика пәні бойынша жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар қойылған.
"Информатика" курсының мазмұны ақпаратты іздеу, талдау, сын тұрғысынан бағалау, таңдау, ұйымдастыру, беру және өңдеу, нысандар мен үдерістерді модельдеу ептіліктерін дамытуға; есептерді шешу және ақпараттық технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгертуге бағытталған.
Курстың оқу бағдарламасымен нақты нысандар мен үдерістердің ақпараттық модельдерін қолдану, талдау және түрлендіру дағдыларын дамыту; алгоритмдік және есептік ойлау; компьютерлік модель құралдарымен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді.
Оқу пәнінің мазмұны компьютерлік технологиялар арқылы акпараттық үдерістерді іске асыруды, компьютерлік жүйелер және модельдермен жұмыс атқаруды, ақпаратты сақтау әдістерін зерделеуді, интерактивті компьютерлік модельдерді пайдалана отырып модельдеу, визуализациялау және формализациялау үшін тәсілдерді қарастыруды болжайды.
Курс мынадай мазмұндық бағыттарды қамтиды: "Компьютерлік жүйелер", "Ақпарат және ақпараттық үдерістер", "Алгоритмдеу және бағдарламалау" және "Денсаулық және қауіпсіздік."
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты басшылыққа ала отырып, оқу жоспары құрастырылады. Оқу жоспары - мектепте оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша оқу тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
Оқу жоспарында 1-9 сыныптарда инвариативті құраушы, аптасына 1 сағат, 10-11 сыныптарда: жаратылыстану-математикалық бағытта вариативті құраушы, аптасына 4 сағат (физика, химия, биология, информатика пәндерінің екеуін 4 сағатпен оқытады), қоғамдық-гуманитарлық бағытта стандартты деңгейдегі таңдау пәні аптасына 2 сағат (информатика, құқық негіздері, жаратылыстану пәндерінің екеуін 2 сағатпен оқытады) есебімен оқытылады.
Информатика курсының мазмұнын жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
1) информатика мен кибернетика пәндерінің мазмұндық қиылысуы, әлемнің жүйелі-ақпараттық бейнесі, өзін-өзі басқаратын жүйелерді құру және функциясының жалпы ақпараттық заңдылықтары;
2) ақпаратты алу, түрлендіру, тасымалдау, сақтау және пайдалану, компьютер мен баска ақпараттық технологиялық жабдықтар арқылы есептерде шешу;
3) «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру арқылы окушының бойында ұлттық және тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру сияқты аспектілерде каралады.
Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады. Оқу бағдарламасы курс мазмұны мен ауқымын анықтайды. Ол міндетті түрде орындалуы тиіс, өйткені барлық оқушы үшін міндетті деңгейді қамтамасыз етеді. Мұғалім үшін бағдарлама бағдарлаушы қызметін атқарады. Бағдарламадағы мақсаттың қойылуы пәнді оқытуды дұрыс құрастыруға, оқытудың тәсілдері мен формаларын таңдауға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасы информатика пәні бойынша оқушылардың білімділігі, икемділігі мен құзіреттілігіне негізделеді. Оқу пәні білім мазмұнын іске асыратын, меңгеру қажет мазмұнның ажырамас бүтіндігін жалғаушы және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын, мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін аныктайтын нормативтік құжат болып табылады. Оқу пәні білім, әрекет тәсілдері, шығармашылық пен эмоционалды-бағалау сияқты әлеуметтік тәжірибенің барлық элементтерін қамтиды және білім мазмұны құрылымында жалпы мәдениеттің басты құраушысы болып табылады.
Бағдарламаны жасақтауға толықтылық, нақтылық және қызметшілік сияқты дидактикалық талаптар қойылады. Толықтылық алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл-ойының дамуымен тығыз байланыстыру және барлық қажетті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады. Нақтылық дегеніміз бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген мазмұнды нақты оқу үдерісіне енгізу жолдарын көрсететін барлық элементтердің нышандары, білім сипаттаулары және байланыстарын анықтайды. Қызметшілік мазмұнының оқыту үдерісімен бірлігін көрсететін бағдарламаның құрылымы, оның барлық элементтерінің орналасуы мен өзара байланысы оларды меңгерудің іс-әрекеттік жағын, оқыту мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдарын, әдістерді анықтайды.
Оқу бағдарламалары:
• Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
• Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы.
• Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Информатика" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
1-тарау. Негізгі ережелер
2-тарау. "Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
Оқу бағдарламасының мазмұндық бөлігі оқу материалының мазмұны мен оның тарауларының көлемін анықтайды.
Білім, икемділік, дағды және құзіреттілікке қойылатын талаптар оқытудың жоспарлаған нәтижелерін белгілеуге, көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың икемділіктерінің көріну қажеттігін, оқушылардың қандай қасиеттерге ие болуын, меңгерген білімін қолдана білуін айқындайды. Ол білім стандартының талаптарына сай анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер мен бағдарламалық кұралдар тізімі нормативтік құжаттар, оқулықтар, әдістемелік құралдар, дидактикалык материалдар, қосымша оқу-әдістемелік кешендер, қолданбалы бағдарламалық құралдар сияқты бөліктерден тұрады.
Бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу, жан-жақты білім негіздерімен қаруландыру Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы оқу ұзақтығы мен үш деңгейі белгіленеді:
І деңгей - бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)
ІІ деңгей - негізгі орта білім беру (5-9 сыныптар)
III деңгей - жалпы орта білім беру (10-11(12) сыныптар)
2005 жылдан мектептің бастауыш сатысында «Ақпараттық мәдениет негіздері» немесе информатика пәнінің кіріктірілген курсы оқытылады. 2019 жылдан бастап «Информатика» пәні бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технология» деп аталатын болса, 2020 жылдан бастап «Цифрлық сауаттылық» деп атауы өзгереді. Пән бойынша білім жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағаттан, оқу жылында 17 сағат;
2) 2-ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
3) 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағат;
4) 4-ші сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде информатиканы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі 334 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде жүзеге асырылады.
10-11 сыныпта жаратылыстану-математикалық және қоғамдык- гуманитарлык бағыт бойынша түрліше жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет