Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет10/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына 4-қосымша. //edu.gov.kz
2. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған мазмұны бойынша үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 26.07.2019 - №334 бұйрығына қосымша.
3. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 26.07.2019 - №334 бұйрығына қосымша.
4. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін "Информатика" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 26.07.2019 - №334 бұйрығына қосымша.
5. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін "Информатика" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 26.07.2019 - №334 бұйрығына қосымша.
6. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы: "Білім", 2001-196 бет.
7. Медешова А.Б., Мухамбетова Ғ.Г., Амантурлина Г.К. Информатиканы оқытудың теориясы және әдістемесі. Баспаға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің жанындағы "Білім" тобындағы маманд. бойынша оқу-әд.секциясы және ҚР БҒМ РОӘК ұсынған. Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2011.-204 бет.
8. Мұханбетжанова С.М. Мектеп информатикасын оқыту әдістемесі. Алматы, ББЖБ және ҒПКБАРИ, 2006.
9. Малаев В.В. Общая методика преподавания информатики. - Воронеж, ВГПУ, 2005.-271 с.
10. Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Теория и методика обучения информатике. - М.: Академия, 2008.-592 с.
3-дәріс: Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі
Мақсаты: педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін түсіндіру

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


  1. Информатиканы оқтыудың әдістемелік жүйесі

Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесі бес түрлі өзара иерархиалық түрде байланысқан компоненттерден тұрады. Олар : пәнді оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, түрлері мен құралдары (1.2-сурет).



Оқытудың әдістемелік жүйесі дегеніміз – оқушыны оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған, оқу процесінің өзара байланысқан және бір-біріне себепші болатын оқыту түрлерінің, формаларының және жоспарлау мен өткізу құралдарының, бақылау мен сараптаудың, түзетулерінің реттелген жиынтығы [23, 322-б.].
Информатканы оқыту әдістемелік жүйесі – оқыту тәсілдерін алгоритмдеу, жүйелеу, мақсатты анық тұжырымдау негізінде мұғалім мен оқушылардың өзара әр алуан әрекеттестіктерін қамтиды. Сондықтан жүйеде үйретуші (мұғалім) – сабақтардың жетекшісі, ал, үйренуші (оқушы) – оқу объектісі болып табылады (1.3-сурет).
Информатиканы қазіргі оқыту әдістемелік жүйесінің өзіндік сипаттамалары [27]:
- оқу процесін ғылыми негізде жоспарлау;
- теория мен практикалық дайындықтың бірлігі;
- оқу материалын оқытудың жоғарғы деңгейдегі қиындығы мен оны жеделдете оқытылуы;
- оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ізденімпаздығы;
- жеке және ұжымды іс-әрекетерді бірлестіру;
- оқу процесін техникалық оқыту құралдарымен жабдықтау;
- әртүрлі пәндерді кешенді түрде оқыту тәсілдері.
Информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.

Құралда информатиканы оқыту осы ұстанымдардың негізінде қарастырылады. Информатиканың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мазмұны мен өзара байланысы айқыналады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет